Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет11/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Сарапшы еңбекке кабілеттіліктің
төмендеуі немесе тұрақты жоғалуын 
анықтай келе, оның дәрежесін де анықтауы керек. Еңбекке қабілеттілік


Психикалық ауруларды зерттеудің негізгі аспектілері
21
бұзылуының 3 дәрежесі мүгедектіктің I, II және III топбына сәйкес келеді. I топ 
мүгедектігі қойылған науқастарда еңбек қабілеттілігін жоғалту созылмалы не- 
месе тұрақты болады. Мұндай дәрежесі бар науқастар үнемі көмек, күтім және 
бақылауды қажет етеді. II топ жеңіл жұмыстарды орындау мүмкіншілігі бар 
науқастарға беріледі. Олар өзгелердің көмегін, әдетте, қажет етпейді, өзін-өзі 
күтуге қабілетті. III топқа еңбек қабілеттілігі едәуір төмен науқастар жатады. 
Аурудың әсерінен ауруға шалдықпас бұрынғы кезеңдегідей өнімді қызмет ете 
алмайды, бірақ жеңіл жағдайларда, күш аз түсетін жерлерде, физикалық және 
психикалық жүктеме аз орындарда жұмыс жасай алады.
Психикалық ауруларға берілетін мүгедектіктің келесі түрлері бар: аурудың 
жалпы психикалық дертіне, кәсіби, еңбектік зақым алуына, әскери қызметті 
өтеуіне байланысты мүгедектік және балалық шақтан басталған мүгедектік. 
Мүгедектіктің бұл түрі 16 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады (18 жасқа 
дейінгі оқушыларға ж әне жалданып жұмыс істеуді бастағанға дейін). Егер 
мүгедектік жұмыс жасайтын 16 жасқа толмаған жасөспірімде бақыланса не­
месе орта арнайы, жоғарғы оқу орнында оқитын 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде 
кездессе, мүгедектік оларда дертіне байланысты анықталады.
Соттык психиатрия
адамдардың өздерінің азаматтық құқығы мен міндеттерін 
орындау мүмкіндігіне, сонымен бірге, заңмен қудаланатын істерге жауап беру 
мүмкіндігіне баға беру мақсатында психикалық аурулардың ерекшеліктерін 
және психиканың қысқа мерзімдік бұзылыстарын зерттейді.
Соттық психиатрияның міндеттері мен мазмұнына көзқарас үлкен эволю- 
циядан өтті. Сондықтан, соттық психиатрияның дамуы философиялық идеяның, 
әлеуметтік-экономикалық өмір өзгерістерінің, психикалық аурулар жайлы білім 
деңгейінің ықпалында болды, психиатрия саласындағы жалпы жетістіктер, 
сонымен қатар, әр кезеңнің қылмыс, күнә, жауапкершілік жөніндегі түсініктеріне 
байланысты болды. Соттық психиатрияның даму тарихында өзінің теориялық 
бағыты, практикалық ұстанымдары бар мектептер болды. XIX ғасырдың орта- 
сында (мидың жұмысына тәуелді емес) адамның саналы жүріс-тұрысын 
анықтайтын ерік бостандығы жөніндегі идеологиялық концепцияға негізделген 
қылмыстық құкықтың классикалық мектебі үлкен орын алды. Осыған байла­
нысты стихиялық-материалистік ұстанымдағы психиатрлардың басым бөлігі 
қабілеттілік немесе қабілетсіздіктің схоластикалық-заңдық категориясының 
клиникалық мазмұнын анықтау мүмкіндігін көре алмады.
Келесі мектеп (антропологиялық) басқа бағытты ұстанды. Қылмысты істер 
табиғаты биологиялық себептермен түсіндірілді. Бұл мектептің көрнекті 
басшыларының бірі италияның психиатр-криминалисті Ч. Ломброзо болды. 
Оның ломброзианство деген атау алған туа пайда болған қылмыскер туралы 
концепциясы көптеген буржуазиялық мамандар тарапынан қолдау тауып және 
кейін әртүрлі психологиялық трактовкалармен, сонымен қатар, қылмыс жасау 
кезінде санаға бағынбайтын агрессивті тенденцияны ң іске асырылуын 
қарастыратын фрейдизммен де қабылданып, толықтырылды.
Антропологиялық мектепке сәйкес методикалық тұрғыдан әлеуметтік бағыт 
қалыптасты. Осы бағыттың басшылары қылмыстың басты себебі, әр адамның 
биологиялық ерекшеліктерінен басқа, өмір сүру жағдайына және қылмыскердің


22
I Тарау. Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері
ерте балалық кездегі тәжірбиесіне байланысты деп санады. Олар қылмыс 
жасаған адамның қабілеттілігіне немесе қабілетсіздігіне ғылыми мән бермеді: 
ең маңыздысы — қылмыс жасаған адамнан қоғам өзін қорғау үшін қолдануы 
тиіс шараларды анықтау болып есептелді. Олар антисоциалды қ жағдайға 
бейімдейтін қауіпті жағдай және тұлғалық ерекше қасиеттер туралы түсінік 
енгізді. Бұл қылмыс және қылмыскер жөніндегі концепция батыс елдерінде 
қазіргі кезде де кең таралған. Бұл бағыт өзінің табиғатынан эклектикалы бол­
ды. Оны ң ғылыми негізделуіне фредизм ж әне психодинамика теориясы 
қолданылады. П сихикалық аурулар, жүріс-тұрыс бұзылуы, сонымен бірге 
антисоциалды әрекеттер адамның өмірлік жағдайлармен күресуінің мүмкін 
болмауымен, тұлға әлсіздігінің тамыры балалық ш ақта басынан өткен 
эмоциялық «тәжірибеде», адамның биологиялық ерекшеліктерінде жатыр деп 
түсіндіріледі.
Қылмыскерліктің себебін түсіндіруде авторлар психикалық аурулардың шығу 
тегін анықтайтын схеманы қолданады: балалық шақтағы эмоционалды 
жарақатқа басты зейін қояды, ал қылмыстық әрекеттерді өзіндік қорғаныс 
реакциясы ретінде қарастырады.
Теориялық позициясы және тәжірибесі қылмыс туралы ілімнің идеологиялық 
теориясына сүйенген батыс соттық психиатриясынан отандық психиатрияның 
айырмашылығы, ол психикалық бұзылыстың табиғатын материалистік тұрғыдан 
түсіндірді және клиникалық психиатрияның жетістіктері негізінде дамыды. 
Психикалық ауруларды соттық-психиатриялық бағалау критерийлерін жасау- 
да XIX ғасырдың психиатрлары үлкен үлес қосты: В.Х. Кандинский, С.С. Кор­
саков және В.П. Сербский. В.П. Сербский психикалық ауруларды эксперттік 
бағалау үшін олардың өз ісіне есеп беру қабілеті және өзінің істерін басқара 
алу қабілеті жөнінде көрсеткіш енгізді.
Дегенмен, алдыңғы қатарлы отандық психиатрлардың прогрессивті 
теориялы қ концепциясы мен револю цияға дейінгі Ресейде соттық- 
психиатриялық сараптама тәжірибе жүзінде орындалуын реттейтін архаикалық 
заңды нормалар арасында келіспеушілік болды. Соттық-психиатриялық көмек 
халық денсаулығын сақтау қызметінің бір түріне айналды. Іс жүзінде заң және 
тиісті нұсқаулыкгар арқылы психиатриялық сараптамалардың түрлері, олардың 
тағайындалу жағдайлары, сонымен бірге эксперттердің міндеттері мен 
құқыкгарықалыптасты. Сот-психиатриялық сараптама айып тағылушының 
психикалық толымдылығына күмән туған кезде міндетті шара болып қалыптасты. 
Елімізде психикалық аурулардың қоғамға қауіпті әрекеттері жөніндегі мәселе 
заң жүзінде қарастырылған. Заң бойынша қылмыс жасау сәтінде қабілетсіздік 
жағдайында, яғни, созылмалы психикалық аурудың, жан қызметінің уақытша 
бұзылысы, деменция немесе өзге дертті күйге байланысты өз әрекетіне есеп 
бере алмау немесе оларды басқара алмау жағдайында болған тұлға қылмыстық 
жауапкершілікке тартылмайды деп көрсетілген. Мұндай тұлғаларға соттың 
үкімімен мәжбүрлік медициналық шаралар қолданылуы мүмкін. Қылмысты 
саналы түрде жасаған, бірақ сот үкімі шыққанға дейін өз әрекетіне есеп бере 
алмау немесе оларды басқара алмау жағдайына алып келетін психикалық дерт- 
ке шалдыққан тұлға жазаға тартылмайды. Қоғамдық қауіпті әрекет жасаған


Психикалық ауруларды зерттеудің негізгі аспектілері
23
адам (егер оның психикалық денсаулығына күмән болса) прокуратура, тергеу 
органдары немесе сот арқылы соттық-психиатриялық экспертизаға жіберіледі. 
Науқас адам қабілетсіз деп танылғанда, оның ісі қылмыс ретінде емес, қоғамға 
қауіпті әрекет ретінде қаралады. Осындай ауруларға соттың шешімі бойынша 
медициналық сипаттағы шаралар қолданылады (психиатриялық емханада еріксіз 
емдеу шарасы). Еріксіз емдеудің сипаты және оны жүргізу формасы арнайы 
нұсқаулық арқылы аныкгалады. Кейбір тұлғалар психикасының аз уақытқа 
бұзылуы кезінде қылмыс жасаса ж әне есі дұрыс емес деп танылса, олар 
психиатриялы қ емханада еріксіз емдеуді қажет етпейді. Оларды туған- 
туыстарының қамқорлығына тапсырады және бөлімшелік психиатрдың есебіне 
алынады.
Біздің елімізде еріксіз емдеу соңғы жылдары нашақор және алкоголизмнен 
зардап шегетін науқастарға да қолданылады. Қоғамдық тәртіпті, еңбек тәртібін 
жүйелі бұзушыларға мұндай шара аса қажет жағдайда ғана қолданылады. Емдік- 
еңбектік профилакторияға күштеп жолдау сот үкімімен іске асырылады, бірақ, 
бұл шара әкімшілік болып есептеледі және соттық жауапкершілікке тартылған 
болып есептелмейді.
Психикалық аурулар жөнінде көптеген азаматтық 
мәселелері олардың
қабілеттілігін, қабілетсіздігін бағалауға байланысты шешіледі. Психикалық 
ауру әрқаш ан тұлғаның заң алдындағы жағдайының өзгеруіне әкелмейді. 
Психикалық аурудың заң алдындағы жағдайының бағасы оның психикалық 
жағдайының бұзылуының түріне, дәрежесіне байланысты. Біздің елімізде 
қабілетсіздік критерийі Азаматтық кодексте былайша аныкгалады: «Жан дерті 
немесе деменция нәтижесінде өз әрекетіне есеп бере алмау немесе оларды 
басқара алмау жағдайында азамат Азаматтық процессуалды кодекспен бекітілген 
тәртіп бойы нш а қабілетсіз болып танылады. Ол азаматқа қорғанш ы
тағайындалады». Адамның психикалық өзгерістерінің дәрежесін және олардың 
осы критерийлерге сәйкестігінің дәрежесін соттық-психиатриялық комиссия 
анықтайды.
Егер қабілетсіз деп танылған аурудың денсаулығы жақсарып немесе жазыл- 
са, сот оны қабілетті деп танып, тағайындалған қорғаншы алынып, азаматтық 
құқығы толық орнына келтіріледі. Аурудың қабілетсіз кезеңінде оның істерін 
ол үшін жауапты адам жүргізеді. Қабілетсіз деп танылған адамға қорғаншы 
аудандық халық депутаттарының атқару комитеті қарамағындағы қорғаншы 
тағайындау бойынша комиссия арқылы тағайындалады. Қорғаншының әрекеті 
қорғаншылық бойынша Кеңеспен бақыланады.
Азаматтық заңда наш ақорлы қ ж әне алкоголизмнен зардап шегетін 
науқастарға қатысты шектелген қабілеттілік туралы түсінік енгізілген. Бұл 
бірінші кезекте мүліктік келісім-шарттарға қатысты. Соттың шешімі бойынша 
осы адамдарға қорғаншы тағайындалады және оның келісімінсіз олар мүліктік 
келісім-шарттар жасай алмайды. Ішімдікті немесе есірткі заттарын шектен тыс 
қолдануды толық қойғаннан кейін олар сот арқылы өздерінің ^ ^ н ы н қалпына 
келтіреді. Науқастың таңдаулы ^ ^ н ы н қолдану жағдайы және бала тәрбиелеу 
мүмкіндігін қарастыру кезінде оның қабілеттілігін бағалау, олардың нақты 
психикалық дертін және оның болжамын есепке ала отырып жүргізіледі. Бұл


24
I Тарау. Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері
жерде айта кететін жағдай, ата-анасының қабілетсіз болып табылуы оларды 
сол мезетте ата-аналы қ құқығынан айырмайды. Олар қартайған кезде 
балаларының көмегіне жүгіну құкығын сақтайды. Қабілетсіздік пен есі дұрыс 
еместік түсініктерін салыстырғанда, ұқсастық та, айырмашылық та бар. Кейбір 
жағдайларда науқас келісім шарт жасағанда қабілетсіз болып табылады, мыса­
лы, өз мүлкін сатқанда, біреуге сый-мұра ретінде қалдырғанда т.с.с., қылмысты 
іс жасағанда есі дұрыс емес болып танылуы мүмкін. Кейбір қылмысты жауап- 
ты істі қысқа уақытқа психикасының бұзылуы кезінде жасаған және есі дұрыс 
емес деп танылған тұлғалар қабілетсіз деп танылмайды.
Соттық психиатрия өзінің теориялық және практикалық мәселелерін шеш- 
кенде жалпы психиатрияның жетістіктеріне сүйенеді. Психикалық аурулардың 
болмысын бағалауда материалистік көзқарас және отандық психиатрлардың 
нозологиялық бағдары соттық-психиатриялық мәселелерді шешу кезіндегі 
м едициналы қ критерийлерді анықтауда маңы зды орын алды, соттық 
психиатрияның құзіреттілік шекарасын анықтауға мүмкіндік берді. Осы жағдай 
мамандарды әлеуметтік және психологиялық заңдылықтарды психиатриялық 
принциптермен ауыстыруға талпынудан құтқарды, қоғамда психиатрия функ- 
циясын дұрыс түсінбеуге жол бермеді. Психикалық ауруларды емханаға орна- 
ластыру жайлы арнайы әкімшілік-заңды ереже бар. Ауруларды психиатриялық 
стационарға жатқызу және онда емдеу жүйесі әр елде әртүрлі. Барлық елге 
ортақ екі жол бар: ерікті және еріксіз емдеу.
Шұғыл госпитализация аурулар өзіне және айналадағыларға қауіп төндірген 
кезде жүргізіледі. Бұл аурудың келісімінсіз, дәрігер-психиатрдың шешімімен, 
жедел, міндетті түрде науқастың туған-туыстарының немесе заңды өкілдерінің 
қатысуымен денсаулық сақтаудың жоғарғы органдарына хабарлау арқылы 
жүзеге асырылады.
Аудандық, аймақтық, республикалық бас психиатрларға қатысты жаңа 
ереже енгізілді. Олардың міндетіне халыққа психиатриялық көмек көрсету және 
оны ұйымдастыруды жетілдіру, психикалық аурулардың қызығушылығы мен 
құқығын қорғау, сондай-ақ психикалық аурулар тарапынан болатын әлеуметтік 
қауіпті әрекеттен сақтандыру шаралары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет