300
шеңбердегі қанайналым жеткіліксіздігі көріністері байқалуы
мүмкін:
Аускультацияда екі өкпенің төменгі бөліктеріндегі ылғалды
кіші
көпіршікті сырылдар;
Дем алғанда үлкейетін, әсіресе көлденең қалыпта мойын
веналарының
ісінуі
(Куссмауль
симптомы),
югулярлы
флебограммада Y күшті төмендеуі (ерте диастолалық толу фазасы);
гепатомегалия.
Жүрек бұлшық еттерінің зақымдалу көріністері жоқ:
перкуссияда жүректің тұйықталу шекаралары кеңеймеген, жүрек
ұшы түрткісі өзгеріссіз. Жүрек аускультациясында кейде митральді
және/немесе үшжармалы қақпақшаларда систолалық шу,
өкпелік
артерия үстінен II тон акценті естілуі мүмкін (өкпелік гипертензия).
ЭКГ өзгерістері ерекше емес, СҚ гипертрофиясы белгілері, ST
сегменті және Т тісшесінің ерекше емес өзгерісі болуы мүмкін. Жиі
қарыншаішілік өткізгіштік бұзылысы және аритмиялар анықталады.
ЭхоКГ көмегімен әдетте бірден диастолалық қызметінің
бұзылысымен (доплер-ЭхоКГ кезінде
рестриктивті тип бойынша
диастолалылқ толу) бірге СҚ қалыпты систолалық қызметін және
өкпе артериясы қысымының жоғарылау белгілерін анықтайды.
ЭхоКГ ДКМП және ГКМП жоққа шығаруға көмектеседі, бірақ
констриктивті перикардитті жоққа шығару үшін ақпаратты емес.
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
қалыпты немесе
шамалы үлкейген жүрек көлемдерін, өкпедегі іркіліс көлемін
көрсетеді.
Жүрек
катетеризациясы
кезінде
диастолалық
дисфункцияның рестриктивті түрін дәлелдейді: қарыншалардағы
қисық қысым «құлау және үстірт» көрінісін көрсетеді.
Соңғы
диастолалық қысым ОҚ қарағанда СҚ жоғары.
Емі
Емдеуді ЖЖ жалпы қағидаларына сай, клиникалық ауырлық
дәрежесінің көрінуіне тәуелсіз жүргізіледі. Жүрек гликозидтерін
жүрек қуысының дилатация болмаған
кезде төменгі әсер етуіне
байланысты тағайындамайды. Аритмияның симптоматикалық
терапиясын жүргізеді. Ауыр аритмия және блокада кезінде
жүрекішілік кардиовертер-дефибрилляторы немесе ЭКС қоюды
қажет етеді.
301
Жүрекішілік тромбтар анықталған
жағдайда тура емес әсерлі
антикоагулянттар тағайындайды.
Гемохроматоз кезінде негізгі аурына әсер ету арқылы жүрек
жұмысын қалпына келтіруге тырысады. Саркоидоз кезінде ГКС
миокардтағы патологиялық өзгерістерге әсер етпейді.
Эндокардиалды фиброз кезіндегі эндокард резекциясы
митралды қақпақшаны протездеу науқастың жағдайын кейде
жақсартады.
Жүрек трансплантациясы жалғыз түбегейлі
дұрыс әдіс болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: