Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет192/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Созылмалы панкреатит 
Созылмалы панкреатит - бездің экзо- және эндокринді 
қызметінің дамуының және мүше паренхимасының дәнекер тінге 


354 
баяу алмауы үрдісімен, өршу кезінде жедел қабыну көріністерімен 
көрінетін ұйқы безінің прогрессирлеуші қабынулық ауруы.
Жіктелуі 
Еуропалық елдерде қабылданған (1989) Марсель-Рим жіктелуі 
созылмалы панкреатиттің мынадай клиникалық түрлерге бөледі:
-
Созылмалы обструктивті панкреатит ұйқы безінің негізгі 
өзектерінің обструкциясы нәтижесінде дамиды. Обструкция 
дистальды бөліктердің зақымдалуымен пайда болады, ол біркелкі 
және өзек ішінде тастың пайда болуымен көрінеді. Созылмалы 
панкреатиттің осы түрінде клиникалық көрінісі үнемі ауырсыну 
синдромымен көрінеді. Созылмалы обструктивті панкреатит 
хирургиялық жолмен емделеді. 
-
Созылмалы кальцифирлеуші панкреатит - көрші бөліктерінің 
қарқындылығымен ажыратылатын ұйқы безінің біркелкі емес 
лобулярлы зақымдануымен жүреді. Өзекшеде ақуыздық преципитат 
немесе кальцификат, тас, кисталар және жалған кисталар, стеноз 
және атрезия, сонымен қатар ацинарлы тіннің атрофиясы 
байқалады. Созылмалы панкреатиттің осы түріне бастапқы 
кезеңдерінде жедел панкреатитті еске түсіретін көрінісінде 
қайталамалы өршімелі ағым тән.
-
Созылмалы қабынулық (паренхиматозды) панкреатит ұйқы 
безінің паренхимасын фиброзды бөліктер және инфильтратты 
мононуклеарлы жасушалардың орын басуымен және ошақты 
қабынудың дамуымен жүреді. Созылмалы панкреатиттің бұл 
түрінде ұйқы безі өзекшелерінің кальцификатты зақымдалусыз 
жүруі тән. Экзо- және эндокринді жеткіліксіздік көріністері баяу 
үдейді және ауырсыну синдромы болмайды.
-
Ұйқы безінің фиброзы бездің паренхимасының көп бөлігінің 
дәнекер тін басуымен және экзо- және эндокринді жеткіліксіздігінің 
үдеуімен жүреді. Созылмалы панкреатиттің басқа түрлерінің соңғы 
кезеңінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет