Жеделхолецистит Өт қабында қабыну үрдісін тудыратын жағдайлар болып, көбінесе өт қабында өттің іркілуі, өт қабына паразиттердің енуі және энтерогенді, гематогенді, лимфогенді жолмен инфекцияның енуі жатады. Аурудың ағымы этиологиялық факторлар мен өт қабындағы қабыну үрдістердің сипатына тығыз байланысты болады (катаральды, флегмонозды, гангренозды). Инфекциялық холециститке аурудың жедел басталуы тән, көбінесе баланың басынан өткерген ауруларымен тығыз байланысты (баспа, инфекциялық гепатит, жоғары тыныс жолдарының катары т.б.), іште бірнеше минутқа созылатын ұстама тәрізді ауырсыну пайда болады. Ересек балалар ауырсыну локализациясын анық көрсетеді: аурудың басында - оң қабырға астын, келесі күні – іш аймағында, көбіне оң жақта. Ауырсыну бұғана асты аймағына, жауырынға беріледі. Көбіне балаларда, әсіресе кішкентай балаларда ауырсыну локализациясын анықтау қиынға соғады. Дене қызуы көтеріледі, склераның аздап сарғаюы, диспепсиялық бұзылыстар пайда болады. Ішті пальпациялағанда іш қабырғасының оң жақ жоғарғы бөлігінде бұлшық еттердің тартылғандығы, іш тітіркенуінің оң симптомы анықталады. Бауырда - көлемінің ұлғаюы, ауырсынуы байқалады. Қабыну үрдісінің өршу кезеңінде қан құрамында лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы, эозинофилия жиі анықталады. Қабыну үрдісінің флегмонозды, гангренозды түрінде аурудың клиникалық көрінісі анық симптомдармен сипатталады: ауырсыну кенеттен пайда болады, құсу, дене қызуының жоғарылауы тән. Науқастың жағдайы ауыр, интоксикация симптомы анық байқалады. Тілі құрғақ, құрғақ жабындылы. Іші кепкен. Құрсақтың алдыңғы қабырғасының кернеулігі іштің оң жағында анықталады.
Дуоденальды зондтау арқылы инфекционды холециститті лямблиозды холециститтен ажыратуға болады.
Венаішілік холангиохолецистографияда өттің әр түрлі мөлшерінің (порция) тегіс емес араласуы, өт қабының негізгі функциясының бұзылысының куәсі - өт концентрациясы шырышты қабаттың қабыну салдарынан.
Жедел холециститті жедел аппендициттен, панкреатиттен және өзге құрсақ қуысы ағзаларының жедел қабыну ауруларынан ажырату қажет.
Балаларда хирургиялық әдіспен катаральды холециститті емдеу сирек қолданылады. Операцияға көрсеткіш: баланың жалпы ауыр жағдайы мен перитониттің клиникалық көрінісі. Іш қуысын ашқан құрамында сары түсті лайлы түзілісті анықтауға болады. Іш пердесі қалыңдаған және гиперемияланған. Өт қабы, бауырдың оң жиегі мен гепатодуоденальды байлам фибринді жабындымен жабылған, инфильтрацияланған. Өт қабы ұлғайған, ересек адамның жұдырығы мөлшеріндей, кернеулі. Өт қабының және жалпы өт өзегінің пальпациясын жүргізу қажет.
Типті, «түбінен» жасалған холецистэктомия кезінде, өттің орналасқан жерін жарып және оның аймағына тампон енгізеді және антибиотик енгізуге микроирригатор қолданылады.