270
XVI Тарау. Алкогольді (металкогольді) психоздар
Императивті галлюцинациялар наукастың өзі ж әне айналасындағылары
үшін кауіпті, сондыктан да әлеуметтік кауіп те тудырады: наукас өзіне
бағытталған бұйрыкты дауыстар естиді (мысалы, біреуді өлтір, терезеден секір
деген сиякты). Бұл бұйрыктарды наукас орындауы мүмкін.
Әрі карай вербальді
галлюцинацияларға элементарлы тұраксыз көру галлюцинациялары косылуы
мүмкін.
Ағымына карай алкогольді галлюциноз
жедел
(2 күннен 4 аптаға дейін) және
созьлмалы
болып бөлінеді. Сонымен катар, алкогольді галлюциноздың аралык,
жеделдеу ағым типі де болады.
Жедел алкогольді галлюциноз жиі кенеттен,
ереже бойынша, алкогольді
ұзак уакыт шектен тыс колдануды токтатканнан кейін пайда болады, тұракты
ұйкысыздыкпен, астениямен бірге жүреді. Көңіл-күйі төмендейді, кейде ша-
малы кимылдык козу байкалады.
Алкогольді галлюциноздың пайда болуы мен дамуы тек алкогольдік улануға
байланысты емес. Алкогольді галлюциноз дамуы үшін ұзак уакыт уланудан
өзге, зат алмасу бұзылысы, бас
миының органикалык өзгерістері, жаракаттар,
конституционалды ерекшеліктер кажет.
Алкогольді галлюцинозды, әсіресе, созылмалы түрін, алкоголизммен
аскынған шизофрениядан ажырата білу кажет. Соңғы жағдайға тұлғаның өзіне
тән шизофрениялык өзгерістері, типті синдромдардың (соның ішінде алкогольді
галлюциноздың да) кұрылымы мен алмасуы тән.
Емі
Жедел алкогольді галлюцинозбен сыркат наукастар,
олардың коғамға
кауіптіліктері нәтижесінде психиатриялык стационарға шұғыл госпитализаци-
ялауды кажет етеді.
Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті дезинтокси
кация — алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. Ол үшін
алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мөлшерде ж әне аз уакытка дез-
интоксикациялык ерітінділер, витаминотерапия (В тобының дәрумендері)
тағайындалады.
Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалык симп-
томатиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді галлюционезбен
ауыратын наукастарға психотропты дәрілер тағайындалады: галоперидол
(тәуліктік мөлшері 0,01-0,015 г), тизерцин (тәуліктік дозасы 0,15-0,2 г), эта-
перазин (0,03-0,04 г). Бұл нейролептиктермен
емдеуді артериялык кысымды
бакылай отырып, бұлшыкетке енгізуден бастау керек.
Емдеу кезінде аскынулар болуы мүмкін: аллергиялык реакциялар, бұлшык
ет спазмдары және т.б. Әсіресе, тыныс бұлшыкеттерінің спазмы өте кауіпгі.
Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бұлшык етке енгізу, ішке кабылдау кезінде
де 3 -4 рет кабылдауға бөлінеді. Галлюциноз жойылғаннан соң 1-1,5 аптадан
кейін доза төмендетіледі. Доза төмендетілген соң препаратты бір реттік (кеш
ке) кабылдауға көшеді.
Алкогольді параноид
271
Алкогольді галлюциноздың созылмалы ағымында психотропты дәрілермен
(галоперидол,
аминазин, тизерцин) ұзақ ем курсы тағайындалады. Бұл кезде
белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: