Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Эр жас кезеңі топтарындағы суицидтің аяқталу мүмкіндігі



Pdf көрінісі
бет213/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Эр жас кезеңі топтарындағы суицидтің аяқталу мүмкіндігі
Жас кезеңі
«Суицидалды әрекеттер: аяқталған суицид» арақатынасы
Ерлер
Әйелдер
15-19
12:1
59:1
70-74
1,4:1
1,8:1
Өз-өзіне цол жумсаудың жоғары цауіптілігін көрсетеді
(Г.И. Каплан және 
Б. Дж. Сэдок бойынша, 1994):
• 45 және одан жоғары жас;
• алкоголизм;
• козғыштык, агрессивтілік, зорлык жасауға бейімділік;
• өткен шағында суицидальды жүріс-тұрыстың орын алу жағдайы;
• ерлер жынысы;
• көмек кабылдағысы келмеу;
• нақты қазіргі уақыгтағы депрессия немесе анамнезіндегі депрессивті ұстама;
• психиатриялык ауруханаға госпитализация және емделу;
• соматикалык ауру, алда болатын операция;
• жұмысын жоғалту немесе зейнетке шығу;
• жалғыздык, партнерін жоғалгу, ажырасу;
• жақын туыстарындағы суицидтер.
Жасөспірімдер мен мінез-кұлыктың истериялык сипатымен сыркат адам- 
дарда демонстративті суицидалды әрекеттер жиі бақыланады. Бұл кезде 
наукастар конфликтілі жағдай фонында шын мәнінде өлуге ниет болмаса да, 
өздеріне кол жұмсайтыны жөнінде айтады. Олардың сөздеріне көңіл бөлмеуге 
болмайды, өйткені, наукастар ашу-ыза күйінде өздерінің әрекеттерінің мүмкін 
болатын салдарын түсінбеуі мүмкін. Айкын суицидалды әрекеттер әркашан 
шұғыл госпитализацияға көрсеткіш болып табылады.


Тағам қабылдаудан бас тарту
371
ТАҒАМ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТУ
ХХ ғасырдың ортасына дейін тағам қабылдаудан бас тарту психиатриялық 
ауруханалар пациенттері арасында кең таралған көрініс болды, оның басты 
себебі қатерлі шизофрениямен сырқат науқастардағы кататониялық синдром 
болды. Өйткені, бұл күйді жоюдың тиімді тәсілдері болмады, күнделікті на- 
зогастральды зонд арқылы аса жауапты тамақтандыру процедурасын жүргізу 
керек болды. Соңғы жылдарда кататониялық синдром кезінде нейролептиктер 
сәтті қолданылуда, олар алғашқы күндердің өзінде науқастың өздігімен 
тамақтану қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Машақаты көп және 
қауіпті болып табылатын зондты тамақтандыру емшарасының орнына нәрлі 
ерітінділерді (глюкоза, дәрумендер, аминосол, аминостерил, инфезол) көкта- 
мырға енгізу арқылы парентералды тамақтандыру әдісін қолдануға болады.
Тағам қабылдаудан бас тартудың басқа да себептері жүйкелік анорексия
уландыру сандырағы, тыйым салатын императивті галлюцинациялар, өзін-өзі 
кінәлау және суицидальды тенденциялармен байланысты ауыр депрессия бо- 
луы мүмкін. Мұндай жағдайда науқастар өздерінің тағам қабылдағысы 
келмейтінін ашық айтулары мүмкін (тістеніп, басын тартып, тағамға түкіреді) 
немесе өздерінің шын мәніндегі ойларын жасырулары мүмкін, яғни тағамды 
қабылдап, артынан құсу шақырады. Үзақ уақыттық аштық жөнінде ауыздан 
шыққан ацетонның иісі, тері тургорының төмендеуі, гипотония, гипогликемия, 
үлкен дәреттің болмауы, үдемелі азып-тозу дәлел болып табылады.
Тағам қабылдаудан бас тартуды уақытында анықтау ушін науцастардың
салмақтарын апта сайын өлшеу усынылады.
Аштық жағдайындағы науқастарға төсек тәртібі, күнделікті тазарту клизма- 
лары тағайындалады. Тәбетті жоғарылату үшін инсулин (тері астына 10—20 ЕД, 
1—2 сағаттан кейін 40% глюкоза енгізіледі және жылы тәтті сұйықтық беріледі), 
нейролептиктер (жиі инъекция түрінде), гипертониялық 10% натрий хлориді 
ерітіндісі (20 мл көктамырға немесе тұзды клизмалар түрінде) тағайындалады, 
артынан тәтті сұйықтық беріледі. Нәрлі заттар мен дәрумендердің жеткіліксіздігін 
5% глюкоза ерітіндісін көктамырға және С, В1, В6 дәрумендерін бұлшық етке 
енгізу арқылы толықтырады. Анаболикалық гармондар тағайындалады (рета- 
болил 1 мл 5% ерітіндісін 8—10 күнде бір бұлшықетке).
Нәрлі заттар жеткіліксіздігін толықтырып қана қоймай, науқаспен түсіністікті 
қарым-қатынасқа және оның қолдауына қол жеткізу де маңызды. Науқасқа 
дәрігерлердің жүргізіп жатқан шұғыл шараларының қажеттілігін түсіндіру қажет. 
Ашығудың ағзаға келтіретін зиянды әсерлерін атап (гормоналды баланс 
бұзылысы, менструация тоқтауы), айтарлықтай косметикалық ақаулар (тері 
тургорының жоғалуы, әжімдер, дене мен бетте түктер өсуінің жоғарылауы) 
жөнінде мәлімет беру керек.
Кататониялық синдром кезінде 
тежеусіздендіру
процедурасы тиімді. Соңғы 
жылдарда тежеусіздендіру мақсаты нда диазепам (седуксен, реланиум) 
қолданылады, кейде тері астына кофеин енгізумен бірге қолданылады. Дене 
массасына сәйкес шприцке 40% глюкоза ерітіндісімен 0,5% 4—6 мл ерітіндіні 
жинайды және көктамырға баяу енгізеді, бұл уақытта үнемі науқаспен сөздік 
контактіге түсуге тырысады және тағам ұсынылып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет