Шопенгауэрдің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы
Ницше Фридрих (1844-1900) ары карай дамытып, өзінің “Билікке
ұмтылған жігер” деген концепциясын курды. Негізгі еңбектері: “Музыка
рухынан трагедияның туындауы”, “Заратуштра осылай деген”, “Билікке
ұмтылған жігер” т.б.
Ницшенің пікірінше, өркениет (цивилизация) пен мэдениетге
кулдырау процесі басталды. Бұған кінэлі тек буржуазиялых коғам ғана
емес, жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жаткан кұбылыстарды
дұрыс түсіндіре алмауы басты себептердің бірі. Осы тұрғыда Ницше өз
концепциясының негізі етіп дарвинні” “Өмір дегеніміз күрес” заңын
алды. Бұл идеяны ары карай дамыта отырып, Ницше өмір дегеніміз
күрес аркылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Осы концепция
негізінде ол жоғарғы дәрежедегі биологиялық тип — “аса күшті адам”
мұратын қалыптастыру керектігін дэлелдеуге тырысты. Оның ойынша,
өмірдің киыншылықтарына, сокпактарына карсы тура алатындай “аса
күшті адамдар” баскалардың тәрбиесімен, немесе өзін-өзі тэрбиелеу
аркылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің аркасында
қалыптасады. Тек осындай “аса күшті адамдар” ғана өмір сүруге, немесе
билікке ұмтылуға кұкықты, сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтін
коғамда калыптаскан моральдық өлшемдерді мойындамай, жақсылыктан
да, жамандықтан да аулак жүреді. Егер олар карапайым адамдардан
ерекшеленгісі
келсе,
өздерінің
жалкаулықтарынан
арылып,
ар-
ождандарының дауысы тыңдап, өзімен-өзі болуы керек, эйтпесе
манекенге айналып, жұртты” ойлағанындай ойлап, соларды” істегенін
істейді. Оларды тобырлардан (қарапайым адамдардан) ерекшелендіретін
касиеттер - алғырлык, жан-жакты дамыған әдемілік жэне билікке
Достарыңызбен бөлісу: |