Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет7/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ІҢ МІНДЕТТЕРІ


14
I Тарау. Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері
пайда болу мүмкіндігін төмендетеді, ж еке бастың үйлесімді дамуын 
қабілеттендіреді.
Біздің елімізде, жалпы мемлекеттік деңгейде әр түрлі зиянд^ілықгарды, адам 
денсаулығына кері әсер ететін факторларды аластату жолында белсенді және 
кең түрде іс-шаралар жүргізіледі. Қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес 
жүргізіледі, өндіріс жағдайында кәсіби зияндылықтар аластатылады және т.б. 
Елімізде адам денсаулығына кері әсер ететін әлеуметтік сипаттағы алғы шарт- 
тар жоқ. Азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, білікті медициналық көмек 
алуға құқықтары конституциямен кепілденген және заң жүзінде бекітілген. 
Көлемді жалпы және арнаулы қызмет көрсетуден тұратын медициналық көмек 
ауруларды анықтауды, емдеуді ж әне де оларды бақылаудың қажет түрлерін 
таңдауды қамтамасыз етеді.
Психиатрия, ең негізгі медициналық саланың бірі ретінде, көптеген ғылыми 
және практикалық мәселелерді қарастырады. Теориялық және практикалық 
аспектілерден тұратын осындай мәселенің бірі — психикалық бұзылыстардың 
таралуын және көрініс беру формаларын анықтау болып табылады. Психикалық 
бұзылыстардың таралуы ж әне олардың тұрғындар арасында көрініс беру 
ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер мен психиатриялық көмекті жоспарлау, 
этиологиялық маңызды факторларды анықтау үшін ғылыми нақты материал 
бола алады, сонымен бірге, оның негізінде алдын алудың тиімді шараларын 
жасауға мүмкіндік береді.
Психикалық аурулар өздерінің көрініс берулеріне байланысты біртекті емес. 
Олардың жеке формаларының таралу дәрежесін, көріністерін бағалау дұрыс 
әдістемелік негізде жүргізілу керек. Бұл принциптен ауытқу жалған теориялық 
және практикалық шешімдерге әкеледі.
Психиатрлар психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған 
ортаны танудың бұзылуына, өз жеке басын саналы қабылдаудың өзгеруіне алып 
келетін ми қызметінің бұзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми қызметінің 
бұзылуы сыртқы (интоксикациялар, жарақаттар, ми қоректенуінің бұзылуы, 
психогениялар ж әне т.б.) немесе ішкі себептердің, бейімділікпен, сонымен 
қатар өзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары әсерінен 
пайда болуы мүмкін. Осының нәтижесінде науқастың өмір сүруге қабілеттілігі 
мен бейімделуі жекелей немесе толық бұзылады.
Ми қызметінің бұзылуы пайда болу сипатына және айқындылық дәрежесіне 
қарай әр түрлі болады және психикалық аурулардың ерекшеліктеріне, түрлері 
ж әне ағымының кезеңдеріне байланысты болады. Ми қызметінің бұзылысы 
терең емес ауруларда бейнелеуге қабілеттілік ж әне қоршаған ортаны дұрыс 
тануы бұзылмайды, психикалық ауытқулар бұл жағдайда өзін нашар сезінумен 
және әлеуметтік бейімделу қиыншылықтары арқылы көрінеді. Ми қызметінің 
терең бұзылуы байқалатын ауруларда науқастың жүріс-тұрысы мен мінез- 
құлқы өзгеруі мүмкін, қоршаған ортаны тануы және қабылдауы дертті мотив 
сипатын алады. Аурулардың бірінші тобы «шекаралық бұзылыстар» деп ата- 
лады. Бұл топқа, негізінен, невроздар мен психопатиялар жатады. Олар 
психикалық саулық пен психикалық бұзылыстар арасындағы шекарада бола­
ды. Екінші топты психоздар құрайды. Аурулардың осы топтарының әрбіреуі


Бірінші бөлім. Психиатрияға кіріспе
15
біртекті емес және әрқайсысының өзінің табиғаты, клиникалық ерекшеліктері, 
болжамы бар.
Психикалық науқастардың сырқаттарының ерекшеліктерін ескере отырып, 
олардың жағдайын ажыратып, анықтау маңызды орын алады. Осы мәселеге 
көп зерттеулер арналған, олардың негізінде психикалық аурулардың әр түрлі 
жіктеулері ұсынылған. Этиологиялық принцип бойынша құрылған бұл жіктеулер 
барынша ғылыми негізделген деп айтуға болады. Бірақ, психикалық аурулардың 
шығу тегі әлі жеткілікті аны қ емес ж әне психикалық аурулардың жүйесі 
этиологиялық, клиникалық және басқа принциптерден құралады. Психикалық 
аурулардың жіктелу жүйесіне психиатрия дамуының әр түрлі кезеңінде орын 
алған жалпы теориялық ұстанымдар да ықпал етеді. Кеңес психиатрларының 
көптеген шетелдік психиатрлардан айырмашылығы — олар психикалық ауру- 
ларды соматикалық аурулар тәрізді этиологиясын, патогенезі мен клиникасын 
топтай келе, жүйелендіру мүмкін деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет