Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет189/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
Өт-тас ауруы 
Өт-тас ауруы - өт қабы шаншуы (билиарлық, бауырлық) және 
жалпы өт түтігінде немесе өт қабындағы тастың өту 
обструкциясына жауап ретінде жазық бұлшықеттер спазмы және өт 
түтігі ішілік гипертензиясымен (холецистолитиаз) жалпы өт 
жолында 
(холедохолитиаз) 
конкременттердің 
түзілуімен 
сипатталатын ауру.


347 
Өт-тас ауруының мүмкін болатын асқынуларына өт қабы және 
жалпы өт түтігі тасының бітелуі, жедел холецистит және холангит, 
тастың он екі елі ішектің үлкен емізікшесінің өзегіне тұрып қалуы, 
жедел биллиарлы панкреатит, созылмалы холецистит жатады. 
 
Жіктелуі 
Өт тастары: 

Орналасуы бойынша: өт қабында, жалпы өт түтігінде, бауыр 
түтігінде; 

Тастардың санына байланысты: жалғыз және көп. 

Құрамы бойынша: 

Холестеринді- басым холестериннен тұрады, дөңгелек немесе 
сопақша түрде болады,құрамы жақпарланған тастар, диаметрі 4-5-
тен 12-15мм дейін; типтік орналасу өт қабы; 

Пигменттік (билирубиндік) - кішкентай өлшемді; әдетте көп; 
қатты, сынғыш, гомогенді; өт қабында да, өт түтігінде де 
орналасады; 

Аралас (көбінесе жиі анықталады) - жиі көп, әртүрлі түрілы; 
құрамында холестерин, билирубин, өт қышқылы, ақуыз, 
глюкопротеид, әртүрлі тұздар, микроэлементтер кіреді. 
Өт-тас ауруы клиникалық ағым бойынша: 

Латентті түрі (тас тасымалдаушы); 

Біріншілік созылмалы холецистит; 

Өт қабы шаншуы; 

Созылмалы қайталамалы холецистит. 
 
Этиологиясы және патогенезі 
Өт-тасының түзілуіне әкелетін себептер (бірінші кезекте 
холестеринді): 

Әйел жыныс; 

Жасы (жасы қаншалықты үлкен болса, соғұрлым өт-тас 
ауруына күдік); 

Генетикалық және этникалық ерекшеліктер; 

Тамақтану сипаты – жиі холестерині жоғары майлы 
тағамдарды, жануар майын, қант, тәттілерді пайдалану; 

Жүктілік (сыртартпаінде көп реттік босану);

Семіздік; 

Аштық; 


348 

Мықын ішек ауруы – қысқа тоқ ішек синдромы, Крон 
ауруы және т.б.; 

Кейбір дәрілік заттарды қабылдау - киофибрат, эстроген, 
соматостатин және т.б.; 
Тас түзілу үрдісі алдымен қою, тұтқыр өт (биллиарлық сладж) 
түзілуі пайда болады. Холестеринді, пигментті, әк тас
және аралас 
тастарды бөледі. Бір компоненттен тұратын сирек конкременттер 
салыстырмалы сирек. Тастың төсеуші қасиеті холестериннің 
болуымен байланысты аралас түрде болады.
Олар 90%-дан жоғары холестериннен, 2-3% кальций тұзынан, 
3-5% пигменттерден тұрады, билирубин әдетте конкременттің 
ортасында кіші ядро түрінде болады. 
Өзгеріссіз өт жолдарындағы конкременттердің түзілуі ұзақ 
уақыт бойы немесе өмір бойы айқын функционалдық бұзылыстар 
және клиникалық белгілер 
шакырмауы мүмкін болатын 
патологиялық үрдістердің басталуы. Кейде өт шығару жүйесінің әр 
түрлі бөлімдерінің өтімділігінің бұзылыстарын шақыратын 
созылмалы жиі өршуге бейім инфекционды үрдістерге, сәйкесінше 
ӨТА мен оның әр түрлі асқыныстарының туындауына жағдай 
жасайды.
Екіншілік тас түзілуі өт-тас ауруы ағымында өт жүйесінің 
«тар»орнындағы біріншілік тастың бітелуі әсерінен өт бөлінудің 
бұзылуы пайда болады (холестаз, өт қабы гипертензиясы), сонымен 
қатар екіншілік тыртықтық стеноз, әдеттегідей, осы орындарда өт-
ішілік жолы өзегіне енуші инфекцияның дамуы нәтижесінде пайда 
болады. Егер біріншілік тас түзілуінде өттің коллоидты құрылымы 
және құрамының бұзылуы басты рөл ойнаса, екіншілік 
конкременттер холестаздың және өт жүйесінің инфекциясының 
нәтижесі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет