357
Кейбір науқастарда ұйқы бездің сыртқы секреторлы
жеткіліксіздігі
және
ішектегі
қорытылумен
сіңірілудің
бұзылысынан, сондай ақ ауырсынуға байланысты тағам
қабылдауды шектеу салдарынан арықтау байқалады. Арықтауға
сонымен бірге, тәбеттің төмендеуі, науқастардың қатаң диетаны
сақтауы, ауырсыну ұстамалары, созылмалы панкреатиттің ағымын
ауырлататын қантты диабетпен ауыратын науқастардың жеңіл
қорытылатын көмірсуларды шектеуі алып келеді.
Майда еритін дәрумендердің (А, Д, Е, К) жеткіліксіздігі сирек
байқалады және көбіне ауыр, ұзақ стеатореямен зардап шегетін
науқастарда.
Эндокринді жеткіліксіздік
Шамамен науқастардың 1/3 гипогликемиялық синдром
түрінде көмірсу алмасуының бұзылысы дамиды және солардың тек
жартысында ғана қантты диабеттің клиникасы байқалады. Бұл
бұзылыстардың даму негізінде аралшық аппараты жасущаларының
зақымдалуы жатыр. Нәтижесінде тек қана инсулиннің емес,
глюкагонның да жеткіліксіздігі дамиды. Бұл панкреатогенді қант
диабеті ағымының ерекшелігін түсіндіреді.: гипогликемияға бейім
болуы,
инсулинді
аз
мөлшерде
қабылдауға
қажеттілік,
кетоацидоздың тез дамуы, тамырлық және басқада өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: