Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет195/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Инволюциялық меланхолия
Кәрілік алды кезеңіндегі адамдарда жиі кездесетін психоз түріне жатады. 
Бұл аурудың басты психопатологиялык көрінісі үреймен жүретін депрессия 
жағдайы болып табылады. Аурудың пайда болуына психогенді зияндылыктар, 
өмір сүру стереотипінің өзгеруі жиі себепші болады. Наукастар жабырқаулы 
күйде болады, үрейшіл. Депрессивті ж әне үрейлі көріністер айкындылығы 
әр түрлі дәрежеде болады: жеңіл психопатологиялык көріністерден айкын үрей 
ж әне ажитациямен жүретін ауыр депрессия күйіне дейін. Қимылдық қозу 
жағдайында науқастар өздерін қоярға жер таппай, ауыр жан күйзелісін білдіретін 
күрсінген дауыстар шығарады, суицидальды әрекеттер жасауға бейім болып 
келеді. Сондыктан олар арнайы, қатаң бақылауды қажет етеді.


342
ХХѴІ Тарау. Кэрілік кезеңнің психикалық аурулары
Науқастарда үрейлі депрессия тежелумен қатар жүретін жағдайлар да 
бақыланады. М ұндай қим ы лды қ тежелу ступор сипаты н алуы мүмкін. 
Кататониялық ступордан айырмашылығы бұл 
меланхолиялық ступор
деп ата- 
лады. М еланхолиялық ступордың клиникалы қ көрінісі кататониялықтан 
ерекшеленеді. Науқастардың бет-әлпеті қайғы-мұңды бейнелейді, беттерінде 
іркіліп қалған мұң маскасы болады. Кататониялық ступор кезіндегідей мутизм 
бақыланбайды. Табанды сауалға алғанда олардан қандай да бір дұрыс жауап 
алуға болады.
Депрессивті-үрейлі симптоматикамен қатар науқастарда сандырақтық иде- 
ялар байқалады. Өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту сандырақтық идеялары аса 
тән. Науқастар өткен өмірін шолып, өздерінің ойларынша қылмысты болып 
табылатын жағдайлар мен фактілерді іздейді. Науқастар жақын адамының 
өліміне өздерін кінәлайды. Оларға дұрыс күтім жасамадым, ертерек дәрігерге 
көрсетпедім деп өздерін жазғырады. Сондықтан науқастар өздерін дәрігер 
көңіліне, медбикелер күтіміне тұрмайтын адаммын деп есептейді. Науқастар 
тағам қабылдаудан жиі бас тартады, оған менің құқым жоқ деп айтады. Жиі 
өзін-өзі кінәлау сандырақтық идеяларына соңына түсу идеялары ұштасып 
жатады. Науқастар өздерін жасаған қылмыстары үшін ізіне түскендер бар, 
өздерінің үстінен сот жүретіндігін, осылайша өлім жазасына кесілетіндігін 
мәлімдейді. Кейде осындай сандырақтық идеялар ипохондриялық сипат алады. 
Бұл кезде науқастар бауыр немесе бүйрегінщ ж әне т.б. қы зметінщ толық 
бұзылғандығы жөнінде айтады. Ішкі мүшелерінің шіріп немесе ж оқ болып 
кеткендігін айтып, өзін тірі өлік деп санайды (Катар синдромы). Мұндай 
ипохондриялық көріністер туыстары мен айналадағы бүкіл тіршіліктің жақындап 
келе жатқан күйреуі жөніндегі фантастикалық сипаттағы сеніммен бірге жүруі 
мүмкін.
Науқас В.З., 55 жаста. Тұқым қуалайтын психикалық аурулары жоқ. Өз 
жасына сай дамып өскен. 7 сынып және ФЗУ аяқтаған. Қысқа уақыт аралығында 
жоспар түзуші-экономист болып жұмыс жасаған. 18 жасында тұрмысқа шыққан. 
Күйеуі әскери адам. Қызмет бабына байланысты жиі-жиі бір қаладан екінші 
қалаға көш іп-қонып жүрген. Науқас жаңа орынға тез бейімделіп отырған. 
Жұмыс істемейді, үйінде үш баласының тәрбиесімен айналысқан. Қонақшыл 
болған, үй шаруасымен жақсы айналысқан. Ал күйеуінің мінезі ауыр, ашушаң, 
қызғаншақ, талапшыл.
Науқас мінезі бойынша күмәншіл, үрейшіл, аздап ипохондриялы (ренішін 
ұзақ жүрегінде ұстайды, бірақ сырттай білдірмейді). Күйеуіне қарсы шықпай, 
ұрыс-керістің алдын алып отырған.
Етеккірі 10 жасынан басталған, 4 жүктілік: үшеуі қалыпты, мерзімінен бұрын 
босанулар, біреуі жасанды түсік. 42 жасынан менопауза.
Балалар инфекцияларымен ауырған. 2 рет тік ішек полипозымен оперцияға 
түскен.
Күйеуінің сырқаттануына байланысты науқас қайғыға шомып, еңбекке 
қабілеті төмендеген: өзіне тән емес «еріншектік» пайда болып, үй жұмысын 
әрең атқарған. Үйқысы бұзылған, әсіресе, таңертеңгі мезгілде өзін нашар 
сезінеді. Бір айдан соң күйеуі жазылып шыққан, ал өзінің жағдайы одан әрі


Жалпы клиникалық ерекшеліктері
343
нашарлап кеткен: үрей пайда болып, бір жайсыз жағдайлар болып калатындай 
күтуде болған. Тұрмыстық мәселелер шешілмейтіндей болып көрінген. Өз өмірі 
жайында үнемі ойға шомып, тек жағымсыз сәттерін есіне алып, өмірі сәтсіз 
калыптасты деп сары уайымға түскен. Ауруханаға жаткызылған.
Психикалык күйі: наукаспен карым-қатынас формальды; жай дауыспен, 
бір ырғақпен, тежеліп сөйлейді. Эңгіме жүргізгенде белсенділік білдірмейді, 
тек берген сұракка жауап беріп отырады. Бет әлпеті маска тәріздес, қайғы 
мен шаршағандықгы білдіреді. Жабырқау күйге, жақындары мен отбасы үшін 
үрейленетініне шағым айтады. Барлығы кұрыды, шатастым дейді. Барлық 
пәленің күнәһары өзіммін деп есептейді: «Мен жексұрынмын, оңбаған адам- 
мын, маған өмір сүруге болмайды» деп сөгеді. Бөлімшеде ешкіммен арала- 
спайды, тамак, дәрі кабылдағысы келмейді, көп уақытын төсекте жатып 
өткізеді. Науқасты тыныштандыруға ты рысқанда, тітіркенумен, ашумен 
жауап береді. Кейде үрейленіп, қызметкерлерге бір сұрақты қайталап коя 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет