Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет167/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

циклдік) 
деп аталып аз уақыттан кейін ақшыл 
денеге (corpus albicans) айналады, ол өз ретінде біртіндеп өшіп кетеді. Егер жүктілік 
басталса (овоцит ұрықтанғанда) онда сары дене 
жүктілік 
деп аталып екіқабат кезеңнің 
өне бойында эндокриндік без қызметін атқарады, соңында олда ақшыл денеге айналады. 
Анабез беті бірқабатты ұрықтық эпителиймен қапталған, астында дәнекертіндік ақ қабық 
(tunica albuginea) жатыр. Әр анабез жанында қосалқылар (epoophoron) орналасқан. 
Қосалқы, ирелең пішімді бойлық және көлденең түтіктерден құралған. 
Анабездер, анабез артерияларымен жатыр артериясының анабез тармақтарымен 
қамтамасыз етілген. Веналық ағым, аттас артерияларымен қатар жүреді. Лимфа ағымы, 
белдік лимфа түйіндеріне барады. 
Анабез ішкі ағзалық жамбас нервтерінен, қолқаның іштік бөлігі мен төменгі құрсақасты 
өрімдерінен нервтенеді. 


207 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ЕРКЕК ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ 
 
 
ЕРКЕК ЖЫНЫС МҮШЕСІ НЕСЕП ШЫҒАРАТЫН ӨЗЕК ЖӘНЕ ҰМАНЫҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ, НЕРВТЕНУІ 
ЖЫНЫС МҮШЕ( penis) несеп пен шәуетті шығару қызметін атқарады. Жыныс мүшесі 
денесінен (corpus penis), басынан (glans penis), түбірінен (radix penis) және арқашығынан 
(dorsum penis) тұрады. Басының ұшында несеп шығаратын өзектің тесігі бар. Жыныс 
мүшесі ішкі бетінде бездері бар алдынғы бөлігі күпек (қатпар) (preputium penis) түзетін 
еркін жылжымалы терімен жабылған. Күпектің төменгі бөлігі жүгеншік (frenulum penis) 
арқылы басымен байланысқан. Жыныс мүше симметриялы орналасқан үңгірлі денелерден 
(corpus cavernosus penis) және астында жатқан цилиндр тәрізді кеуекті денеден (corpus 
spongiosum penis) құралған.Үңгірлі денелер ақ қабық арқылы бір-бірінен бөлінген және 
сыртынан қапталған, олардың медиальді беттері ғана ақ қабықпен бітіскен. 
Үңгірлі денелер артқы шеттері аяқшалар (crura penis) деп аталып шат сүйегіне бекиді. 
Кеуекті дене меншікті ақ қабығымен қапталған. Екі кеңейген шеттерін ажыратады, 
алдыңғы- басы (glans penis) артқы-буылтығы (bulbus spongiosus). Ақ қабықтан денелердің 
ішіне көптеп дәнекертінді қалқалар еніп оларды 
каверналарға 
(қуыстар) бөледі. 
Каверналар 
қанға толғанда эрекция (қатаю) басталады.Үңгірлі және кеуекті денелер 
беткей және терең шандырлармен жабылған. Жыныс мүшесі беткей және терең ілгіш 
байламдармен бекітілген. Қанмен жыныстық ішкі және сыртқы артерияларымен 
қамтамасыз етіледі. Веналық ағым, ішкі жыныстық венаға құяды. Лимфа ағымы, ішкі 
мықындық және беткей шаптық лимфа түйіндеріне барады. Нервтенуі, жыныстық нерв 
(сезімтал) төменгі құрсақастылық өрім (симпатикалық), ішкі ағзалық жамбас нервтері 
(парасимпатикалық) арқылы. Несеп шығаратын өзек (urethra masculinа), ішкі тесікпен 
(ostium urethrae internum) несеп қуық қабырғасынан басталып сыртқы тесікпен (ostium 
urethrae externum) жыныс мүшесі басының ұшында аяқталады. Уретраның ұзындығы 
25см-ге дейін болса, диаметрі 8мм шамасында. Несеп шығаратын өзек жолында простата, 
несеп-жыныс көкеті және 
кеуек 
дене арқылы өтеді, осыған сәйкес үш бөлігін ажыратады: 
простаталық (pars prostatica), жарғақтық (pars membranacea) және 
кеуектік 
(pars 
spongiosa). Жарғақтық бөлігі ең қысқа және тар бөлігі болса (1,5 см), 
кеуектік 
бөлік ең 
ұзыны (18см-ге дейін) несеп шығаратын өзек S-тәрізді, оның үш физиологиялық 
тарылуын ажыратады: ішкі және сыртқы тесіктер маңы мен несеп-жыныс көкеті арқылы 
өтетін аймағы. Несеп шығаратын өзек шырышты қабықтан, шырышты бездерге бай 


208 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет