Перитониттiң 2 сатысы. Аурудың ұзақтығы 3 күннен асқанда баланың 3-5 рет құсумен, зәрдiң азаюымен, iштiң өтумен, ес-түсiнiң сақталуымен, кейде эйфория немесе есеңгiреуiмен байқалады. Аурудың терiсiнiң түсi қатты бозарып, мұрын-ерiн үшбұрышы көгередi. Дем алысы қалыптағыдан 50%-ке жиiлейдi. Дене қызуы 380С-тан да жоғары көтерiлiп, тамыр соғысының жиiлiгi 40%-ке артады, гематокрит 48-50%-ке дейiн жоғарылайды, лейкоциттiң саны 18-20 мыңға өседi. Баланың тiлi құрғап, қою ақ-сұр өңезбен жабылады, iш құрсағы дем алу үрдісіне аздап қана қатысады, құрсақтың алдыңғы бұлшық ет қабаты түгелдей қатаяды, iш пердесiнiң қабынуға шалдығу белгiлерi айқын анықталады.
Операция алдындағы дайындық 3-4 сағат ішінде төмендегi ұстаныстарды сақтау арқылы жүргiзiледi.
Венесекция жасалынады немесе бұғана асты венасына арнайы түтiкше қойылады.
Дымқылданған оттегiн мұрын жолына арнайы түтiкше арқылы жiберiледi.
Асқазанға зонд қою арқылы асқазан тазартылады.
Баланың жасына сәйкестендiрiп промедол енгiзедi.
Антипиретиктер берiледi.
Кең спектрлi антибиотиктер еңгiзiледi.
Вена қан тамырына жоғары концентрациялы тұздардың қоспасы жiберiледi.
Гистаминге қарсы қолданылатын пипольфен, димедрол, дипразин, тавегил дәрiлерi берiледi.
10.Рингер ерiтiндiсi немесе гемодез дәрiлерi шамамен 3-5 мл/кг мөлшерiнде қанға жiберiледi.
11.10 қант ерiтiндiсiне С және В тобының витаминдерiн қосып және инсулин араластырып қан тамырға жiберiледi.
12.4% бикарбонаты (5мл/кг), қышқылдар мен негiздердiң жағдайы анықталған соң қанға енгiзiледi.
13.Протезаның ингибиторлары (трасилол, контрикал т.б. 500-1000 бірлік/кг) қант ерiтiндiсiмен бiрге қанға жiберiледi.
Операция алдындағы дайындық кезiнде тәулігiне есептелiнген сұйықтықтар көлемiнiң 1/4 деңгейi қанға енгiзiледi. Қанға алдымен осмолярлық препараттарды, одан кейiн коллоидты ерiтiндiлердi, соңынан қант ерiтiндiсiн жiбередi. Алғашқы сағатта минутына 100 тамшыдан, ал кейiнгi сағаттарда 40-60 тамшыдан енгiзедi.
Перитониттiң 3 сатысы. Баланың жағдайы өте ауыр, асқыну науқастанғанына 4-5 күн болған кезде байқалады. Ауру құсады, зәрдiң бөлiнуi азаяды, дел-сал болып, кейде эйфория байқалады. Терiсi ақ-сұр болып түстенiп, ерiн-мұрын үшбұрышы көгередi. Дем алу жиiлiгi қалыптағыдан 70-80-ке артады, қан тамыры өте жиi соғып, ритмi бұзылады, дене қызуы 400С-қа дейiн жоғарылайды. Гематокриттiң деңгейi 50-ке дейiн артып, лейкоцитоз 20 мыңнан асады. Лейкоциттердiң улану индексi өте жоғарылайды. Науқастың тiлi щетка тәрiздi құрғап, қара қошқыл жабындымен көмкерiледi. Iш құрсағы барынша кеңiп, қатаяды, перитониттiң белгiлерi айқын бiлiнiп, анықталады.Операция алдындағы дайындық, орта есеппен 4-5 сағат уақыт жүргiзiледi.
Венесекция жасалынады немесе бұғана астындағы венаға арнайы түтiкше қойылады.
Дымқылданған оттегiн мұрын жолына арнайы түтiкше арқылы жiберiледi.
Асқазанға зонд қою арқылы асқазан тазартылады.
Тiк iшекке тереңдетiлiп, жуан, газ шығаратын түтiкше енгiзiледi.
Гистаминге қарсы қолданылатын пипольфен, димедрол, дипразин, тавегил дәрiлерi берiледi.
Рингер ерiтiндiсi немесе гемодез дәрiлерi шамамен 10 мл/кг деңгейiнде қанға жiберiледi.
10.Жүрек глюкозиттерi 0,06 корглюкон, 0,05 строфантин дәрiлерi баланың жасына сәйкес дозада берiледi.
11.10 қант ерiтiндiсiне вена қан тамырына (15 мл/кг) 96 этил спиртiмен (0,5-1,0 мл/кг) араластырып, В және С тобының витаминдерiн қосып және инсулин араластырып жiберiледi.
12.4 бикарбонаты (5мл/кг) қышқылдар мен негiздердiң жағдайы анықталған соң қанға енгiзiледi.
13.Жоғары концентрациялы тұздардың комплексi:
10 хлорлы натрий
10 . хлорлы кальций
40 қант ерiтiндiсi
0,25 новокаин ерiтiндiсi баланың жасына есептеген көлемде қанға жiберiледi
14.Глюкокортикотроптық гармондар.
15.Орталық антипиретиктер жасына сәйкес берiледi.
16.Протеазаның ингибиторлары 1000 бірлік/кг мөлшерде, әрбiр 6 сағат сайын, қант ерiтiндiсiмен бiрлесiп енгiзiледi.
Операциядан кейiнгi кезеңде, ауруға операция алдындағы дайындық деңгейiнде жүргізілген көлемге сәйкес қарқынды мдеу жүзеге асырылады.
Науқастың мұрын жолы арқылы асқазанына силикон зонд қойылады, ол арқылы асқазанға ауық-ауық газы шығарылған минералды су жiберiлiп, 2-3 күн бойы асқазан жуылып отырылады.
Асқазаннан шығып жатқан iшкі ағзалардың сөлi азайғанда зондты 2-3 сағатқа жабады немесе алып тастап қадағалайды. Асқазаннан зондты алу iш ағзаларының өз сөлi мен iшектердiң қимылын қалпына келтiруге мүмкiндiк жасайды. Ауыздан тамақ берудi 3-шi күнi бастайды. Алғашқы күнi тауық етiнен жасалған сорпа, кисель, кефир, манна ботқасы, қара өрiктен жасалған компот берiледi.
Iшектердiң қимылын қоздыратын дәрiлер қолданылады. Ол дәрiлер қатарына церукал, 10 хлорлы натрийдiң ерiтiндiсi және плазма жатады. Операциядан 1-2 күннен кейiн УВЧ немесе магниттік қолданылатын физиоем асырылады.
Инфекцияға қарсы үлкен диапазонды 2-3 антибиотиктер, нитрофуран және трихопол дәрiлерi ұтымды комбинация пайдаланылады.
Протеазаның ингибиторлары-контрикал, трасилол (1000 бірлік/кг) күн бойы, қанға қант ерiтiндiсiмен бiрге, күнiне 2-4 рет енгiзiледi.
Перитонит сатысына байланысты атқарылатын іс-шаралар кестеде V.3. берілген.
Кесте V.3.
Перитонитте атқарылатын іс-шаралар