Томазо Кампанелла
(1568-1639)
болды. Италияны Испания озбырлығынан азат ету үшін күрескені
үшін оны зынданға тастады. 27 жыл қамауда отырған Кампанелла
206
осы жерде жекеменшік пен теңсіздік жойылған қоғамдық құрылысты
бейнелеген «Күн қаласы» (1602) деп аталатын романын жазды.
Бұл шығарма идеялық жақтан ағылшын гуманисі Томас Мордың
«Утопия» атты романымен мазмұндас болды.
Кампанелла «Философиялық өлеңдер» жинағына енген
сюжеттерінде өнердің халыққа қызмет етуі ұлы міндет екендігі
туралы, ғылым, білімге қызығу, табиғатқа жақындау және үйрену
керектігі жайлы айтады.
Қайта өрлеу дәуірі қайраткерлерінің бірі астроном, физик және
жаратылыстанушы ғалым Галилео Галилей болды (1564-1642).
Ол шіркеу қуаттап келген «Күн Жерді айналады» дейтін түсінікке
күман келтіріп, керісінше, «Жер Күнді айналады, Күн де өз осінде
әрекет етеді» деген Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін қолдайды.
Мұндай пікірлері үшін ол инквизиция сотына беріліп, қуғындалады.
Галилей ғылымда әрқандай тылсым күштерге орын жоқ екендігін
айтып, Құдайды жаратылыс дүниесінен қуып шығады және оған тек
материяны әрекетке келтіруші «алғашқы қозғалыс» беруші қызметті
ғана қалдырады. Галилей «Терцинадағы өлеңдер» жинағымен де
кең танылған болатын. Мәселен, «Тассо дастаны туралы пікірлер»
деп аталатын туындысында гуманистік идеялардан бас тартып,
тұрмыстық оқиғалар мен діни аңыздарды араластырып жіберген,
реализмнен қол үзген Тассоны және оның «Азат болған Құдыс»
шығармасын сынайды. Ізшіл, табанды гуманист жазушы Ариосто
шығармашылығын оған қарсы қояды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қайта өрлеу қозғалысының Италияда пайда болуының негізгі
себептері неде?
2. «Петраркалық стиль» еуропалық ренессанстық поэзияның
дамуына қандай әсер етті?
3. Боккаччоның «Декамерон» туындысының итальян көркем
прозасының дамуына әсері қандай болды?
4. Дантенің «Құдіретті комедия» шығармасы қай кезеңде
жазылды?
5. Данте шығармашылығына әсер еткен ежелгі рим қаламгері
кім?
6. Дантенің 700 жылдық мерейтойы қай жылы атап өтілді?
7. Итальян гуманизмінің қайшылықтары неде еді?
8. Кампанелланың өнерге көзқарасы қандай?
207
2-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |