Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет215/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЭПИЛЕПСИЯЛЫ Қ СТАТУС
Эпилепсиялық статус 
дегеніміз қайталанатын үлкен тырысулық ұстамалар 
сериясы, олардың арасында айқын сана қалпына келмейді және кома белгілері 
сақталады.
Кейде жеке ұстамалар арасындағы үзіліс 2—5 мин құрауы мүмкін, бұл кезеңде 
қалыпты тыныс орнына келеді. Бірақ үнемі қайталанатын ұстамалар ликворо- 
динамика бұзылысын, салдарлық гипертермия, тыныс және жүрек қызметі 
бұзылысымен байланысты үдемелі ми ісінуін туындатады. Ем тиімді болмаған 
жағдайда, бірнеше сағаттан кейін өлімге әкелуі мүмкін.
Эпилепсиялық статус себебі басішілік ісіктер және басқа қатерлі ісіктердің 
миға метастазы, ауыр бас-ми жарақаттары, эклампсия болуы мүмкін. Эпилепсияныщ 
эпилепсиялық статус типі бойынша ұстамалармен жүретін формасы сирек 
кездеседі — эпилепсиямен сырқат науқастарда бұл жағдайдың жиі кездесетін 
себебі — тырысуға қарсы заттарды қабылдауды кенет тоқтату болып табылады 
(барбитурлық токсикомания кезінде абстинентті синдром фонында осындай күй 
бақыланады). Бұл жағдайды шығу тегі басқа коматозды жағдайлармен дифферен- 
цациялау қажет (инсульт, асфиксия, жүрек тоқтауы, гипогликемия және т.б.).
Эпилепсиялық статус кезінде журек қызметі тоқтамайды, тыныс тырысулық
устамалар арасында бузылмайды. Асистолия мен асфиксия кезінде уақытымен
көмек көрсету мумкіндігін жіберіп алмас ушін осыған көз жеткізу керек.
Егер эпилепсиялық статус диагнозына күмән болмаса, емді диазепам пре- 
паратын (седуксен, реланиум) көктамырға 40% глюкоза ерітіндісімен бірге баяу 
енгізуден бастайды (жылдам енгізу тыныс тоқтауына алып келуі мүмкін!). До- 
засы бір реттік енгізуде 15—30 мг құрайды (қайталап енгізгенде, тәулігіне 60 мг 
дейін). Қолдануға болатын басқа да заттар — олар 40—100 мл 0,8% клометиазол 
(геминеврин) ерітіндісі, немесе 5—10 мл 10% гексенал ерітіндісі көктамырға 
немесе бұлшық етке, немесе 50—75 мг хлорпромазин бұлшықетке немесе глю­
коза ерітіндісімен көктамырға баяу енгізу. Көктамырға енгізу қиындықтары 
туындағанда тырысуға қарсы заттарды 
per rektum
енгізуді қолдануға болады 
(0,4—0,6 г барбитал немесе жаңадан дайындалған 20—30 мл 6% крахмалды


374
XXIX Тарау. Психиатриядағы ургентті жағдайлар
клейстермен хлоралгидрат ерітіндісін). Дәрілік заттарды (вальпроатттар, бар- 
битураттар, бензодиазепиндік транквилизаторларды) назогастральды зонд 
аркылы енгізуді колдануға да болады.
Егер, бірден тиімді әсерге қол жеткізілмесе, реаним ациялы қ қызмет 
шакырылады. Өмірге кабілеттілікті сүйемелдеу максатында шокқа карсы және 
дегидратациялық терапия жүргізіледі: магний сульфаты (10-15 мл 25% ерітіндісін 
бұлшықетке немесе көктамырға), лазикс (20-40 мг көктамырға ағымммен), 
маннитол (200 мл 15-20% жаңадан дайындалған ерітіндісін), кортикостероид- 
тар (1 -2 мл 3% преднизалон ерітіндісін немесе 2 -3 мл 0,4% дексаметазон 
ерітіндісін көктамырға ағыммен), гепарин (5000 ЕД-дан тәулігіне 4 рет). Жүрек 
кызметін сүйемелдеу үшін кофеин, кордиамин, строфантин, коргликон, эуфи- 
ллин енгіземіз, гипотония жағдайында — мезатон енгізіледі. Тырысу жағдайын 
тудыратын заттарды енгізуге болмайды (сульфокамфокаин, камфора, кетамин, 
бемегрид, никетамид, прозерин). Реанимациялык бөлімше жағдайында мио- 
релаксанттарды колдану аркылы ингаляциялык наркоз жүргізіледі: біркатар 
зерттеулерде баскарылатын ми гипотермиясы мен гемосорбция кезінде жаксы 
нәтиже алынды. Ісіктер болған жағдайда декомпрессияға бағытталған шұғыл 
операция жүргізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет