Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ПСИХОФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРМЕН УЛАНУ



Pdf көрінісі
бет219/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ПСИХОФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРМЕН УЛАНУ
Психотропты заттармен кездейсоқ улану сирек кездеседі (жиі кіші жастағы 
балаларда). П сихиатрияда қолданылатын препараттардың көпш ілігінің 
терапиялық диапазоны айтарлықтай ауқымды болғандықтан, өмірге салмақты 
қауіп аса жоғары дозаларды қабылдағанда пайда болады (30—50 стандартты 
таблеткалар). Әдетте, бұл әдейі өмірін қиюға талпыныспен байланысты. Кей­
де осындай дозаны токсикоманиямен сырқат науқастар қабылдайды. Дәрігер 
психотропты заттардың көп көлемде таблеткаларын бір уақытта тағайындау 
жағдайына салмақты қарауы тиіс. Бірнеше седативті затты бірлестіру олардың 
өзара бір-бірінің әсерлерін күшейтуіне алып келуі мүмкін.
Уланулардың емін көпшілік жағдайларда асқазан шаюдан бастайды (қабылдау 
сәтінен бірнеше сағат өтіп кетсе де). Ауыр улану жағдайында интенсивті тера­
пия бөлімшелерінде плазмаферез (қан плазмасының бір бөлігін алып тастап, 
оның орнын қан алмастырушы ерітінділермен толтыру) тәрізді күшті дезин­
токсикация тәсілі қолданылуы мүмкін. Коматозды жағдай дамығанда жүрек 
қызметі мен тынысты сүйемелдеуге үлкен көңіл бөлінеді (карбоген ингаляци- 
ясы, басқарылатын тыныс).
Фенотиозин тобының (хлорпромазин, дипразин) 
нейролептиктерімен ула­
ну
күрт гипотониямен коматозды жағдаймен, қарашықтардың кеңеюі, тыныс 
баяулауымен, гипотермиямен, тахикардиямен, олигуриямен немесе ануриямен 
көрініс береді. Асқазанды шаю ж ән е тазарту клизмалары қолданылады. 
АҚ жоғарылататын заттар (мезатон, норадреналин, кордиамин, кофеин, кор- 
тикостероидтар) енгізіледі. Іш ек парезімен күресуде прозерин (1 мл 0,05% 
ерітіндісін тері астына). Жүрек жеткіліксіздігі кезінде жүректік гликозидтер 
(строфантин, коргликон) және антиаритмиялық заттар (3—5 мл 10% новака- 
инамид ерітіндісін көктамырға баяу) қолданылады. Жүргізілген шаралар 
тиімділігі болмаған жағдайда экстрокопоральды детоксикация (гемодиализ, 
плазмаферез) бөлімшесіне шұғыл ауыстыру немесе қаналмастырушы заттар­
ды бір уақытта енгізу арқылы қан жіберу көрсетілген. Бутирофенондармен 
(галоперидол, трифлуперидол) улану ешқашан өлімге алып келмейді. Улану 
клиникасы жоғарыдағы суреттелген жағдайға ұқсас. Жиі бұлшықет ригидтілігі


380
XXIX Тарау. Психиатриядағы ургентті жағдайлар
(паркинсонизм, жедел дистония) бакыланады, сондыктан антипаркинсондык 
заттар (бипериден) ж ә н е м и орелаксан ттар (ди азеп ам , дан тролен ) 
тағайындалады.
ҮЦА (амитриптилин, имипрамин) улану
көрінісі фенотиазиндермен улану 
көрінісіне ұксас болып келеді. Кома жағдайында жүрек тарапынан бұз^ілыстар 
басым болады (тахикардия, жүрекшелер жыбырлауы кезеңдері, атриовентри- 
кулярлы немесе карыншаішілік блокада). Кейде галлюцинациялармен (делирий 
түрінде) психотикалык эпизодтар пайда болады. Ішек және несеп куығының 
атониясы бакыланады. Терапиялық шаралар жоғарыда аталып кеткендей. Жүрек 
бұзылыстарын коррекциялау ерекш е зейін қою ды қажет етеді, үнемі 
ЭКГ-бакылау жүргізіп отыру керек. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде жүректік 
гликозидтер (строфантин, коргликон) және антиаритмиялык заттар (3 -5 мл 
10% новакаинамид ерітіндісін көктамырға баяу) колданылады.
МАО ингибиторларын
(ниаламид, фенелзин) кабылдау кезінде интокси- 
кацияны ң қауіпті жағдайлары сирек дамиды. Ж иі уланудың себебі МАО 
қайтымсыз ингибиторларын антидепрессанттармен (ҮЦА ж әне С К Қ С И ), 
нейролептиктермен, психостимуляторлармен, адреналинмен, резерпинмен 
және т.б. кате бірлестіре тағайындау болып табылады. Бұл жағдайда АҚ күрт 
жоғарылайды, немесе коллапс деңгейіне дейін төмендеп кетеді. Сирек психоз- 
дар дамиды (делирий типі бойынша). Өкпе ісінуі және анурия дамуы мүмкін. 
Коллапс кезінде симпатомиметикалык заттарды (адреналин, норадреналин, 
мезатон, эфедрин, допамин, цититон, лобелин және т.б.) 
енгізуге мүлдем бол­
майды.
Гипотензия кортикостероидтарды (преднизалон, гидрокортизон) енгізу 
аркылы кайтарылады. Гипертониялык криздер кезінде эуфиллин, но-ш па, 
адренолитиктер (1 мл 0,5% фентоламин ерітіндісі немесе 1-2 мл 1% тропафен 
ерітіндісі) тағайындалады.
Барбитураттармен және бензодиазепиндік транквилизаторлармен уланудың 
клиникалык көріністері көп жағынан ұқсас. Жеңіл жағдайларда ұйқышылдық, 
атаксия, дизартриялы сөз, тахикардия, карашықгардың тарылуы, гипотермия, 
беткей тыныс бакыланады. Ауыр жағдайларда караш ыктарды ң ж ары кка 
реакциясының жоғалуымен, тыныс бұзылысымен (өкпе ісінуі, механикалык 
асфиксия, салдарлык пневмония) ж әне жүрек кызметі бұзылысымен кома 
дамиды. Бензодиазепиндік транквилизаторлармен улану кезінде ауыр, өмірге 
кауіпті жағдайлар сирек дамиды. Барбитураттар мен мепроброматты ң, 
керісінш е, терапиялы к диапазоны аз, улану ж ағдайында өлімге әкелу 
мүмкіндігі жоғары. Асказан шаю жүргізгеннен кейін ынталандырушы заттар 
(кофеин, коразол, кордиамин, эфедрин, стрихнин, камфора немесе сульфо- 
камфокаин) тағайындалады. Барбитураттармен улану кезінде арнайы зат 
бемегрид болып табылады (0,5% ерітіндісін 10 мл-дан кайталап көктамырға 
баяу енгізу), бірак оны коматозды күй дамыған жағдайда енгізуге болмайды. 
Наукасты жылытуға тырысады (кыздырғыштар (грелки), аяк-колға кыша 
кағаздар кою). Тыныс алуды калыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Оттегі 
(кар б о ген ), п н е в м о н и я н ы ң алды н алу үш ін ан ти б и о ти к тер ж ә н е
антигистаминдік заттар тағайындалады. Ауыр жағдайларда интубация және 
баскарылатын тыныс жүргізіледі.


Психофармакологиялық заттармен улану
381
Опиаттардың токсикалық дозаларын қабылдау,
ең бірінші кезекте, тыныстың 
терең тежелуімен (минутына 2—3 беткей тыныс алу) көрініс береді. Қарашықтар 
тарылуы (клиникалы қ өлім жағдайында — кеңеюі), сирек жүрек соғысы 
бақыланады. Тынысты қалыптастыруға шұғыл шаралар жүргізілуі тиіс (тыныс 
жолдарын тазарту, жасанды тыныс, интубация). Опиаттардың арнайы 
антагонисттері (налоксон ж әне налорфин) қайталап енгізіледі. Налоксон 
қолдану тиімділігінің болмауы коматозды күй себебінің бөтендігін көрсетеді. 
Налоксон әсері қысқа, сондықтан қайталамалы инъекцияларын (0,4 мг-нан 
көктамырға немесе тіл негізіне) алғаш қы жарты сағатта тыныс толық 
қалыптасқанша 4—5 рет жүргізген дұрыс, осыдан кейін оларды әр 2—3 сағат 
сайын кома дамымас үшін қайталап отырады.
Кокаинмен және психостимуляторлармен
(фенамин, первитин, эфедрон) 
интоксикация қозу, агрессия, сандырақ және галлюцинациялармен көрініс 
береді. Қарашықтар кеңейген, бірақ жарыққа жауап береді. Артериялық гипер­
тензия, тахикардия, аритмия, сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы бақыланады. 
Транквилизаторлар (10—20 мг диазепам), нейролептиктер (5—10 мг галопери- 
дол), р-блокаторлар (40 мг анаприлин ішке және көктамырлық инъекция кезінде 
8 мг дейін) қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет