Операциядан кейінгі перитонит. Клиникалық ағымына байланысты операциядан кейінгі перитониттерді келесі түрлерге бөледі: типті (жедел), қарқынды, ағымды, жасырын, атипті немесе баяу ағымды.
Жалпы ағымды белгілерде, операциядан кейінгі кезеңнің ауыр өтуі барысында, науқастың жағдайын кенеттен төмендеуін байқауға болады. Бала кенеттен мазасызданады, іштің ауырсынуынан тұрып кетеді не айқайлап жылайды. Басында баланың құсқысы келеді және алғашқы құсу кезінде құсықта асқазан қоспалары болады. Содан кейін құсықта өт араласқаны байқалады. Дене температурасы лезде 390С және одан жоғары көтеріледі. Эксикоз салдарынан зертханалық көрсеткіштердің ішінде гематокрит жоғарылайды. Ақ қан формуласы жағынан, лейкоцитоздың тез жоғарылауы және нейтрофилез байқалады.
Жергілікті өзгерісі келесі көрсеткіштермен сипатталады: бала көбінесе шалқасынан төсекте жатып, аяғын ішіне қарай бүгіп алады, ал аяғын түзету кезінде іште қатты ауырсыну байқалады. Пальпация кезінде, ошақты инфекция зонасында, іште бірден қатты ауырсыну байқалады (көбінесе оң жақ мықын аймағында, ары қарай мезо- және гипогастрийде). Пальпация кезінде осы жерлерде іштің бұлшық еттерінің қатаюы байқалады. Перкуссияда, ошақ зонасының жақындау жерінде ауырсыну анықталып, кейінірек тимпанит жоғарылап, ары қарай экссудат бар жерлерде тұйықталған дыбыс анықталады. Тік ішекті қарау алғашында дұрыс нәтиже бермейді. Кейінірек, тік ішектік-сигманың қатпарларының нығыздалуы және ішектік сегментінің тарылуы байқалады.
Жасырын, атипті немесе баяу ағымды операциядан кейінгі перитониттер, белгілі бір себептерден құрсақ қуысындағы қалған инфекцияның күш алуы кезінде және жаңа инфекция аймақтарының пайда болғанда дамиды.
Ең алдамен жалпы және клиникалық көріністері өте анық болады. Баланың ішінің ауырсынуының күшеюі назар аудартады. Тамақ ішкенде кезінде немесе сұйықтық ішкенде бірден құсу пайда болады. Перифериялық қанда лейкоцитоз жоғары, нейтрофилез солға жылжиды. Жергілікті өзгерістер: құрсақ қуысы дем алу актісіне қатысады, бірақ пальпация кезінде ауырсынады. Осындай кезде, іштің бұлшық етінің қатаюын анықтау қиынға соғады, ал екі қолмен іштің симмметриялық аймағын пальпациялау кезінде, құрсақ қабырғасының ошақтық зонада тартылуы байқалады. Аускультацияда әлсіз перистальтикалық шу естіледі. Тік ішектік тексерулерде - тік ішектік-сигмада қатпарлардың қалыңдауы байқалады.
Өршіген перитониттің емі - тек қана оперативті. Операция алды дайындық науқастың ауырлығының жағдайына және гемостаздың бұзылу дәрежесіне байланысты болады.
Релапаротомияға таңдалған операциялық жол өте қиын болып саналады. Көп жағдайларда, қарапайым Волкович-Дьяконов жолымен жасалған аппендэктомиядан кейін өршіген перитонит дамыған. Перитонитке күдіктенгендегі кірісулерді аппендикуляр-лық жараның ревизиясына және илеоцекальдық бұрыштан бастау керек. Кейде, қабыну өзгерістерінің анық байқалуы кезінде, оларды көру және санациялау үшін кеңірек кесуді талап етеді және қосымша, төменгі орталық кесулер жасалынады, ал аппендикуляр-лық жара құрсақ қуысын дренаждау үшін қолданады. Егер орталық және парамедиальдық жолдарда операциядан кейін пери-тонит пайда болса, релапаротомия ескі жара арқылы жасалынады, ал құрсақ қуысына дренаждау қосымша кесулер арқылы жасалына-ды. Ошақ инфекциядан толықтай тазаланғаннан кейін, құрсақ қуысына, қадағалап отырып, санация жасайды. Ошақты тазалау үшін нитрофуран (фурациллин, фурагин) ерітінділері қолданылады. Құрсақ қуысын санациялау, көп мөлшердегі ерітінділермен, бірнеше рет (10-15 минут) жуу арқылы жүргізіледі.
Үрдістің таралу деңгейіне қарамастан, бір жақ немесе екі жақ мықын аймағын кесу арқылы дренаждап, микроирригатор қалдырылады. Жалпы перитонит кезінде, 2 микроирригатор қабырға асты аймағына, қосымша (бөлек) кесулер жасай отыра кіргізіледі. Дренаждау үшін дәке, резина перчатка қолданылады. Микроирригатор ретінді силиконды каучуктан жасалған қабырғасы жұқа түтіктер қолданған жақсы. Дамуы үдей түскен перитонитке байланысты операция жасалған балалар, операциядан кейін реанимация бөлімінде кешенді терапияны қажет етеді, ал мұндай қолайлы жағдай жоқ болса, онда қарқынды терапия палатасында көрсетілуі керек.
Өршіген перитониттің алдын алу үшін, ең бірінші -аппендэктомияда орындалатын тәсілдерді дұрыстап қадағалап орындау қажет. Әрі қарай операция кезінде және оны ұтымды дренаждау кезінде, құрсақ қуысын жақсылап санациялау керек. Операциядан кейін, микрофлора сипатына және сезімталдығына қарай отырып, антибиотиктерді дұрыстап таңдап алу қажет.