Оқулық құрал «Алгоритмдер»



бет31/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии

Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті арқасымен жатқызу
Резеңкелі қолғап кию
Жауырын астына валик салу, басы шалқаю үшін
Блокадаға қарама-қарсы жаққа басын бұру
Блокада жағында, қолын дененің ұзындығы бойынша орналастыру
Төс-бғана бұлшық ет аймағында теріні 2 рет спиртпен өңдеу.
Блокаданы өткізетін дәрігер!
Пациентті қадағалау. Егерде блокада дұрыс өткізілсе-блокада өткізілген жақта беті қызарады, көзінің қарашығы кішірейеді.


64.Паранефральдық блокада өткізген кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі


Көрсеткіші: бүйрек, бүйрек маңайындағы клетчатканың жарақаты, аурулары
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті сау жағына жатқызу
Резеңкелі қолғап кию
Бел аймағына валик салу
Сау жағында аяқты тізе, жамбас буында бүгу
Ауырған жағынан аяғын жіберу
Ауырған жағында қолын жоғары орналастыру
2 рет спиртпен залалсыздандырылған салфеткамен омыртқа-қабырға бұрыш аймағын өңдеу.
Блокаданы өткізетін дәрігер!


65.Шәует байламының блокадасындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі


Көрсеткіші: бүйрек коликасы, ер адамдардың жыныс ағзаларының жарақаты және аурулары
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті арқасымен жатқызу
Резеңкелі қолғап кию
Ума аймағында залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен теріні 2 рет өңдеу
Шприцке 2%-5 мл новокаин ерітіндісін алу
Ума түбіне тері ішіне новокаин енгізу
Инені алып, оның орнын спиртпен өңдеу
Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез.ерітіндіге орналастыру
3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады.


66.Жатырдың домалақ байлам блокадасындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: бүйрек ұстамасы, әйел адамдардың жыныс ағзаларының жарақаты және аурулары.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті арқасымен жатқызу
Резеңкелі қолғап кию
Шап аймағында залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен теріні 2 рет өңдеу
Шприцке 2%-5 мл новокаин ерітіндісін алу
Шап аймағына тері ішіне новокаин енгізу
Инені алып, оның орнын спиртпен өңдеу
Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез.ерітіндіге орналастыру
3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет