ПСИХОФАРМАКОТЕРАПИЯНЫҢ Ж ЕДЕЛ АСҚЫНУЛАРЫ Психотропты препараттарды қолданудың ұзақ жылдық тәжірибесі мөлшерлеу
ережелерін сақтау және препараттарды дұрыс үйлестіру көп жағдайда салмақты
асқынулар жағдайын болдырмауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Психотропты
препараттарды қолданудың алғашқы жылдарынан-ақ сирек жағдайда болса да,
айтарлықтай қауіп төндіретін асқынулар бақыланды. Олардың себебі — дәрі
қабылдау тәртібін сақтамау, олардың жол берілмейтін қосылыстарын қолдану,
дәрілік затты қабылдауды күрт тоқтату, мидың қосымша органикалық зақымдануы
және алдын ала анықталуы қиын токсико-аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Катерлі нейролептикалыц синдром (КДС) барлық бұлшықеттер тонусының
күрт көтерілуімен, дене температурасының жоғарылауымен, гипертензия немес
АҚ төмендеуімен, тахикардиямен, профузды термен, сана бұзылысымен бай
ланысты көрініс береді. Зертханалық тексеруде креатинин және креатинфос-
фокиназа концентрациясының жоғарылауы, трансаминазалар белсенділігінің
өсуі, лейкоцитоз, лимфопения, ЭТЖ жылдамдауы бақыланады. Миоглобине-
мия, миоглобинурия бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупін тудырады.
ҚНС жиі күшті нейролептиктер шақырады (галоперидол, тиопроперазин).
Аталған асқынудың даму қаупі анамнезінде ОЖЖ-ның органикалық зақымдануы
болған адамдарда жоғары болып келеді. Дәрілік заттарды нашар көтеру және
препаратты қабылдаудың алғашқы күндерінде-ақ паркинсонизм көріністерінің
айқын болуы ҚНС-тың пайда болу мүмкіндігі жоғары екендігін білдіреді. ҚНС
пайда болуына алғаш күдік туы ндағанда-ақ нейролептиктер қабылдау
тоқтатылады. Б арлы қ күш су-электролиттік балансты коррекциялауға
бағытталады, тұзды ерітінділер, 5% глюкоза, плазма және плазмаалмастырушы
ерітінділер, реополиглюкин, полиглюкин, гемодез енгізіледі. Дофаминергиялық
жүйе белсенділігін қалыптастыру үшін бромокриптин тағайындалады (парло-
дел). Бұлшықет зақымдануының алдын алу үшін бұлшықеттік релаксант дан-
тролен енгізіледі. Терең сана сөнуі болмаған (аменция, сопор, кома) жағдайда