Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет180/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
2.
Артқы қабырғааралық артериялар (aa.intercostales posteriores), әрқайсысы медиальді 
терілік тармақ (r.cutanеus medialis), латеральді терілік тармақ (r.cutanеus lateralis) 
және арқалық тармақ (r.dorsalis) береді. 
Қолқаның іштік бөлігінің тармақтары висцеральді (ағзалық) және париетальді 
(қабырғалық) болып бөлінеді. Висцеральді тармақтар өз ретінде жұп және тақ болады. 
Жұп ағзалық (висцеральді) тармақтар: 
1.
Анабездік (атабездік) артерия (a.ovarica, a.testicularis), анабездік артерия, түтіктік 
тармақтар (rr.tubarii) және несепағарлық тармақтар (rr.ureterici), ал атабездік 
артерия, қосалқылық тармақтар (rr.epididymales) мен несепағарлық тармақтар 
(rr.ureterici) береді. 
2.
Бүйрек артериясынан (a.renalis), несепағарлық тармақтар (rr.uterici) және төменгі 
бүйрекүстілік артерия (a.suprarenalis inferior) шығады. 
3.
Ортаңғы бүйрекүстілік артерия (a.suprarenalis media) жоғарғы және төменгі 
бүйрекүстілік артериялармен қосылады (анастомоз). 
Тақ ағзалық (висцеральді) тармақтар: 
1.
Құрсақ сабауы (truncus coeliacus) үшке бөлінеді: а) көкбауыр артериясы (a.lienalis) 
тармақтар береді: ұйқы безіне (rr.pancreatici), қысқа асқазандық артериялар 
(aa.gastricae breves) және шарбылық, асқазандық тармақтары бар, сол асқазан- 
шарбылық артерия (a.gastroepiploica sinistra), б) жалпы бауыр артериясы (a.hepatica 
communis) бөлінеді: меншікті бауыр артериясына (a.hepatica propria) және асқазан- 
он екі елі ішек артериясына (a.gastroduodenalis). Меншікті бауыр артериясы оң 
асқазандық артерия (a.gastrica dextra), оң және сол тармақтар береді, оң тармақтан 
өтқуық артериясы (a.cystica) шығады. Өз ретінде гастродуоденальдық артерия, 
жоғарғы ұйқы без-он екі елі ішек артерияларына (aa.pancreaticoduodenales 
superiores) және оң асқазан-шарбылық артерияға (a.gastroepiploica) бөлінеді. в) сол 
асқазандық артерия (a.gastrica sinistra) өңештік тармақтар (rr.oesophagealis) береді. 
2.
Жоғарғы шажырқайлық артерия (a.mesenterica superior). Тармақтары: а) оң жиек 
ішектік артерия (a.colica dextra), ортаңғы жиек ішектік және мықын-жиек ішек 
артерияларының тармақтарымен қосылады, б) отраңғы жиек ішектік артерия 
(a.colica media) оң және сол жиек ішектік артериялармен қосылады, в) мықын-жиек 
ішек артериясынан (a.iliocolica) шығады: құрттәрізді өсінді артериясы 
(a.appendicularis), жиек ішектік артерия (r.colicus) алдыңғы және артқы соқыр 
ішектік артериялар (aa.caecalis anterior et posterior), г) төменгі ұйқы без-он екі елі 


221 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет