Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет207/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ХХѴІІІ Тарау 
КЕМАҚЫЛДЫҚ (ОЛИГОФРЕНИЯЛАР)
Олигофрения
— (грек тілінен oHgos — аз, phren — акыл, аз ақылдык) клини- 
касында салыстырмалы түрде тұракты интеллектуалды дамудың артта калуымен 
көрінетін, әлеуметтік-еңбектік адаптацияның үлкен киыншылыктарына алып 
келетін мидың экзогендік зақымдануы, метаболизм бұзылыстары, туа пайда 
болған кемістікгер және хромосомдық аномалияларға байланысты патологиялык 
жағдайлар.
«Олигофрен» терминін алғаш Э. Крепелин енгізген.
Этиологиялык факторларына байланысты олигофренияларды үш топка 
бөлеміз.
Бірінші топ
— табиғаты эндогенді олигофрениялар (ата-аналарыныщ 
генеративті ж асуш аларды ң толы м сы зды ғы м ен байланы сты ), тұқым 
куалаушылыкка байланысты (Даун ауруы, олигофренияның энзимопатиялык 
түрі, нағыз микроцефалия және т.б.).
Екінші топ
— ұрыққа, құрсақгағы балаға әр түрлі зияндылықгардың әсерінен 
пайда болған олигофрения (вирусты аурулар және интоксикациялар, сонымен 
катар, анасының алкоголизмі, токсоплазмоз), эмбриогенездің ерте сатысында 
пайда болатын миы дамуындағы кемтарлыктармен және т.б. байланысты оли­
гофрения
Үшінші топ
— асфиксиямен ж әне босану кезіндегі жаракаттармен, ерте 
бас-ми жарақаттарымен және нейроинфекциялармен байланысты олигофре- 
ниялар.
Қазіргі уақытта зат алмасудың тұқым қуалайтын дефекгісіне мысалы, фенил- 
кетонурияға көп көңіл бөлінуде.
Қазіргі уакытта олигофрения мәселелері әр түрлі бағытта каркынды зерт- 
телуде. Олигофренияның генетикалык аспектілері зерттелуде, алынған мәлі- 
меттер нәтижесінде этиологиясы мен патогенезін анықгауға және генетикалык 
аппаратқа әсер ету аркылы акыл-ойдың жеткіліксіздігі дамуының алдын алуға 
мүмкіндік туады.
ОЛИГОФРЕНИЯ КЕЗІН Д ЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ 
БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Олигофрениялар кезіндегі психикалык бұзылыстар басым түрде интеллект 
жеткіліксіздігімен көрінетін психика дамуының жалпы артта калуымен сипат­
талады. Олигофрениямен зардап шегетін балалар дамуы жағынан артта калады 
және олардың тілі кеш шығады немесе мүлдем дамымайды. Олар 3—5 жастан 
бастап, кейде одан да кеш жүруді бастайды, ал ауыр жағдайларда бұл козғалыс


Олигофрения кезіндегі психикалық бүзылыстар
361
дағдысын да игермейді. Олардың қозғалыстары жеткіліксіз координацияланған, 
м имикасы біртекті. Сыртқы әлпеттері өздеріне тән ж әне дене бітімінің 
бұрыстығымен, пропорционалды еместігімен, бет сүйегінің, мускулатурасының 
ассиметриясымен, бас сүйегінің кіш кентай немесе аса үлкен болуымен 
ерекшеленеді.
Ойлау қабілеті күрт бұзылған және оның бұзылысының айқындылығы оли­
гофрения түріне байланысты болады. Науқастарда аналитикалық, әсіресе, 
синтездік ойлау қызметіне қабілет болмайды. Тек олигофренияның жеңіл 
түрінде аса шектелген аналитикалық ойлау қабілеті болады.
Эмоционалды сферада төменгі дәрежелі эм оциялар басым болады
аффектілері дифференцацияланбаған және толымсыз.
Еріктік үрдістер элементарлы әуестіктермен, мақсатты әрекеттерді орында- 
уда қабілетсіздік немесе жеткіліксіздікпен көрінеді.
Олигофрения кезіндегі психикалық бұзылыстар өте тұрақты және өмір бойы 
сақталып қалады.
Психикалық даму артта қалуының үш дәрежесін ажыратады (психикалық 
бұзылыстардың тереңдігі мен ауырлық дәрежесі бойынша) — идиотия, 
имбецильдік және дебильдік. Олигофренияның бұл формаларының барлығы 
адам қызметтері зақымданулары акцентімен — ойлау ж әне адамзаттың 
филогенетикалық ежелгі инстинктивті ерекшеліктерінің салыстырмалы түрде 
сақталып қалуымен, психикалық даму артта қалуының глобальды сипатымен 
бірігеді.
Идиотия
(грек тілінен 
idioteia
— көргенсіздік) — олигофренияның аса ауыр 
формасы, оларға қоршаған ортаға жеткіліксіз реакция тән (реакция болмайды 
немесе адекватсыз, дифференциаланбаған). Сөйлеу әдетте дамымайды, айнала- 
сындағылардың сөзі үлкен қиындықпен қабылданады, олардың мәнін түсінбейді, 
тек интонация қабылданады. Идиотиямен сырқат науқастар сырттан үнемі 
күтімді қажет етеді ж әне олардың көмегінсіз өмір сүруге қабілетсіз. Олар 
қоршаған ортадағы жайттарға мүлдем қатыспайды, пассивті және ашығу, тоңу 
тәрізді сезімдерге түсініксіз дыбыстармен элементарлы реакциялар танытуы 
мүмкін. Эмоциялары өте кедей және өздерін қалай сезінгендігіне, элементар­
лы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты болып келеді. Жиі 
ашу-ыза аффекті айқын болады, ол қоршаған адамдарға ж әне өзіне деген 
агрессияға бейімділікпен, қим ы лды қ қозу ж ағдайымен көрініс береді. 
Олигофрендердің әрекеттері (идиотия сатысында) — инстинктивті автоматты 
актілер немесе сыртқы тітіркендіргіштерге элементарлы қимылдық реакциялар 
түрінде болады.
Бұл психикалық ерекшеліктер дөрекі физикалық дефектілермен (айқын 
диспластика, бас сүйек және қаңқа деформациясы) бірге жүреді, неврологиялық 
симптомдар (салданулар, парездер, тырысулық пароксизмдер) бақыланады.
Идиотияның сипатталған көріністері өте тұрақты және терапиялық әсер 
тиімділігі төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет