Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет302/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Синдромальды диагноз
— психикалык ауру диагностикасындағы бірінші және 
маңызды кезеңнің бірі. Ол келесі факторлармен аныкталады.
1. Психопатологиялык синдромның аныкталуы адамда психикалык ауру 
бар екендігін білдіреді.
2. Психопатологиялык синдромның диагностикалануы психикалык ауру 
көрінісінің формасын анықтауға мүмкіндік береді (психотикалық немесе 
психотикалық емес).
3. Синдром ерекшеліктерін анықтау аурудьщ нозологиялық тәнділігін 
аныктауға мүмкіндік береді.
4. Психопатологиялык синдром психикалык ауру емінің негізгі бағдары 
болып табылады.
Нақгы осыған байланысты науқастың психикалык жағдайын зерттеу кезінде 
наукаста кандай патологиялык синдром деген дәрігер сұрағы бірінші ауызға 
келеді.
Синдромальды диагноз келесі іс-әрекеттер көмегімен іске асырылады:
• барлық табылған симптомдарды жазу;
• симптомдарды психикалык функциялар бойынша топтау;
• негізгі және қосымша симптомдарды айыру;
• психикалық бұзылыстарға синдромальды баға беру.
Зерттеудің цосымша здістері:
Дәрігер қарауы, яғни, клиникалык зерттеулер 
аяқталған соң, науқасқа басқа да зерттеулер жүргізіледі. Олар әртүрлі атауларға 
ие болған: «косымш а зерттеу әдістері», «параклиникалы к зерттеулер», 
«лабораториялық және аспаптық зерттеулер». Бұл зерттеулерді бастамас бұрын, 
төмендегілерді білуіңіз тиіс:
1. Алдымен, сіз не білгіңіз келетінін анықтап алуыңыз керек. Психиатрия- 
лы к клиникада косымша зерттеу әдістері мына міндеттерді шешу үшін 
қажет.
• 
Біріншіден,
зерттеулер аурудың себебін анықтауға бағытталған. Мысалы, 
босанғаннан кейін пайда болатын зерттеу себебі сепсис болып табыла- 
ды. Клиникаға жас әйел түсті, босанғаннан кейін психикалық күйі 
өзгерген. Босану санитарлы к ережеге сай болмаған. К линикалы к 
көрінісінде ауыр соматикалык жағдай, температураның тербелісі, кан 
формуласының өзгеруі, психикалык жағдайында — аментивті синдром. 
Диагностикалық болжам бойынша — психикалык бұзылыспен асқынған 
босанудан кейінгі сепсис.
• 
Екіншіден,
психикалык аурулар дамуы шарттарын зерттеуге бағытталған. 
Психикалык ауру дамуы шарттарына науқастың соматикалык, психи­
калык және церебральдық жағдайлары жатады. Психиатрияда бұл негіз 
(«почва») деп аталады (Ж ислин С.Г.). П сихикалык, соматикалык, 
церебральдык ерекшеліктер негізінің әр түрлі клиникалык мәні болуы 
мүмкін.
Олар бейімдеуші факгорлар ретінде болуы мүмкін. Мысалы, алкогольдік 
психоз сом атикалы к ж ән е церебральды к жетіспеуш іліктері бар 
наукастарда тезірек пайда болады.


482
4-Қосымша
Негіз («почва») — аурудың клиникасына, ағымына, нәтижесіне әсер етуі 
мүмкін. Мысалы, алкогольді галлюциноздың созылмалы түрде өтуін 
науқастың ертеректе алған бас-ми жарақатымен түсіндіруге болады. 
Осыны зерттеу және сәйкес ем тағайындау науқасқа жылдам көмекті 
қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
Соматикалық ж әне церебральды жетіспеушілік терапияны таңдауда, 
резистенттілік пен асқынулардың алдын алуда маңызды орын алады.
• 
Үшіншіден,
клиникалық әдіспен анықталмайтын соматикалық, невро- 
логиялы қ ж әне психикалық аурулардың симптомдарын анықтауға 
бағытталуы мүмкін. Мысалы, аурудың бруцеллезді этиологиясына кү- 
мәндана отырып, дәрігер дене қызуының көтерілуі, қандағы өзгерістердің 
болуы, Бюрне ж әне Хедельсон реакцияларыныщ оң болуы сияқты 
қосымша белгілер іздей бастайды.
Психоорганикалық синдроммен ауыратын науқаста бас-сүйек рентге- 
нограммасында, энцефалографиясында және т.б. мидың органикалық 
зақымдануы симптомдарын іздеуге болады.
Кей жағдайларда психикалық симптомдарды клиникалық әдістермен табу 
мүмкін болмай, тек психикалық эксперимент арқылы анықтауға болады.
• 
Төртіншіден,
психиатриялы қ клиникада зертханалы қ әдістермен 
анықталатын зерттеулердің алдына қойған жеке мақсаты — кейбір 
медикаменттердің қандағы деңгейін анықтау болып табылады. Мысалы, 
литий, тырысуға қарсы препараттардың.
2. Алға қойылған тапсырмаларға сәйкес қосымша зерттеу әдістері мыналарға 
бағытталған.
• 
Біріншіден,
науқастың соматикалық жағдайын терең зерттеу. Бұл аурудың 
себебін «соматикалық негізін», сонымен қатар, соматикалық симптом- 
дарын анықтауға бағытталған.
• 
Екіншіден,
психикалық аурулардың «милық ошақтарын», себебін, 
асқындыратын церебральды факторларын және аурудың неврологиялық 
симптомдарын терең зерттеуге.
• 
Үшіншіден,
науқастың психикалық жағдайын терең зерттеу. Экспери- 
ментальды-психологиялық зерттеу әдісі түлғанын маңызды психо- 
жарақаттаушы күйзелістерін анықтауға көмектеседі. Тұлғаның алкого- 
лизмге, неврозға бейімділігін білдіретін тұлғалық ерекш еліктерін 
анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, психикалық аурудың жасырын 
симптомдарын анықтауға көмектеседі.
Психиатрияда қолданылатын барлық қосымша зерттеу әдістерін 3 негізгі 
топқа бөлеміз.
• 
Біріншіден,
организмнің биологиялық ортасын зерттеуге негізделген 
зертханалық зерттеу әдісі. Мысалы, қан, зәр, ликвор және т.б.
• Екіншіден, аспаптық зерттеу әдістері: рентгенография, электрокардио­
графия, электроэнцефалография, реоэнцефалография. Олар соматикалық 
жағдайын және жүйке жүйесін зерттеуде қолданылады.
• 
Үшіншіден,
эксперименталды-психологиялық әдіс. Ол психикалық науқасты 
терең зерттеуге бағытталған.


4-Қосымша
483
Нозологиялык диагноз.
Үш элементке негізделіп қойылады.
I. С индромньщ нозологиялы қ ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, 
инфекциялык ауру және бас-ми жарақатынан кейін дамыған астениялык 
синдром әр түрлі көрінеді.
II. Аурудың накты ағымы, дамуына карай. Психикалык ауру ағымының 
сатылары — преморбидтік, инициальды, манифесті. Басталу түрі: жедел, 
жеделдеу, созылмалы. Ағымы: прогрессивті, регредиентті, фазалы, па- 
роксизмалды.
III. Этиологиясы, яғни, ауру дамуының шарттары және себептері.
А. П сихикалык аурудың пайда болуы кұпия болып көрінгенімен, ол 
әрдайым табиғи (биологиялык, психикалык, әлеуметтік) себептердің 
әсерінен дамиды.
Б. Психикалык аурудың пайда болуы түсініксіз болғанымен, ол әрдайым 
себептер мен бейімдеуші факторлардың әрекеттерінің ж әне өзара 
әсерлесуінің заңды нәтижесі болып табылады.
Диагнозды негіздеу нозологиялык тәнділігін дәлелдейтін факгілерден тұруы 
тиіс. Мысалы, сіз науқаста психопатияны болжайсыз. Оны негіздеу үшін келесі 
фактілерді көрсетуіңіз керек:
• Ауру психикалык синдроммен байқала ма?
• Ауру бала кезден бері көрініс берді ме?
• Ауру барлық жағдайда байқала ма?
• Ауру эпизодтық реакциялармен және декомпенсациялармен байқала ма? 
Кунделіктер.
Науқастың жағдайы туралы қысқаша және нақты деректерді
және психопатологиялык бұзылыстардың динамикасын камтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет