Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУД ІҢ



Pdf көрінісі
бет9/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУД ІҢ  
Н ЕГІЗГІ А СП ЕКТІЛ ЕРІ
Психикалық ауруларды зерттеуде әр түрлі әдістер және бір-бірімен шектес 
клиникалы қ пәндердің ж әне іргелі ғылымдардың теориялық жетістіктері 
қолданылады. Психиатрияда негізгі зерттеу әдісі — 
клиникалык әдіс
болып 
табылады, яғни, аурумен сөйлесу, оны бақылап, тексеру, ол туралы жақын 
туыстарынан, қызметтестерінен алынған мәліметтерге талдау жасау.
Аурудың барысы мен болжамын дұрыс сипаттауда катамнестикалық зерт- 
теулер маңызды орын алады. 
Катамнез
— науқастың ауруханадан шыққаннан 
кейінгі, әр түрлі уақыт аралығындағы жағдай-күйі туралы мәліметтер. Катам- 
нестикалық мағлұматтар әр түрлі мәлімет көздерінен жиналады, олар — арнайы 
зерттеулердің мәліметтері, ауру тарихынан алынған көшірмелер, науқастың 
ауызша немесе жазбаша берген мәліметтері.


18
I Тарау. Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері
Науқастың күйін ж әне оның дертінің болжамын бағалауда нақты бір 
психикалық аурудың клиникалық көрінісіне тән жалпы заңдылықтарын еске- 
ру қажет. Бұл з а щ ^ л ы ^ ^ психикалық бұзылыстардың белгілі бір сатыларын- 
да көрінеді және бұзылыс сипаты ОЖЖ қызметінің бұзылуының тереңдігін 
көрсетеді.
Сонымен бірге, зерттеудің басқа әдістері де қолданылады: психологиялық, 
соматикалық күйіне баға беру, неврологиялық, электроэнцефалографиялық, 
биохимиялық, серологиялық және т.б. 
Психологиялык зерттеулер
эксперименттік 
жағдайда әр түрлі тесттер, әдістер қолданып, науқастың танымдық қызметінің 
ерекшеліктері мен оның бұзылу дәрежесін, есте сақтау қабілетін, қабылдауы 
мен өзге де психикалық функциялардың бұзылыстарын және ерекшеліктерін 
диагностикалауға мүмкіндік береді.
Көп аурулардың себебі әлі анықталмаған, ал жеке психикалық аурулардың 
кл и н и кал ы қ көрінісінде ұқсастықтар көп, сонды қтан көп жағдайда 
неврологиялық ж әне соматикалық бұзылыстардың болуы немесе болмауы 
аурудың диагнозын қоюда едәуір көмегін тигізеді.
Электроэнцефалография
арқылы ОЖЖ-ның органикалық патологиясының 
белгілерін анықтауға болады. Басқа 
зертханалык тексерулер
(биохимиялық, 
серологиялық, рентгенологиялық) соматикалық патология бар-жоғын анықтау 
үшін және терапияның басқа түрінің қажет немесе қажет еместігін анықтау 
мақсатында жүргізіледі.
Соңғы жылдары психиатрия саласында 
эпидемиялогиялык тексеру
кең көлем 
алды. Бұл зерттеулер өзекті мәселелерді кең көлемде шешуге бағытталған.
Ерте кезеңде «эпидемия» термині кең мағынада қолданылған және толықтай 
инфекцияға ғана қатысты дамыған ауруларға байланысты болмаған. «Эпидемия» 
термині алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде қолданылған және адамдардың 
басым көпшілігін зақымдайтын, белгілі бір аумақта кенеттен пайда болатын 
дертті қарастырған. Соғыстың бейнелі түрде медициналық анықтамасын 
Н.И. Пирогов ұсынды, оны ол «жарақат эпидемиясы» деп атады. Бұл термин 
психикалық ауруларға қатысты психикалық бұзылыстар тұрғындар арасында 
әдеттен тыс деңгейге жеткен кезде қолданылды. Өткен ғасырдың екінші жар- 
тысында «Психикалық эпидемия», «ақыл-ес эпидемиясы» жөнінде жазыла 
бастады (Реньяр П., 1889).
«Эпидемия» және «эндемия» терминдерін психикалық аурулардың таралу 
дәрежесін сипаттауда қолдану өткен жүзжылдықтың аяғында ағылшынның 
медикопсихологиялық сөздіктерінде көрініс тапты.
«Эпидемиялогия» термині кең мағынаға ие болуда. Қатерлі ісіктер, жүрек- 
қан тамыр жүйесі, психикалық аурулар және т.б. аурулар эпидемиялогиясы 
ресми түрде мақұлданды.
Тиімді психиатриялық көмек ұйымдастыру үшін тұрғындар арасында 
психикалық аурулардың таралуы жөнінде мағлұмат алудың маңыздылығы мен 
қажеттілігі жөнінде бүкіл психиатрлар психиатрияның ерте даму сатысының 
өзінде айтқан (Якоби П.И. 1891, Корсаков С.С. 1901, т.б.).
Эпидемиологиялық тексерудің негізгі аспектісі — дертті үрдістің пайда 
болуындағы әр түрлі факторлардың рөлін ж әне ағымының ерекшеліктерін


Психикалық ауруларды зерттеудің негізгі аспектілері
19
зерттеу болып табылады. Бұл факторларды анықтау психикалық аурудың эти- 
ологиясы мен патогенезі мәселелерін анықтауға көмектеседі. Сол себептен 
психикалық ауруларды зерттеу және психикалық аурулардың жағдайына баға 
беру әр түрлі әдістер көмегімен жүргізіледі. Осы тексерулердің нәтижесін 
түсіндіруде соңғы жаңалықтар, ғылы мньщ әр саласындағы жетістіктер 
қолданылады.
Психикалық бұзылыстардың болмысын зерттеу — күрделі мәселенің бірі. 
Соңғы жылдары психикалық аурудың биологиялық негізін зерттеу психикалық 
бұзылыстардың патогенезінің механизмін анықгауда үлкен жетістікке жеткізді. 
Бірақ, мәселе толығынан шешілген жоқ деуге болды. Бұл тек этиологиясы 
белгісіз ауруларға ғана қатысты емес, тіпті, этиологиясы белгілі психикалық 
ауруларға да қатысты. Соңғы жағдайда жауабы белгісіз сұрақ туындайды: 
этиологиялық фактор болып табылатын біртекті зияндылық (мысалы, инфек­
ция, токсикалы қ зиянды зат) кейбір адамдарда психикалық бұзылыстар 
туғызады, ал екіншілерінде туғызбайды. Көптеген шетел психиатрлары 
психикалық бұзылыстардың этиологиясы мен патогенезі жөнінде нақты мәлімет 
болмағандықтан, психиатрияда нозологиялық принципті қолдану мүмкін емес 
деген көзқараста ж әне психикалық ауруларды өмірдің қиын жағдайларына 
тұлғаның бейімделу формасының түрлері деп сендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет