Экспериментальды-психологиялық зерттеу
97
әсіресе екінші кезеңде ақыл кемдігінен зардап шегетін науқастардың жіктеу
қабілеті күрт төмендейді. Эпилепсиямен ауыратын науқастардың детализацияға
бейімділігіне байланысты, олар көп мөлшерде ұсақ топтар құрады.
Орман
құстары мен ұй құстары, кеселер мен басқа ыдыстар және т.с.с. ажыратады.
Ш изофрения кезінде науқас ойы қилы жоспарлы болып келеді, олар топтарды
бөлгенде әр түрлі принципке негіздейді; мысалы, ол ыдыс-аяқты, адамдарды,
транспортты бөледі, артынан көк ж әне қара түсті заттарды, темір мен ағаш
заттарды жіктейді.
Артық затты анықтау.
4 зат салынған суретті науқасқа көрсетеді. Қалған
үшеуіне сәйкес келмейтін бір суретті
алып тастауға өтініш жасалады, содан
кейін қалған үш зат қандай топқа жататыны сұралады. Алаңдату мен абстрак
ция қасиеттері зерттеледі.
Маңызды белгілер.
Ірі шрифтімен басылған сөзге сәйкес ұсақ шрифтімен
басылған 5 сөз ішінен 2 сөзді таңдауды сұрайды. Бұл 2 сөз заттың қасиетін
көрсетуі керек.
Түсінікті анықтау.
Бірнеше сөздерді айтып, оларды түсіндіріп беруді сұрайды.
Түсінікті салыстыру.
Науқасқа бірнеше жұп сөздерді айтып түсіндіреді:
жаңбыр және қар, жалған немесе қате т.б. Бұл сөздерді не байланыстыратынын
және не ажырататынын айту керек.
Мақал-мәтелдер мен метафоралардың мағынасын ашу.
Науқас өзіне берілген
мақал-мәтелдердің ж әне метафоралардың мағынасын айтып, осы мағынаға
сәйкес қағазда жазылған фразаларды таңдауы керек.
Ассоциацияларды зерттеу үшін алпыс сөз (кез келген, ойға түскен), бос
ассоциациялар (зерттелуші сынақ жасаушының
айтқандарына жауап ретінде
кез-келген сөзді айтады), қарама-қайшылықтар (сөздер қатары беріледі, осы
сөздерге қарсы мағыналы сөздерді таңдау керек) әдісі қолданылады. Бұл
мақсатта пиктограмма да қолданылады: науқас ұсынылған сөздер мен мысал-
дарды есіне сақтау үшін кез келген суреттемелер жасауы керек, бір сағаттан
кейін жасалған суреттерге байланысты еске сақтауға берген мәліметтерді
сұрайды.
Үшінші топқа науқастың іс-әрекетке эмоционалды көзқарасы және оның
зерттеу нәтижесіне әсерін нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін әдістер ж а
тады.
Бұл
топқа мысалы, «Линк кубы» әдісі жатады. Сынақтан өтушінің құруы
қажет куб 27 ағаш 3^3 см көлемді кубиктерден тұрады. Кубиктердің әрбір бетін
бояу үшін үш түс қолданылады: қызыл, жасыл, сары. Линк кубын құлатып,
зерттелушіге қайта құрауға беріп, оның әр беті бір түсте болуын сұрайды. Жа-
сау үрдісінде шизофрениямен ауыратын науқастардың эмоциялық топастығы,
психопатиямен ауыратын науқастардың дертті күйзелістерге еніп кететіндігі,
аса шыдамсыздық, қозғыштығы айқындалады.
Әрбір науқасқа оның біліміне, жасына, аурудың
психикалық жағдайына
байланысты жеке зерттеу әдістемесін таңдау қажет.
Жалпы психиатрияда қолданылатын психологиялық әдістердің жоғырыда
аталған түрлерінен басқа арнайы мәселелерді шешуге арналған, терең
98
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
дайындықты қажет ететін тестілер қолданылады. Осылайша, патофизио-
логиялық әдістер көмегімен мидың жергілікті патологиясын,
қантамырлық
аурулар кезіндегі сөйлеу, праксис ж әне қабылдау бұзылысын зерттейді.
Адамның ақыл-ойлық жасын анықтайтын (Бине әдісі) және жалпы интеллект
деңгейін аны қтайты н (Векслер әдісі) ж ән е басқа да қабілеттердің даму
дәрежесін анықтайтын әдістер бар. Мұндай ақпарат әсіресе, балалар мен
жасөспірімдердің психикалық дамуының барысы мен жағдайын қадағалау
үшін аса қажет.
Соңғы уақытта шекаралық психиатрияда адамның тұлғалық ерекшеліктерін
зерттеу, оның әлеуметтік ортаға бейімделуін
зерттеу ж әне психологиялық
қорғанудың механизмін зерттеу кеңінен таралған. Бұндай әдістерге тұлғаны
жан-жақты зерттеу (ТЖЗ), Роршах әдісі және басқалар жатады. Тұлғаны жан-
жақты зерттеудің Роршах әдісінен айырмаш алығы — тұлғаны бағалауда
математикалық талдау жүргізіп, табылған ауытқуларды бұрыннан белгілі
стандарттармен салыстырамыз. Тұлғаны жан-жақты зерттеу әдісімен тұлғаның
көзден ж асы ры н акц ен туац и ясы н , п си хи кал ы қ дерт н әти ж есіндегі
патологиялық өзгерістерін және аномалиясын анықтауға, адамның психикалық
бейімделуін зерттеуге болады. Бұл әдіс біздің елімізде көп жылдар бойы кеңінен
қолданылуда, ол миннесоттық анкеталық тұлғалық тестінің орысша нұсқасы
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: