Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет121/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

УЛК(ЛИИ)= (С+2Т+3Ж+4Ми) х(Пл+1),
(М+Ли) х (Э+1)
С –сегментоядролы; Т –таяқшаядролы; Ж – жетілмеген; Ми – миелоциттер; Пл – плазматикалық жасушалар; М – моноциттер;
Ли – лимфоциттер; Э – эозинофилдер.

Формулаға барлық көрсеткіштер пайыздық қарым-қатынастарына қарай енгізіледі, тек плазматикалық клеткалар және эозинофильдердің абсолютті саны енгізіледі. Эозинофильдердің абсолюттік санын есептеу үшін келесі формула қолданылады:


Э, абс.саны. = Л х Э,%


100%
Л – лейкоциттер; Э – эозинофилдер.
Қалыпты жағдайда уыттанудың лейкоцитарық көрсеткіші бала өмірінің 4 тәулігінде және ары қарай-0,6-1,2.
Стафилококктық инфекцияда уыттанудың лейкоцитарық көрсеткіші (индексі) 1,0-ден аз (токсикозсыз ошақты инфекция кезінде – 0,42-ден төмен, токсикозбен ошақты инфекция кезінде -0,42-0,64; сепсис кезінде – 0,65-тен жоғары). Граммтеріс және стрептококктық инфекция кезіндегі уыттанудың лейкоцитарық көрсеткіші - 1,2-ден жоғары.
Қабыну үрдісінің болуын және оның анық көрінуін С-реактивті белоктың болуынан анықтауға болады. Иммунологиялық жағдайды, иммунитет дәрежесін зерттеу, ауыр жағдайлы балаларда созылмалы және аурудың қайталамалы түрінде міндетті болып табылады. Зақымдану ошағының бөлінділерін тек микробиологиялық зерттеулермен қатар, организмнің жалпы биоценозын да бағалау керек. Осындай сырқатты балаларда, 3 жасқа дейінгі балаларда, анамнезінде антибиотиктерді бірнеше рет қабылдағаны белгілі болса, ұзақ және жиі ауыратын балаларды тексеру кезінде біріншілік және екіншілік ошақтарының флорасы бір бірімен сәйкес келмеуі екенін есте ұстау керек. Басты қоздырғыштардың көрінуіне міндетті түрде организмнің биоценозын, перифериялық қан реакциясын, қандағы арнайы (спецификалық) антиденелердің титрін анықтау керек.
Ауыр науқастарда көпағзалық (полиоргандық) жетіспеушілік синдромы кезінде, міндетті түрде қанның, зәрдің биохимиялық құрамын және электрофизиологиялық әдістерді қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет