260
XV Тарау.
Алкоголизм
және т.б. кабілеті сакталады. Патологиялык мастану жағдайы оның басталуы
тәрізді күрт аякталады, кейде ұйкыға ауысады. Патологиялык мастану кезеңі
толығымен ұмытылады.
Патологиялык мастану соттык-психиатриялык тәжірибеде психоз есебінде
бағаланады және олар кабілетсіз деп танылады.
АЛКОГОЛИЗМ ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ
Соңғы жылдар зерттеулері алкоголизм этиологиясы н әлеуметтік,
психологиялык ж әне физиологиялык факторлардың
жиынтыкты әсерімен
байланыстырады. Алкоголизм этиологиясында сонымен катар, алкогольге
көзкарас мотивациясын аныктап кана коймай, аурудың дамуына да әсер ететін
преморбидтік мінез-кұлык сипаты да маңызды рөл ойнайды.
Алкоголизмнщ дамуында микроәлеуметтік ортаның, онда белгілі бір
«алкогольді климаттың» болуы аса маңызды. Микроәлеуметтік ортаның салтта-
ры мен әсері тек ішімдік кабылдауға көзкарас түзілуіне ғана емес, тұлға түзілуіне
де әсерін тигізеді. Белгілі бір тұлғалык ерекшеліктер өз кезегінде индивидуумды
алкоголизм даму кауіпіне азды-көпті дәрежеде бейім етеді. Алкоголизмнен зар-
дап шегетін
адам тұлғасы жетілмеген, әлеуметтік бейімделуі жеткіліксіз және
тұлғааралык катынастар түзуге кабілеті төмен болып табылады. Мұндай тұлғалык
ерекшелікгерді казіргі уакытта тұк^ім куалауш^ілыкден немесе тәрбиедегі акаулар
нәтижесімен түсіндіреді. К омпенсация максатында мұндай тұлғалар өз
жағдайларын өзгерту үшін жиі психобелсенді заттарды колдануға ұмтылады.
Ішімдікті шектен тыс колданатындар әрекеттерінің екі уәждемесін ажыра-
тады: бірінде алкоголь релаксация, ал екіншілерінде — эйфория, канағаттану
сезімін туғызады.
Алкоголь адам организміне әсер еткенде филогенез және онтогонез үрдісінде
калы птаскан реакциялар
кеш ені көрініс береді, ол ең бірінші кезекте
корғаныстык, сонан соң бейімдеушілік реакциялары болып табылады. Осыған
байланысты алкогольді шектен тыс колданбайтын адамдардағы мастанудың
клиникалык көрінісі сиякты ағзаның мастануға алғашкы реакциясы адамның
корғаныс реакциясын көрсетеді ж әне алғашкы сағаттарда улану синдромы
түрінде көрініс береді: ұйкышылдык, ал кейде керісінше психикалык кызметтің
козуы, айкын жүрек-кан тамырлык бұзылыстар және асказан-ішектік патоло
гия симптомдары (кұсу, диарея). Алкогольдің үлкен
мөлшерін кабылдағанда
есеңгіреу, сопор, тіпті кома бакылануы мүмкін. Алкогольді ш ектен тыс
колдануды одан әрі жалғастырғанда ағзаның уакыгша оған бейімделуі байкалады,
ол артынан көптеген жүйелер мен мүшелер кызметінің декомпенсациясына
алмасады. Әр түрлі клиникалык көрініспен жүретін алкоголизмнің негізгі себебі
алкогольді салынып ішу болып табылады. Алкогольді кабылдау жүйкелік
импульстардың берілуін камтамасыз ететін биогенді аминдер алмасуына әсер
етеді және липидтердің аскын тотығуын күшейте отырып, мидағы метаболизмдік
үрдістердің ағымын бұзады. Алкогольге дертті тәуелділіктің, соның ішінде,
психикалык және физикалык тәуелділіктің
калыптасуында мидың опиатты
рецепторлары мен эндогенді пептидтердің маңызды рөлі аныкталды. Алкогольдің
Емі
261
метоболизмі ерекшеліктері мен толеранттылык деңгейін аныктайтын алкоголь-
ге генетикалы к бейімділіктің рөлі аныкталды. Бұл жерде биологиялы к
факторлардың және де адам өміріндегі косымша патогенді әсерлердің де маңызы
зор деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: