Ішек эвентрациясы Операциядан кейінгі асқынулардың ішінде эвентрация 12%-ды құрайды. Клиникалық тәжірибеде эвентрацияның екі түрін кездестіруге болады: толық және теріастылық. Жараның іріңдеуі эвентрацияның дамуына әкеледі. Аяқ астынан таңғыштың серозды және іріңді-қанды экссудатпен сулануы, эвентрация белгісінің болуын байқатады. Асқынулар лапаротомиядан кейін бірінші аптаның аяғында және екінші аптаның соңында болады.
Эвентрация кезінде жараның үлкендігіне және орналасуына қарамастан әртүрлі мүшелер құрсақ қуысынан шығуы мүмкін. Көбінесе ащы ішек ілмегі және шарбының шығуы байқалады. Перитониттің жалғасуы кезінде шығып кеткен ішектің және шарбының шырышты қабаты фибринозды-іріңді өңездене ісініп, ішек парезінің әсерінен перистальтикасы болмайды.
Теріастылық эвентрация кейінірек, тері қырларының өсу байқалғанда немесе оның тігістерімен орнықты ұсталып тұрғанда, пайда болады, Теріасты эвентрациясы бар баланы қарау кезінде терінің томпаюы байқалады. Пальпация кезінде, жұмсақ эластикалық және науқастың тыныштық кезінде құрсақ қуысына қайтадан түзелетін ішек ілмегінің шұрылдауы анықталады.
Емі. Толық емес эвентрация кезінде бала тез арада операцияға әкелінеді, жеткізілу кезінде арқасына жатқызылып, шыққан мүшені стерильді дәкемен ұстап отыру керек.
Наркоз арқылы, эвентрация аймағына тексеріс жүргізіледі. Шыққан мүшеге фурациллинді салфетка жабылады да, жара маңындағы тері йодты ерітіндімен өңделіп, стерильді мата жабылады. Ары қарай, шыққан мүшені ақырындап зақым келтірмей фурациллин ерітіндісімен жуып, тазарғаннан кейін, ілмекпен жараны ашып, құрсақ қуысын қарап, оны фурациллин ерітіндісімен немесе антибиотикпен жуып, шыққан мүшені құрсақ қуысына салады. Операцияның жауапты кезеңі – жараға тігіс салу. Тері, май қабатымен бірге ашылып, апоневроз ішастарымен бірге тігіске алынады. Тіндерді тігу үшін жібек жіп қолданылады. Тігістердің ара қашықтығы 1 см болуы шарт. Теріні, П-тәріздес тігіспен амортизациялайтын (резиналық түтіктер, түйме, паралонды таңғыш) зат салып тігеді.
Қосымша жараны жалпақ пластырмен дұрыстауға болады және жара қырының тартылуына күш аз түсу үшін ішті ақырындап таңып қояды.
Теріасты эвентрациясы тері тыртығының пайда болуынан кейін пайда болса, емі - консервативтік болады (желімді және бинтті таңғыш, жалпы сауықтыру терапиясы). Ары қарай, операциядан кейін, вентральдық жарық қалыптасса, онда операция арқылы пластика жасау керек. Ерте сатысында операциялық ем жасауға болмайды (лапаротомиядан кейін алғашқы бірінші айда және тері асты эвентрацияда), өйткені құрсақ қуысында үлкен жабысқақ үрдісі байқалады.
Эвентрацияның алдын алу үшін операциядан кейінгі кезеңді дұрыстап өткізу керек: ішек парезімен белсенді күрес (асқазандық және трансанальдық зондпен ішек декомпрессиясы, физиотерапия, инфекциямен күрес, гипокалиемиямен және т.б.).
Жараның іріңдеуін өз уақытында байқап, тігіс арасына резинадан дренаж салып, іріңнің сыртқа ағуына жол жасау керек.
Парездің күшеюіне байланысты жоғарыда көрсетілген шараларды тоқтатып тігісті, лейкопластырді және іштегі таңғышты алып тастауды ойлау керек.