Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Зәр түсі Зәр түсінің өзгеруінің себептері



бет86/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Зәр түсі

Зәр түсінің өзгеруінің себептері

1.

қою сары

Ұзақ тұрып қалу. Жоғары концентрация. Жедел инфекциялық аурулар және жүрек компенсациясы бұзылған кездегі бүйрек тоқырауы.

2.

қою-қоңыр

Индиканның болуы.

3.

қара

Меланосаркома кезінде зәрде порфирин, гемоглобин, билирубин болуы. Крезол, фенол, фенолгидразинмен улану.

4.

сары-қоңыр

өт-тас ауруы

5.

сарғыш (сыра түсті)

өт пигменттері (инфекциялық гепатит).

6.

қанды (ет шайындысы)

Қан араласуы (гломерулонефрит, бүйрек-тас ауруы).

7.

қып-қызыл

Қызыл фенолды және фенолфталейн қабылдау.

8.

қызыл немесе ақшыл қызыл

Сульфанал, сантонин, пирамидон, амидопирин қабылдау кезінде, карбол қышқылымен улану.

9.

ақшыл-сары

Хромогендердің шала тотығуы (бүйрек

10.

жасыл немесе көк

Метилен-көгін қабылдау

11.

шафран-сары

5-НОК қабылдау

12.

Түссіз

Қантсыз зәр шығару

13.

сұр түсті

Фосфат-тұздарының бар болуы.

14.

кірпіш-қызыл

Зәрде урат-оксолаттардың бар болуы.

Салыстырмалы тығыздығы. Зәрдің құрамында суда еріген тұздар мен тығыз заттар ерітіндісі кездеседі. Олар судан ауыр. Сондықтан зәрдің салыстырмалы тығыздығы судан жоғары болады. Дені сау балаларда ол жасына, қабыдаған тағам ерекшеліктріне, ішкен сұйықтығына байланысты. Зәр тығызды нәрестелерде 1006-1018 кейін 1003-1005-ге дейін түседі, 2 - 5 жастағы балаларда 1009 –1016. Салыстырмалы тығыздық, әдетте сұйықтық ағзада аз мөлшерде болғанда немесе қалдығанда және аз уақыт ішінде көп мөлшерде сұйықтық жоғалту кезінде 1020 – 1030 және одан жоғары болады (гиперстенурия). Бұл рационда сұйықтық мөлшерінің аз болуы, көп терлегенде, құсу, зәрде көп мөлшерде ақуыз бен қанттың болуына байланысты.
Пиелонефрит, бүйрек поликистозы, қантсыз диабет сияқты дерттермен сырқаттанғанда айқын рН зәр тығыздығының төмендеуі тәуліктік сұйықтық алмасуының өзгеріс диапазонының төмендеумен бірге жүреді, 1,010, ол изогипостенурия деп аталады. Бұл бүйректің концентрациялық әсерінің төмендеуін көррсетеді.
Иісі. Дені сау баланың зәрінің әлсіз иісі болады. Бұл оның құрамында май қышқылдары және басқа да анықталмаған (идентификацияланбаған) субстанциялардың болуымен байланысты. Бұл иіс, зәрдің ұзақ уақыт тұрған кезінде аммиак иісіне ауысады. Қант диабетінде, ацетон қоспасының болуынан, шіріген алма иісіне ұқсас болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет