Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет88/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Диагостикалық өлшемі
Жөтел іріңді қақырықпен, үнемі ерте таңертең ұйқыдан 
оянғанда және кешкі ұйықтайтын уақыт алдында пайда болуы.
 
Қанды түкіру
 
Тыныс алғанда кеуде ауырсынуы
 
Кеуде қуысының қорап тәрізді болуы
 
Тырнақтардың «сағат әйнегі» сияқты болуы
 
Қол саусақтарының «дағыра таяқшасы» тәрізді болуы
 
Жалпы қан талдауы
 
Қақырықты зерттеу
 
Рентгендік зерттеу
 
Инфекцияқ үрдіс немесе қан түкірумен асқынбаған жағдайда 
бронхография жүргізіледі, сонымен қатар бронхиолдық секрет 
контрастық заттың өтуін тежейді, ал пневмония бронхтардың 
уақытша кеңеюін тудырады. Қарсы көрсеткіш - йод өтімсіздігі.
 
Компьютерлік томография
 
Фибробронхоскопия 
Емі 
Бронхоэтатиялық аурудың негізгі кешенді консервативті емі 
бронх ағашын тазартуға бағытталады. 
Тазарту әдісі былай деп бөлінеді: 

енжар (позиционды дренаж және қақырыққа қарсы 
препараттар қабылдау) 

белсенді (бронх ішіндегісін сорып алу, жуып және
тазалаған соң бронхқа дәрілік заттар енгізу). 
Позиционды шығаруды бронхоэтаздар орналасуына сәйкес 
өткізіледі. 
Позиционды шығаруды күніне 2 реттен көп өткізбеу керек 
(таңертең ұйқыдын тұрғанда және кешке ұйықтардың алдында). 
Бронхоэктатиялық аурудың өршуі кезінде бронхиалдық ағашты 
толығымен босату үшін шығаруды бірнеше рет қайталау қажет.
Сондай–ақ қақырықтың түсуіне тыныс алу гимнастикасы, 


160 
кеуде қуысының дірілдеуші уқалауы емдік әсер етеді.
Шығарудың тиімділігі қақырық түсіретін және 
қақырықты сұйылтатын препараттарды бірге тағайындағанда
жоғарылайды.
Ацетилцистеин 2–3 рет күніне, балаларға 5 жасқа дейін – 100 мг 
бір қабылдауға, 5 жастан жоғарылар мен үлкендерге – 200 мг.
АЦЦ 600 лонг 1 рет күніне, 12 жастан асқан балалар мен 
үлкендерге.
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымы мен сипатына 
байланысты болады. 
Бромгексин: балаларға 3-тен 5жасқа дейін 4 мг 3 рет күніне, 6-дан 
12 жас – 8 мг 3 рет күніне, жасөспірімдер мен үлкендерге – 12 мг 3 
рет күніне. 
Амброксол: балаларға 5 жасқа дейінгі 7,5 мг 2–3 рет күніне, 5 
жастан асқандарға – 15 мг 3 рет күніне, 12 жастан асқандарға 30 мг 
3 рет күніне немесе 1 қаптама ретард күніне. 
Қаптаманың ретард түрі тыныс алу жолдарының созылмалы 
ауруы бар науқастарға тағайындалады. Емдеу ұзақтығы 1 ден 3-4 
апта, ол ауру сипатына және алынатын әсеріне байланысты. 
Микробқа қарсы препарат іріңдеуді шақырған микроб 
сезімталдығына және сипатына байланысты тағайындайды. Қажетті 
әсер алу үшін және антибиотиктердің жоғарғы концентрациясына 
жету үшін іріңді аймаққа екі немесе үш әр түрлі спектрлық әсер 
ететін антибиотиктердің барынша жоғары концентациясын 
тағайындау қажет. 
 
Хирургиялық ем: 
Бронхоэктатиялық аурудың кез келген түрі 
және жасы 5-6 айдан 40 жасқа дейінгі созылмалы қабынулық 
көрінісі бар науқастар хирургиялық емге көрсеткіш болады. 40 
жастан асқан адамдарға отаға көрсеткіш бронхоэктатиялық
аурудың асқынған түрілар: өкпеден қан кету, абсцедирлену, 
тұрақты ателектаз, аспергилломма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет