Психофармакотерапияның жедел
асқынулары
375
кейін гомеостазды қалыптастыратын арнайы емес емдік тәсілдерге басты рөл
беріледі. Үнемі ерітінділер инфузиясын жүргізеді (полиглюкин, реополиглюкин,
глюкоза инсулинмен, полиионды қосылыстар). Гипотония жағдайында мезатон,
норадреналин, кортикостероидтар қолданады. Шашыранды қан тамыр ішілік
қан ұю синдромы дамуын болдырмас үшін гепарин және дипиридамол (куран-
тил) енгізіледі. Дене температурасын төмендету үшін анальгин, амидопирин,
дроперидол енгізіледі, мұзды көпіршіктермен салқындату жүргізеді.
Сонымен
қатар ноотроптар (пирацетам) тағайындайды. Психомоторлы қозу жағдайында
диазепамның (седуксен) немесе лоразепам тағайындалады. Жүрек қызметі мен
тыныс алуды үнемі бақылап отыру керек. Бірқатар зерттеулерде гипербариялық
оксигенация, экстракорпоральды гемосорбция және плазмаферез жүргізу оң
әсер көрсеткен.
Психоз өткеннен кейін, әдетте, сапалы, тұлғаның айқын өзгерістерінсіз
ремиссия дамиды. Кейбір науқастарда аурудың 2-ші және 3-ші
ұстамасы да
гипертермиямен өтуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: