Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


-Қосымша ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АУРУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет298/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

4-Қосымша
ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АУРУ ТАРИХЫ
«Сіз маған өзіңіздің сырқатнамаңызды 
көрсетіңіз, мен сізге қандай дәрігер 
екеніңізді айтып берейін» 
Дәрігер афоризмі
Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады
.
1. Төлқұжаттық мәліметтер.
2. Науқастың шағымы.
3. Анамнез:
а) өмір анамнезі;
б) отбасылық анамнез;
в) ауру анамнезі.
4. Тексеру кезіндегі науқастың жағдайы:
а) соматикалық жағдайы;
б) жүйке жүйесінің жағдайы;
в) психикалық жағдайы.
5. Синдромальды диагноз.
6. Лабораторлы және инструменталды зерттеулер нәтижелері.
7. Нозологиялық диагноз:
а) болжам диагноз;
б) диагнозды негіздеу;
в) қорытынды диагноз.
8. Тағайындаулар:
а) тәртіп, бақылау түрі;
б) күтім, тамақтану сипаты;
в) емдеу.
9. Ауру динамикасы (күнделіктер)
Төлкужаттыц мзліметтер:
аты-жөні, жасы, ұлты, жұмыс немесе оқу орны, 
мамандығы, мекенжайы және телефоны. Туыстарының мекенжайы және теле­
фоны. Түскен күні. Курация уақыты.
Науқастың шағымы (тексеру сәтіндегі)
Anamnesis vitae (өмір анамнезі).
Бұл зерттеулер психикалық аурудың дамуы- 
на алып келген биологиялық, психикалық ж әне әлеуметтік факторларды 
анықтауға бағытталған.
Биологиялық факторлар.
¥рықтану кезіндегі ата-анасының жас мөлшері, 
босану барысы мен физикалық даму сипаты. Соматикалық, инфекциялық бас- 
ми аурулары, интоксикациялар — өндірістік, алкогольдік, наркотикалық, ток­
сикоманиялар. Ж ы ны сты қ дамуы, менструальды цикл, ж ы нысты қ өмірі, 
жүктіліктері, босанулары, климакс, қартаю ерекшеліктері. 
Психикалық фак­
торлар.
Баланың жасына сай психикалық дамуы. Науқастың психикалық ерек- 
шеліктері — интеллектісі, қызығушылықтары, мінез-құлқы, еліктеулері, 
темпераменті, қиындықтарға психикалық төзімділігі, өзін бағалауы. ¥намды


476
4-Қосымша
касиеттері: мейірімділігі, әділдігі, адалдығы, жауапкершілік сезімі; әр түрлі теріс 
күйзелістер — кешенді күйзелістер, ішкі конфликтілер, жедел және созылмалы 
психикалык жарақат, эмоциялык депривация, ұзаққа созылған психоэмоциялық 
кернеліс жағдайы.
Әлеуметтік фактор.
Әлеуметтік ортаның ерекшелігі — ата- анасының от­
басы, өзінің отбасы, балалар бақшасы, мектеп, өндірістік орта, достары. 
Әлеуметтік дамуы — оку, әскери кызметте болуы, кызметтегі жетістіктері, 
коғамдык кызметі.
Клиникалық медицинада өмір анамнезін жас кезеңдеріне байланысты жазу 
және суреттеу кабылданған. Әр жастың өзіне тән биологиялык, психикалык, 
әлеуметтік зиянды факторлары болады, бұл психикалык аурулардың калай 
пайда болатынын аныктауға жәрдем береді.
Үрықтану жағдайы, ата анасының жас мөлшері, анасының жүктілік кезіндегі 
денсаулығы, босануы. Туылу кезіндегі баланың жағдайы.
Баланың өсуі мен дамуы. Баланың мінез-кұлкы: сабырлы, карымкатынас- 
шылдығы, ашушаң, ұялшақ, қорқақтығы және т.с.с. Басынан өткен аурулары, 
жарақаттары, олардың асқынулары. Үйқы кезінде сөйлеу, жүру, кіші дәретін 
ұсай алмау, ұстамалар, коркыныштар, материалдык-тұрмыстык жағдайлар, 
отбасындағы жағдайлар, тәрбие ерекшеліктері.
Мектептегі кезең:
Окуға кабілеті, мектептегі, отбасындағы мінез-кұлкы, 
мінезінің қалыптасуы, жы нысты қ жетілуі, сол жастағы ауырған аурулары, 
олардың церебралды және психикалык салдары.
Осы кезеңдегі материалдык-тұрмыстык жағдайы: жанұядағы жағдайлар, 
тәрбиелену ерекшелігі — тәрбиенің катаңдығы немесе ерекше камкорлык, өз 
бетімен аса еркін жүруі, «отбасы кумирі» болуы.
Оқу жалғастыруы, мамандық алуы, әскери қызметте болуы.
Тулға дамуы:
әлеуметтік өсуі, әлеуметтік статусы — отбасы, мамандығы, 
атқаратын қызметі. Мінезінің, қызығушылықтарының, парыздарының түзілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет