56.Беткей анестезияны өткізу
Офтальмология, оториноларингология, стоматологияда, бронхоскопия, гастроскопия, цистоскопия, ларингоскопия өткізген кезде қолданылады.
Анестетиктер:
кокаин 1%, 2%, 3% - 5 мл;
дикаин 0,5% - 5 мл;
лидокаин 2% - 5 мл;
хлорэтил 30 мл
анестетиктің әсерін ұзарту үшін адреналин ерітіндісін қосады (анестетик ерітіндісінің 1 мл – 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісін 1-2 тамшы.
Іс- әрекет алгоритмі:
Теріні, кілегей қабатты тампонмен өңдеу
Пипетка арқылы 3-4 тамшы тамызу
Аэрозольды дененің бетінен 25 см арақашықтықта шашырату.
57. Инфильтрациялық қабатты Вишневский арқылы анестезия өткізген кезде іс –әрекет алгоритм
Көрсеткіші: Жараға алғашқы хирургиялық өңдеу өткізген кезде, іріңдіктерді тескенде.
Анестетиктер: новокаин 0,25% - 500 мл; новокаин 0,5% - 250 мл;
Құрал -жабдықтар:
залалсыздандырылған лоток;
марлялы дәке;
2 пинцет
Шприц 20 мл;
Инелер, бұлшық ет инъекциясына арналған;
1% йодонат;
70% этил спирті;
новокаин ерітіндісі
резеңкелі қолғаптар
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Резеңкелі қолғап кию;
Теріні 2 рет залалсыздандырылған салфеткамен йодонат пен пинцет арқылы өңдеу, содан кейін спиртпен ортасынан шетіне дейін.
Шприцке новокаин ерітіндісін алу.
Тері ішіне инъекциялық инені енгізу.
«Лимон қабыршағы» пайда болғанша новокаинды ақырын жіберу.
Инені тері ішіне қабатымен (майлы клетчаткаға, бұлшық етке) терең енгізу, новокаин жіберу.
Инені алып, 3-5 минут өткен соң манипуляцияны жүргізу.
58.Футлярлық анестезия өткізген кездегі іс-әрекет алгоритмі
Көрсеткіші: аяқ- қолға операциялар, манипуляциялар жүргізгенде, сүйек сынығында, ұзақ уақыт қысылу синдромында жансыздандыру үшін.
Анестетик: новокаин 0,25% - 500 мл
Достарыңызбен бөлісу: |