Ойлау бүзылысы
131
феномен — екі түрлі. Идеялар секіруі кезінде ойлар арасындағы байланыс
бұзылмайды, бірақ ассоциациялар құйынына түскен
науқас сөздерін айтып
үлгермейді. Сөзі ой соңынан ілесе алмайды. Мұндай жағдайда науқас сөйлемді
аяқтамай, келесісіне көшеді, бірнеше сөз айтып, сөздер немесе сөйлемдерді
жібере отырып, келесі ойын жеткізуге асығады. Бұл жағдайда қоршаған ортаға
аса қызығушылық ж әне зейіннің аса тұрақсыздығы ойлау қызметіне түрткі
болатын көптеген әсершіл пікірлер тудырады.
Ойлау жылдамдығымен сырқат науқастың стенографиялық жазбасында:
«Менің толықтай денім сау, менде тек маниакал. Әдіс емес, нәтиже маңызды.
Сіздің күтушіңіз бүгін жұмысқа келді, оның ішкі киімі көйлегінің астынан
көрініп тұр. Жұмадан соң сенбі... Ертең сенбі, Сіз мені ертең шығарасыз ба?
Сіздің галстугыңыз дұрыс болмай тұр, мен сізге жөндеп жіберейін, ойламаңыз,
мен сізге жағымпазданып тұр деп. Бүкіл әлемге қаншама рет жағымпаздықтың
қажетсіз, зиянды екені айтылды.
Мен сізге ғашықпын, бұнда тұрған не бар?
Махаббат ұят емес, үлкен күнә. Мен сізге өлең түрінде хат жаздым, оқып берейін
бе?» және т.с.с.
Ой жылдамдауы маниакальды-депрессивті психоз, шизофрения, экзогенді
психоз шеңберіндегі маниакальды жағдайда бақыланады.
Ойлаудың баяулауы
— ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау
қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына
шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті,
біраз
үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті
және басқа да психоздарда кездеседі.
Патологияльщ байымдыльщ
— бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен,
ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші
дәрежелі мәнділіктегі ойдан ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды,
бір орында тұрып қалады, негізгі тақырыбынан бөлек басқа тақырыпқа ауысып
кетеді, біраз уақыттан кейін қайтадан сол тақырыпқа келіп, артық ассоциаци-
ялармен қайта көңілі бөлінеді.
Эпилепсиямен ауырған науқастан ұстама қалай өтеді деп сұрағанда, науқас
былай жауап береді: «Оқиға жазда болды, біз қыздармен тоғайға саңырауқұлақ
теруге келіскенбіз, мен кештен бастап жинала бастадым, уайымдап түнімен
ұйықтай алмадым. Оянсам, әлі түн екен, тұрсам ба екен деп ойладым, тұрдым,
сыртқа шықсам сиыршы Иван Васильевич уақытында сиырларды жинап жатыр
екен. Бұл сиыршының өткен күзде әйелі уланып қайтыс болды, үйлерінде ешкім
жоқ еді. Әйелі пештің үстіне шығып жатқаннан тұрмай қалған. Иван Василье
вич менің досым — қызы Надямен жалғыз қалды. Қалай мен Иван Васильевичті
көрдім, солай басым қатты ауырды. «Сен неге сонша асығасың, менің Надеж
дам әлі төсегінен тұрған жоқ», — деді. Мен жүгіріп Надяға барсам, шынымен
ол тұратын ойы жоқ, заттарын жинастырмаған, етігін, себетін іздеп жүр екен.
Мен одан сайын толқып кеттім.
Басқа қыздар келді, ол әлі жүр. Тоғайға келдік,
мен саңырауқұлақтар іздеп жүріп, Қара алаңқайға қалай шыққанымды білмей
қалыппын. Бұрын бұл жерде хутор болған, соғыс кезінде ол өртеніп кеткен.
Бұл жердің айналасында күйген ағаштар әлі күнге дейін тұр. Сондықтан, бұл
жерді Қара алаң деп атайды. Қараймын, өз көзіме өзім сенбеймін: барлық
132
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
ағаштың түбінде саңырауқұлақтар өсіп тұр. Мен жүгіріп барып алуға еңкейіп
едім,
барлығы да жоғалып кетті де, әрі қарай ештеңе білмеймін. Өзім көлдің
жағасына келдім. Қыздар айналамда тұр. Надя мені құшақтап жылап тұр. Мен
суға малынғанмын: менің үстіме су құйған ба, әлде зәр жіберіп қойғанмын ба...
Содан бері ұстамамен ауырамын».
Ойлаудың патологиялық пайымдылығы — эпилепсиялық ақыл кемдігіне
тән, сонымен қатар, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖ Ж-нің
басқа да органикалық ауруларында байқалады.
Резонерлік
— таны м ды қ м ағы насы нан айы ры лған бос, өнімсіз пікір.
Ш изофренияда
бақыланады, бұл — дерттің бұрыннан бері келе жатқанды-
ғының белгісі. Мысал ретінде науқастың дәрігермен әңгімелесуінен үзінді
келтірейік.
Сұрақ: Сіз өзіңізді аурумын деп санайсыз ба?
Жауап: «Бұл дертті жағдайды қалай түсінуге байланысты. Ауру деген —
тіршіліктің бір түрі, ал тіршілік ету — өмір сүру, яғни, аурудағы өмір, өмірдің
бір белгісі. Ауырмай өмір сүруге болады, ал өмір сүрмей ауыруға болмайды.
Аурудың зардабы тереңдеген сайын, өмір сүру сезімі де қиындайды. Мен
ешқандай зардапты сезінбеймін, осыған байланысты, мен ауру емес болғаныммен
өмір де сүрмеймін. М енің өмірім ағзаны ң бұзылмаған ф изиологиялы қ
бөлінділеріне сай келеді.
Ойлаудың узілуі
— сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен
түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы.
Науқастың сөзін
мысалға келтірейік:
«Сіздің үлкен ынтаңызды біле отырып, осы көзқарасыңызға толық қосыла
отырып, мен жақын жатқан сөре деңгейіне дейін төмендей аламын. Бірінші
және екінші жағдайда да дұрыс болар еді, себебі аспанға тек бір саусақпен жету
қиын».
Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар
арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады, тек өзінің
сыртқы түрін сақтап қалады. Ой үзілуі шизофренияның көп жылғы үрдісінде
бақыланады.
Ойлау байланыссыздығы.
Науқастың сөзі мағынасы бір-бірімен байланы-
спайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады; грамматикалық
құрылымы бұзылған. Ойлау байланыссыздығы өте ауыр ағымдағы жалпы және
психикалық аурулар кезінде психикалық бұзылыстардың тереңдігін көрсетеді.
Ол сананың аменция түріндегі бұзылуы жағдайында байқалады.
Ойлау персеверациялары жзне стереотипиялары
— қандай да бір ойда мүдіріп,
тұрып қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет
қайталаумен көрінеді,
нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Мысалы:
Сұрақ: Сіздің аты-жөніңіз кім?
Жауап: Виталий Александрович.
Сұрақ: Сіз нешедесіз?
Жауап: Александрович.
Сұрақ: Сіз қайда тұрасыз?
Жауап: Александрович.
Ойлау бүзылысы
133
Персеверация және стереотип инсульттан кейінгі және кәрілік кезеңдегі
ақыл кемдігі бар науқастардың афазиясымен бірге жүреді және мидың басқа
да органикалық зақымдануларында кездеседі.
Ментизм
(ой ағымы) — науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар
ағыны, оларды басқара алмау, олардың жасандылығы сезімімен жүреді. Бұл
идеаторлы автоматизм құбылысына жатады, ш изоф рениям ен ауыратын
науқастарда байқалады.
Шперрунг
(ойлау үрдісіндегі үзіліс) — анық сана фонында кенет пайда бо
латын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Ш изофе
ния ауруында байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: