Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет87/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

БРОНХОЭКТАТИЯЛЫҚ АУРУ 
Бронхоэктатиялық ауру (БЭА) - бронх қабырғасының іріңді - 
қабынулы бұзылыс нәтижесінде бронхтың қайтымсыз кеңеюі.
 
Жіктелуі 
Даму уақтына байланысты: 
1.
Туа пайда болған бронхоэктатиялық ауру
2.
Жүре пайда болған бронхоэктатиялық ауру 
Даму себебі бойынша: 
1.Ателектатикалық бронхоэктатиялық ауру – бұл бронхоэктаз, 
өкпенің ателектаз аймағында дамиды және көп бронх ағашының
бір қалыпты кеңеюімен сипатталады; бұл кезде өкпе тіні «араның 
ұясы, балауызға» ұқсас көріністері болады.
2. Деструктивті бронхоэктатиялық ауру – әдетте, қапшық 
тәрізді бронхоэктаз, бронх және оның айналасындағы тіндердің 
іріңдеуінен дамиды. 
3.Бронхиттен 
кейінгі бронхоэктатиялық ауру – бұл 
бронхоэктаз, созылмалы бронхит әсерінен бронх қабырғасының 
дистрофиялық өзгерісінен немесе жедел бронхитте бронх 
қабырғасының іріңді балқуынан немесе тонусының бұзылысынан 
дамиды. 


158 
4.Стеноздан кейінгі бронхоэктатиялық ауру – бұл бронхоэктаз, 
тарылған бронх орнында қабырға атониясы және шырыш 
іркілісінен дамиды. 
5. Ретенционды бронхоэктатиялық ауру – бұл бронхоэктаз
бронх қабырғасының тонусының төмендеуінен немесе бронхты 
шырыштың созылуынан (мысылы; муковисцидоз) дамиды. 
 
4 - сурет . Бронхоэктатиялық ауру 
 
Этиологиясы мен патогенезі 
Бронхоэктатиялық аурудың даму себебі осы күнге дейін 
белгісіз. Қоздырғыштардың аралас түрде әсер етуінен және 
бронхтық ағаштың толық генетикалық дамымауынан болуы 
мүмкін. 
Пневмакок, стафилакок, гемофилді таяқша сияқты бронх 
ағашында іріңді үрдіс туғызатын инфекциялық қоздырғыштар 
бронхэктазияның өршуінің себебі ретінде қарастырылады. 
Бронхоэктазияның дамуында айқын ролді бронх ағашының 
генетикалық негіздегі жеткіліксіздігі, яғни ол өз кезегінде, әсіресе 
балалық 
шақта 
бронхтардың 
қабырғасының 
механикалық 
құрлымының бұзылуына алып келеді. Бронхэктаз бен жоғарғы 
тыныс жолдарының арасында тығыз байланыс бар. Бронхоэктазия 
жөтелу 
механизімінің 
бұзылуына, 
кеңейген 
бронхтардың 
шырышының инфицирленуіне және олардың тұрып қалуына,
іріңді үрдістің өршуіне, созылмалы ағымның дамуына алып келеді. 


159 
Бронхоэктаз ауруының негізінде - пайда болған бронхоэктаз 
іріңдеуі жатыр. Өзгерген шырыш көбінесе бронх ағашаның төменгі 
бөлігіне жиналады (жоғарыдан төмен қарай сырғу тәтижесінде). 
Үрдістің төменгі бөліктік болуы осымен түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет