теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік - бүл аулантүрліліктің тұгастығы, өзінше кұндылык емес, тек адамға қатынасында ғана кұндылық. Табиғаттың өзінде үйлесімділік те, ырғак та, тепе-тевділік те зақды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының кұндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы - бүл адамзат мәдениетінің күбылысы. Эстетикалык құндылықтардың категориялдык талдауын эстетикалықтың мазмұнының өзінен бастаған дұрыс. Эстетикалыктың аксиолологиялык түсіндірілуі эстетикалык құндылыктардың накты формаларын карастырудың бастапкы позициясы ретінде кызмет аткарады. Эстетикалык - бүл әсемдікке, тұрпайылыкка, аскактыкка, таяздыкка, трагедиялықка, комедиялықка жэне өзге де өнер мен өмірдің сипаттамаларына тэн жалпылыкты бйнелейтін эстетиканың ең кең жэне фундаменталды категориясы. Эстетикалыктың ең жоғарғы көрінісі өнердің кейпіне енетін әсемдік болып табылады. Демек, әсемдік - бұл “адам” туралы ұғымдардың бірі, өмірдің барлык күрделілігі мен терендігін қамтитын оның аныктамаларының бірі. Тек накты өмірді ғана емес, әсіресе тарихтың өтпелі кезендерінде өзі тудырған өмірлік әлемнің шеңберінен тыска шығып, адамзатты прагматикалык немесе утилитарлык өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де камтиды. Әсемдік эстетикалык құндылык ретінде адамзат мәдениетінің тарихында, ең алдымен антикалык философияда терең теориялык түрғыда талданған еді. Софистердің бізге дейін жеткен шығармаларының көпшілігі эстетикалык мәселелерге арналған. Мысалы, “ Dialexeis“ деп аталатын трактатты алуға болады. Бүл шығарманың алты тарауының екіншісі