Аппендицит ауруы нәтижесiнде байқалатын перитонит. Аппендициттiң әсерiнен пайда болған перитониттiң клиникасы 3 сатылы үрдіс. V.3 кестеде перитониттiң сатылары берiлген (С.Я.Долецкий, В.С.Щитинин, А.С.Араповтың кiтабынан, 1982 жыл).
Емдеу. Тек хирургиялық тәсiлдер арқылы iске асырылады. Перитониттi емдеу кезiнде Краснобаев ұсынған 3 принципті толық сақтау қажет. Операция жасалар алдында хирургиялық кезеңнің сәттi өтуi үшiн операция алдында дайындық жүргiзiлуi қажет.
Кесте V.3
Аппендикулярлық перитониттің даму сатылары
Клиника-сы
|
Даму сатылары
|
|
І-бастапқы
|
ІІ-аурудың айқын далып қозуы
|
ІІІ-соңғы
|
Аурудың ұзақтығы
|
2-3 күн
|
2-4 күн
|
4-6 күннен ары қарай
|
Аурудың жағдайы
|
Орта дәрежедегi ауырлықта
|
Орта дәрежедегi ауырлықта неме се жағдайы ауыр
|
Жағдайы өте ауыр
|
Гомеостаздың бұзылуы
|
Аз дәрежеде бiлiнедi
|
Ауыр дәрежеде байқалады
|
өте ауыр дәрежеде байқалады
|
Аппенди
циттiң түрi
|
Шел түрiнде немесе iрiп шiрiген түрiн де бiлiнедi
|
Iрiп-шiрiген түр де немесе iрiп-шiрiп тесiлген түрде байқалады
|
Iрiп-шiрiп тесiлген түрде байқалады
|
Iш пердесiнiң өзгерiстерi
|
қызарып көрiнедi
|
Қызарып,iсiнiп, фибрин пленка-ларымен көмке-рiлiп көрiнедi
|
қызарып, қатты инфиль трат түрiнде iсiнiп, фибрин өңезбен көмкерiлiп, iшек арасында әр түрлi деңгейегi iрiңдiкпен көрiнедi
|
Iрiңнiң түрi
|
қан сарысуы на ұқсас, қой-малжыңдау iрiң
|
Көп көлемде сұйық iрiң бары анықталады
|
Көп мөлшерде өте жағымсыз қою iрiң
|
Iшектер-дiң парезi
|
Болмайды
|
Аздап байқалады
|
Өте қатты бiлiнедi
|
Операция алдындағы дайындық. Операция алдында жасалатын арнайы дайындық ағзадағы су мен элкстролиттердiң тепе-теңдiгiн қалпына келтiруге, жеткiлiксiз болған ақуыздардың концентрациясын толықтыруға, гемодинамиканы тұрақтандыруға және инфекцияға қарсы күрес жүргiзуге арналады. Операция алдындағы дайындық жұмыстарын жүргiзудi перитониттiң клиникасына сүйене отырып, 3 деңгейде атқаруға болады.
Перитониттiң 1 сатысы. Аурудың ұзақтығы 1 күннен аспағанда, құсу 1-2 рет байқалғанда, баланың ақыл-есi өз қалпында, терiсiнiң түсi өзгермей, тiлi жұмсақ, аздаған ғана ақ-сұр өңезбен көмкерiлген, дем алу жиiлiгi қалыптағыдан 20-80 -ға, дене қызуы 380С-қа дейiн көтерілгенде, тамыр жиiлiгi 20-25% артқанда, гемокритпен орталық веналық қан қысымы өз деңгейiн сақтағанда жүргiзiледi. Осы айтылғандармен бiрге бұл кезде iштiң оң жамбас тұсындағы еттерi қатаяды, iш пердесiнiң қабыну белгілері айқын анықталады. Лейкоциттердiң саны артады. Дайындықтың І-ші деңгейi мына көлемде iске асырылады:
Венесекция жасалынады немесе бұғана асты венасына арнайы түтiкше қойылады.
Дымқылданған оттегiн мұрын жолына арнайы түтiкше арқылы жiберiледi.
Баланың жасына сәйкестендiрiліп промедол еңгiзіледi.
Антипиретиктер берiледi.
Кең спектрлi антибиотиктер еңгiзiледi.
Вена қан тамырына жоғары концентрациялы ерiтiндiлер жiберiледi.
Гистаминге қарсы қолданылатын пипольфен, димедрол, дипразин, тавегил дәрiлерi берiледi.
Рингер ерiтiндiсi немесе гемодез дәрiлерi шамамен 3-5 мл/кг мөлшерінде қанға жiберiледi.
10 қант ерiтiндiсiне С және В тобының витаминдерiн қосып және инсулин араластырып қан тамырға жiберiледi.
10.Жүрек глюкозидтерiн корглюкон, строфантин (баланың жасына қарай) қан тамырына енгiзедi.
11.Операция алдындағы дайындықтың ұзақтығы 2 сағаттан аспайды. Осы уақыттың iшiнде қанға 1 тәулiкте құйылатын сұйықтықтың 1/6 бөлiгi жiберiледi. Құю жиiлiгi бiр минутына 40-60 тамшыдан аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |