480
4-Қосымша
парамнезиялар — кофабуляция, псевдореминисценция. «Бұрын басынан
өткен», «бұрын көргендік», «бұрын естігендік» сезімдерінің болуы.
• Зейін бұзылыстары: зейінін жинақтау қабілеті (қойылған сұрақтарға мән
беру қабілеті), оның әр түрлі бұзылыстары — шашыраңқылығы, зорығуы,
патологиялық тұрақтылығы.
• Ойлау бұзылыстары: екпіні бойынша — баяу, жылдам, тоқтаған. Байла-
нысы бойынша — мағыналық, логикалық және грамматикалық. Мақсат-
тылығы бойынша — патологиялық байымды, персеварация, резонерлік.
Мазмұны бойынша ойлау бұзылысы — аса
бағалы ж әне сандырақтық
идеялар, олардың мазмұны және логикасы, аргументация сипаты, сенім
дәрежесі, дәлелдер келтірудегі белсенділігі.
• Сөйлеу бұзылыстары: екпіні, түсініктілігі, кекештену, эхолалия, неологизм,
мутизм.
• Интеллект жағдайы: Науқастың мектептегі, тұрмыстағы,
арнайы білім
орындарында алған білімі ж әне олардың науқастың білім дәрежесіне,
өмірлік тәжірибесіне сәйкестігі. Оқуға, білімін толықтыруға қабілеті,
дағы ларды игеруі. О йлау сипаты : ұғымдарды біріктіру, ажырату
қабілеті, мақал-мәтелдердің түсінуі, қанатты қағидалардың астарын
ұға білуі.
• Эмоция бұзылысы: науқастың көңіл-күйі — мазмұны, күші, тұрақтылығы.
Науқас жағдайы: нашар,
қанағаттанарлық, көтеріңкі. Аффективті қоз-
ғыштығы: тітіркенгіштік, аффективті күй күші мен ұзақтығы, олардың
вегетативті ж әне психомоторлық көріністері. Эмоциялық лабильділік,
боскөңілділік. Екі жүзділік (амбиваленттілік) және сезімдердің бұрмалануы.
Ж оғарғы дәрежелі сезімдер сипаттамасы (этикалы қ,
эстетикалық,
интеллектуальдық). Эмоциялық сфераның жалпы бұзылыстары — апатия,
эмоциялық дефект.
• Әуестік бұзылысы: тағамдық, жыныстық, өзін сақтауға бағытталған
әрекеттер, сандық, сапалық өзгерістер.
• Қозғалыстық-еріктік сфера бұзылысы: психомоторлы белсенділіктің қозу
деңгейіне дейін күшеюі немесе ступор деңгейіне дейін төмендеуі.
Кататониялы қ симптомдар — эхопраксия, негативизм, балауыздық
иілгіштік, импульсивті әрекеттер. Еріктің жалпы күшеюі
мен төмендеуі
(абулия деңгейіне дейін). Галлюцинациялармен, сандырақпен, пато-
логиялы қ әуестікпен, сана бұзылысымен байланысты жүріс-тұрыс
бұзылысы.
• Дертін мойындау және ол жөніндегі күйзеліс: жеткіліксіз, жоқ, әсіреленген,
адекватты.
• Мимикасы, пантомимикасы, жүріс-тұрысы: мимикасы жанданған, адек-
ватты, амимия, парамимия. Күйзелістеріне қозғалысының сәйкес келмеуі.
Бақылау барысында науқастың тәртібі мен сыртқы әлпеті: кабинетке қалай
кіргені, амандасқаны,
отыру қалпы, киінгені. Нұсқауларды орындауы:
дәл, тез және т.б.
• Науқастың бөлімшедегі тәртібі: қарым-қатынасқа түсуі, бөлім режимін
орындауы, еңбек үрдісіне және мәдени шараларға қатысуы.