Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет190/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Диагностикалық өлшемдері 
Өт-тас ауруы жиі симптомсыз өтеді (латентті фаза 60-80% өт 
қабында тасы бар адамда және 40-20% жалпы өт жолында тасы бар 
адам), ал конкременттер УДЗ жүргізу кезінде кездейсоқ 
анықталады. Өт-тас ауруы диагнозы клиникалық белгілердің (ең 
жиі нұсқа 75% науқаста өт қабы шаншуы) және УДЗ нәтижесіне 
негізделіп қойылады.
Өт қабы шаншуы
 
эпигастрий немесе оң қабырға асты 


349 
аймақтарында, прекардиальды аймақта немесе іштің төменгі 
жартысында диагностиканы қиындататын жедел висцеральды 
ауырсынумен сипатталады.
50% науқастарда ауырсыну арқаға және оң жауырынға, 
жауырын арасына, оң иыққа, сирек кеуденің сол жартысына 
таралады. Өт қабы шаншуының ұзақтығы 15 минуттан 5-6 сағатқа 
дейін болады. Ұзақтығы 5-6 сағаттан асатын ауырсынуды дәрігер 
асқынулармен, бәрінен бұрын жедел холециститпен байланысын 
анықтау керек. Ауырсыну синдромы жоғары терлегіштікпен, 
ауырсынудан 
бет-ауызы қисайып және мәжбүрлі қалыппен 
(бүйіріне қарай аяғын ішіне бүгіп ) көрінеді. Кейде лоқсу және құсу 
болады. 
Ауырсынудың пайда болуы майлы, ащы, хош иісті дәмді тағам, 
ішімдік қабылдау, физикалық жүктеме, эмоционалдық күйзеліспен 
байланысты болуы мүмкін. Ауырсыну өт қабы ішілік қысым және 
Одди сфинктерінің немесе өт қабы түтігінің спастикалық қысқаруы 
нәтижесінде дамитын өт қабы қабырғасының созылуымен 
байланысты болады. 
Өт қабы шаншуы кезінде дене қызбасы жоғарылауы, 
интоксикация симптомымен бірге (астеновегетативті синдром, 
тілдің құрғауы және қапталуы) ұзақ және айқын гипертермия 
байқалуы мүмкін. 
Сарғаюдың көрінуін әдетте өт шығару жолдарының 
обструкциясы белгілері деп қарастырылады. 
Сыртартпа жинау кезінде науқастан бұрын болған іш ауыру 
көріністерін, өт-тас ауруы кезінде өт қабы шаншуының көріністері 
қаншалықты қайталанатынын, ауырсыну сипатын, интенсивтілігін 
біртіндеп зер салып сұрау қажет. Ерекшеемес симптомдар болуы 
мүмкін, мысалы, оң қабырға астында ауырлық сезімі, метеоризм, 
диспепсиялық белгілер. 
 
Физикалық тексерулер 
Бұлшықеттік қорғаныш симптомы көрінуі мүмкін: пальпация 
кезінде оң қабырға астында және алақан қырымен оң қабырға 
доғасын соққылағанда ауырсынудың күшеюі, сонымен қатар, 
Мерфи симптомы (өт қабын пальпациялағанда ауырсынудың 
күшеюіне байланысты тыныс алу биіктігінде еріксіз тыныстың 
тоқтауы).


350 
 
Зертханалық тексерулер 
Өт-тас 
ауруының 
асқынбаған 
ағымында 
зертханалық 
көрсеткіштердің өзгерісі тән емес. 
Жедел холецистит және қосалқы холангит дамығанда 
лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, сарысулық аминотрансферазаның 
белсенділігінің жоғарылауы, холестаз ферменті - СФ, ᵞ-
глутаминтранспептидаза (ГГТП), билирубин деңгейі [51-120 
мкмоль/л (3-7мг %)]. Бауырдың функционалдьды сынамалары 
жоғарылайды 

АСТ, 
АЛТ, 
ᵞ-глутаминтранспептидаза, 
протромбинді индекс, сілтілі фосфатаза, жалпы және тура 
билирубин – холедохолитиазбен және өт шығару жолдарының 
обструкциясымен байланысты.
 
Аспаптық тексерулер 
Өт-тас ауруына күдік туғанда ең алғаш УДЗ жүргізу қажет. Өт-
тас ауруы диагнозы КТ, МРТ, холангиопанкреатография ЭРХПГ 
көмегімен нақтыланады. 
Құрсақ қуысының УДЗ - көбінесе сезімталдық көрсеткіші 
жоғарылығымен және арнайылығымен өт конкременттері үшін 
қолжетімді әдіс. 
Өт қабы аймағының шолу 
рентгенографиясы - өт 
конкременттерін анықтауда сезімтал әдіс болып табылады.
ФЭГДС - асқазан және он екі елі ішек жағдайын бағалау 
мақсатында, холедохолитиазға күдік туғанда он екі елі ішектің 
үлкен емізікшесін қарау мақсатында жүргізіледі.
Пероральды немесе тамыр ішілік холецистография - «істен 
шыққан» өт қабы (бауыр сыртылық өт жолы контрасталады, ал 
қапшық анықталмайды), өт қабы тарылуы немесе бітелуін 
нақтылайтын зерттеудің айқын нәтижесі деп санауға болады. 
Құрсақ қуысы мүшелерінің (өт қабы, өт түтігі, бауыр, ұйқы 
безі) КТ-сы өт тастарының әлсіздік коэффицентін сапалы анықтау, 
конкремент құрамын және олардың тығыздығын анықтау үшін 
жүргізіледі.
ЭРХПГ- жалпы өт түтігіндегі тастың барына күдік туғанда 
немесе басқа ауруларды жоққа шығару және механикалық 
сарғаюдың себебін анықтауда, бауыр сыртылық түтіктерді 
тексерудегі жоғары ақпаратты әдіс. 


351 
Динамикалық холесцинтиграфияны ЭРХПГ-ны жүргізуге 
қиындық туғанда жасауға тура келеді. Өт-тас ауруы науқастарында 
радиофармпрепараттардың 
өт 
қабын 
және 
ішекке 
түсу 
жылдамдығының азаюын анықтайды. 
Магнитті-резонансты холангиопанкреатография - өт шығару 
жолдарындағы УДЗ-де көрінбейтін тастарды анықтауға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет