карастырады.
Біздің заманымыздың II ғасырынан бастап, алғашқы христиандык
ойпшлдардың ілімдерін жинактап, кейін апологетика (корғау) деп
аталып кеткен діни-философиялык бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері:
Юстин (100-167 жж), Тациан (II ғ. екінші жартысы), Тертуллиан Квинт
Септимий Флоренс (160-222 жж) т.б.б олар ѳз ілімдерінде христиан діні
мен ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған
маңызды да күрделі мәселелерді кѳтеріп, оларға ежелгі
грек
философтарынан гѳрі тереңірек, аукымды жэне ұтымдырак жауап
береді, сондыктан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен
ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылықка ала отырып,
жаңа грек философиясының орнына басатын христиандык діни-
философия жасауға бар күнггерін салды. Барлык нақтылыктың денесі
бар. Құдай - нактылык. Демек, кұдайдың да денесі бар. Жалпы
нақтылық уакыттық бастамасы жок (Тертуллиан). Осы тұрғыдан
апологеттер платоншылар мен гностиктердің тэн және жан туралы
ілімдерін сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік
кағидаларының артыкшылығын ескере отырып, оны мемелекеттік дінге
айналдыру кажет деген идеясы, кұдайдың мэні мен табиғаты, әлемнің
жаратылуы, адам табиғаты жэне өмір сүру максаты туралы көтерген
мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы - патристика,
схоластика кезендерінде өз көріністерін тапты.
Патристика
деп шіркеу әкейлерінің діни философиялык
ілімдерін
айтады
(ІѴ-ѴІ
ғғ).
Негізгі
өкілдері:
Климент
Александрийский, Амвросий, Майландский (340-397 ғғ), Аугустин (III-
VI) т.б. ІІІ-ІѴ ғасырларда жүйеленген бул діни ілімде алғашқыда
Достарыңызбен бөлісу: |