Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Самай беті, facies temporalis,  самайастылық



Pdf көрінісі
бет22/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Самай беті,
facies temporalis, 
самайастылық
қыр,
crista infratemporalis
арқылы екі алаңға бөлінген, олардың жоғарғысы
самай, ал төменгісі самайасты шұңқыршаларының медиалды қабырғаларын
түзеді.
Қанаттәрізді өсінді, 
processus pterygoideus, 
бассүйектің сыртқы
негізінде орналасқан, алдынан бір-бірімен бітіскен, ал артынан ашық екі
табақшадан, 
lamina lateralis et lamina medialis processus pterygoideus
тұратын
түзіліс. Медиалды табақша төменінде қанат тәрізді ілмекпен 
hamulus
pterygoideus 
аяқталады.
Сүйектің денесінің ішінде өзі аттас үлкен тесікпен жоғарғы мұрын
қалқанының артынан мұрын қуысына ашылатын 
сынатәрізді қойнау,
sinus sphenoidalis
орналасқан.
Сынатәрізді сүйек даму тұрғысынан аралас.
Оның үлкен қанаттарының латералды бөліктері, қанаттәрізді өсіндінің
медиалды табақшасы (қанаттәрізді ілмектен басқа) және сынатәрізді қалқан


34 
даму үрдісінде екі сатыны өтсе, қалған бөліктері кейінгі сүйектерге
жатады. 
Самай сүйек,
os temporale,
төрт бөліктен: 
қабыршақтық, 
squama
temporalis;
емізіктәрізді,
pars mastoidea;
дабылдық,
pars tympanicа
және
тасты (пирамида), 
pars petrosa (pyramis)
құралған. Самай сүйектің
қабыршағы бассүйектің төбесін құрауға қатысса, дабыл және тасты бөліктері
оның негізін жасайды. Дабыл бөлігі және бассүйектің сыртқы негізінде
сыртқы есту өтісін шектейтін жұқа табақша.Тасты бөліктің 3 жиегін, 3 бетін
және ұшын айырады. Алдыңғы және жоғарғы жиектері; 
margo anterior et
margo superior,
ортаңғы бассүйек шұңқырына қараған алдыңғы бетін
шектейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет