Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет211/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Токсико-септикалық шок. Интоксикацияның (сепсис, перитонит, флегмоналар, пневмония, т.б.) әсерінен жүрек тамыр жетіспеушілігі дамуы салдарынан кенеттен жалпы жағдайы нашарлайды. Дене қызуының көтерілуі, немесе төмендеуі, артериалдық қан қысымының төмендеуі байқалып, микроциркуляциясы бұзылып «терісі жабындысы суық, боз түсті, көгерген. Есі ауысып, сандырақтап комаға ауысады. Жедел бүйрек жетіспеушілігі дамиды (олигоурия, анурия)
Қарқынды емдеу – көп мөлшерде кең спектрлі антибиотиктер, гипериммундық препараттар, кортикостероидтар, гемодинамикалық бағытта (айналымдағы қан көлемін толықтыру, микроциркуляцияның бұзылуын түзеу үшін коллоидты глюкоза, тұз қышқылы ерітінділерін, қан және қан препараттарын құю керек. Өте ауыр жағдайларда оттегін беру және ГБО, гемосорбция, гемосорбция емдері қолданылады.
Анафилактический шок - өте ауыр, аллергиялық ағзаның антигенмен жолығу кезіндегі реакция әсерінен, жүрек-тамыр және бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі көрініс табады.
Этиологиясы. Дәрі-дәрмектік ем шаралары кезінде кездеседі. Әр 2000-3000 емделгендердің біреуінде дамиды. Көбінде пенициллин, рентгенконтрастық заттар, полипептидтік гормондар (АКТГ, ТТГ, инсулин), ацетилсалицил қышқылы, новокаин, лизоцим, сарысулар, иммуноглобулиндер енгізу кезінде болады. Бұл жағдай ағзаға тағамдық аллергендер: сиыр сүті, жаңғақ, балық, тауық жұмыртқасының белогы, консерванттар түскенде де байқалуы мүмкін.
Патогенезі. Аллергендер - базофильден бөлінетін қарсы денелер әсерінен көп мөлшерде гистамин нейрофилдер мен эозинофильдер хемотаксис факторлары, анафилаксияның баяу әсерлі субстанциялары т.б. лейкотриендер, серотонин т.б. жүйелі түрде босайды да, кининдік, тромбиндік, фибринолитикалық жүйелер белсене бастайды. Бұл патологиялық өзгеріс микроциркуляцияның бұзылуына, артерияалық қан қысымының төмендеуіне, қанның портальдық жүйеде жиналуына, бронх, көмей және мидың ісінуіне әкеледі. Онан кейін жедел қан ұю синдромы дамуы мүмкін.
Клиникасы. Анафилактикалық шоктың ауырлығы, әдетте аллергенмен қатынас уақытына прапорциональды, яғни клиникалық көріністің байқалу мерзімі неғұрлым аз болса, соғұрлым шок ауыр жағдайда өтеді. Аурудың алғашқы кезінде әлсіздік, қорқыныш сезімі пайда болып, мазасыздана бастайды, есінен танады, терлейді, терісі бозғылт тартып, аузынан көпіршік ағып, зәр мен үлкен дәретін ұстай алмай, тырысқақ-құрысулар болып, комаға түседі. Бұл клиникалық жағдай, көк тамыр арқылы енгізгенде айналысы 1-20 минут мерзімінде аяқ астынан болады. Егер де, дер кезінде көмек көрсетілмесе науқас жан тапсыруы мүмкін.
Әдетте, 30 минуттан астам уақытта, жайлап басталса ауыз маңы, бет әлпеті шаншу сезіліп, мазасызданып, үрей, дискомфорт билеп, басына қан құйылып, терісі қызарып (уртикарный, ангионевротикалық ісіну, қышыма т.б.) пайда болады. Жүрегі айнып, дауысы қарлығып, жөтел, түшкіру, дем ішке алу қиындауы – стридор, тамағы мен өкпені сығылуы, ентігу, ысқырықты дем алысы байқалып, мұрын бітіп ринорея, конюктивит, жүрек- қан тамыр жетіспеушілік бұзылыстар дамиды. Бұдан кейін терісі бозарып, ақпа тер шығып, алғашында тахикардия, жүрек үндерінің төмендеуі, гипотония, толымық пульс, аритмия байқалып, жүрек соғу, тыныс тоқтауы мүмкін.
Диагнозы. Анамнез бен клиникалық көрініс жиынтығына сүйенеді. Қарқынды емдеу тәсілдері – дәрі немесе басқа аллергендерді енгізу тоқтатылуы тиіс. Баланы шалқасынан жатқызып, аяқ жағын жоғарылатады. Тыныс жолдарын босатып, үстін жылы жауып, таза ауа мен оттегімен дем алдыру шарасын жасайды. Дәрі енгізген, немесе жәндіктер шаққан жерден жоғары қылбұрау салынады, төңірегін мұзбен басады (антигеннің сіңуін азайту үшін).
Тері астына 0,1% адреналин немесе 1% мезатон, не норадреналинмен (0,01 мл/кг), кофеин, кардиамин сұйықтық ерітінділерін 0,1 мл-ден 1 мл-ге дейін мөлшерде енгізіліп, 15-20 минуттан соң қайталанады. Мезатон, адреналин дәрілерін артериалық қан қысымын көтеру үшін көктамыр арқылы физиологиялық натрий хлориді сұйықтығымен бірге тамшылатып енгізеді. Қанға, жылдам, коллоидты қан алмастырушы сұйықтықтар құю керек. Кей жағдайда (жүрек және бүйрек әлсіздігі) кезінде допамин (200 мг 250 мл натрий хлориді физиологиялық ерітіндісін енгізу тиімдірек.
Кортикостероидтар преднизон (20-40 мг), преднизолон (2-5 мг) не гидрокортизон (4-8 мг) әр 4-6 сағат сайын енгізіліп отырады.
Егер де анафилактикалық шок пенициллиннен болған жағдайда пеницилиназа (1 млн есебінде) бұлшық етке жіберілуі керек. Бронхоспазм, басқа да тыныс бұзылыстары болса, 2,4% эуфиллин (5-7-10 мг/кг 10-20 мл физиологиялық натрий хлор ерітіндісімен көк тамыр арқылы әр 4-6 сағат сайын енгізіліп кейін 2 есе азайтады.
Жүрек әлсіздігі көрінісінде жүрек глюкозидтері (строфантин 0,25%-0,5%, корглюкон 0,05% жасына қарай) қолданылады.
Анафилактикалық шок кезінде гистамин блокаторлары (антигистаминдер) димедрол, пипольфен 0,5 мг/кг не тавегил 12,5 мг бұлшық етке жасалады. Қанға 1/3 бөлігін жіберу керек. Кейінгі кезде зиртек, ранитдин 1 мг/кг қолданылып жүр. Артериялық гипотензия 20-30 минутқа созылса өкпені жедел желдетуге (искусственная вентиляция легких) кірісу қажет.
Анафилактикалық шокпен ауыратындар міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Себебі, аурулар халінің нашарлауы толқынды болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда 5-24 сағат өткен соң науқас жағдайының нашарлауы байқалады.
Инфузиялық ем сұйық мөлшерін толтыру, айналыстағы қан көлемін қалпына келтіру үшін жүргізіледі: физиологиялық натрий хлоридінің ерітіндісі, каллоидты реополиглюкин, гемодез, неокомпенсан ерітінді сұйықтықтарын қолданады. Анафилактикалық шок кезінде ақуызды дәрілерді қолданбаған дұрыс. Кейбір науқаста жедел қан ұю синдромы дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда антикоагуляциялық гепарин және антиагреганттық (курантил) енгізілуі қажет. Анафилактикалық шокты емдеу кезінде аллергологиялық тексерулер жасалынып отыру керек. Дәрі енгізілгеннен кейін науқас 30 минуттай дәрігердің бақылауында болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет