4-Қосымша
477
өз-өзіне
қол жұмсаулар, мінез-құлық ерекшеліктерімен, алкоголизмнің ауыр
формаларымен көрінуі мүмкін. Тұқым қуалауға бейімділікті анықтау, әсіресе,
шизофрения, МДП, эпилепсия, психопатия ауруларында маңызды. Бұл фак-
торлар ата-анасы мен жақын туыстарында зерттеледі.
Қорытынды жасағанда
медициналық генетикада қолданылатын схема бойынша генеологиялық карта
жасалады. Әлеуметтік факторлар — бұл мәдениет, дәстүрлер, отбасында,
тұқымында қалыптасқан тәрбиелеу ерекшеліктері.
Anamnesis morbi (ауру анамнезі).
Аурудың алғашқы белгілері қашан пайда
болды, немен көрініс берді (соматикалық, неврологиялық, психикалы қ
бұзылыстар). П сихикалы қ өзгерістерге не
себеп болды немесе қандай
жағдаймен бірге жүрді. Соматикалық аурулары, бас сүйегінің зақымданулары,
инфекциялар, интоксикациялар, психикалық жарақаттар. Олар қалай көрініс
берді.
Аурудың дамуы:
пайда болу реттілігі ж әне симптомдарыныщ өзгеруі:
соматикалық, неврологиялық, психикалық.
Ауру ағымы:
жедел, жеделдеу,
созылмалы, үдемелі, стационарлық, рег
редиента, интермитирлеуші, ремиссиялар, декомпенсация, ауру барысына не
әсер етті. Терапевтке, невропатологқа, психиатрға қаралулары,
олардың диа-
гностикасы, емделу нәтижелері. Психиатриялық ауруханада болуы: қашан,
қандай ем қабылдады, нәтижесі.
Психикалық аурудың әрі қарай психикалық дамуына, жұмысына, оқуына,
адамдармен қарым-қатынасына әсері. Қазіргі ауруханаға түсуінің себептері.
Ескерту. Анамнездің әрбір түрі науқас адамның, туыстарының, жақын-
дарының сөзі арқылы анықталады. Әрбір адамнан алынған мәліметтер бөлек
жазылады және мәліметтің кімнен алынғаны көрсетіледі.
Соматикалық жағдайды және жүйке жүйесінің жағдайын зерттеудің психи-
атрияда маңызы зор. Бұл келесі себептермен анықталады.
1. Соматикалық және неврологиялық өзгерістер психикалық аурулар сим
птомы болуы мүмкін.
2. Соматикалық және неврологиялық аурулар
психикалық аурудың себебі
болуы мүмкін.
3. Соматикалық және неврологиялық өзгерістер психикалық аурудың да-
муына бейімдейтін фактор болуы мүмкін.
4. Соматикалық ж әне неврологиялық бұзылыстар психикалық аурудың
қолайсыз барысын және нәтижесін анықтауы мүмкін.
5. Соматикалық ж әне неврологиялық аурулар кейбір терапиялық емдеу
әдістеріне қарсы көрсеткіш болуы мүмкін.
6. Соматикалық ж әне неврологиялық қолайсыз жағдайлар кейбір дәрі-
дәрмектерді қолданғанда болатын асқынуларды туғызуы мүмкін.
7. Көптеген соматикалық және неврологиялық аурулар психикалық аурулар
кезінде жасырын немесе атипті түрде көрініс беруі мүмкін және оларды
анықтау үшін түпкілікті зерттеулер жүргізу қажет. Сонымен қатар, психи-
калы қ науқастар өздерін мазасыздандыратын
жағдайларды айтпауы
мүмкін.