Оқулық құрал «Алгоритмдер»



бет51/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии

Іс-әрекетінің алгоритмі:
Ішке мұзды мұйық қою
Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик
Хирургия бөліміне тасымалдау
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау
Сіреспенің алдын алуын шешу


Естк қалдыру: Жансыздандырмаймыз! Су ішуге болмайды!
Жарақат шогында қолдануға болады азоттың қос тотығын оттегімен бірге 1:1, немесе 1:2, көктамырға полиглюкин 500 мл, бұлшықетке 2 мл кордиамин. Қансырауда көктамырға 10% 10 мл хлорид кальций.


119.Іштің өтпелі емес жарақаты шұғыл көмектегі іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жара аймағын антисептикпен өңдеу
Жараға асептикалық байлам салу
Жараға мұзды мұйық қою
Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу
Хирургия бөліміне тасымалдау
Сіреспенің алдын алуын шешу


120.Іштің өтпелі жарақаты, ішкі ағзалардың ақтарылуындағы іс-әрекетінің алгоритмі


Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик
Жара аймағын антисептикпен өңдеу
Ақтарылған ағзалардың маңайында мақталы валик салу
Дымқыл асептикалық байламмен ағзалардың үстін жабу
Көктамырға полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы
Травмалық шоқ жағдайда азоттың қос тотығы оттегімен бірге 1:1, 1:2.
Хирургия бөліміне тасымалдау
Сіреспенің алдын алуын шешу
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Есте қалдыру: Су ішкізуге болмайды!


121.Өткір іштегі іс-әрекетінің алгоритмі


Өткір ішке кіреді-өткір аппендицит, өткір холецистит, өткір панкреатит, перитонит, өткір ішектің түйілуі, асқазанның тесілу жарасы, мезентериальды тамырлардың тромбозы.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды көлденең зембілге жатқызу, тізе астына валик
Ішке мұзды мұйық қою
Хирургия бөліміне тасымалдау


Есте қалдыру: қолдануға болмайды-жылтқыш қою, ішті босататын дәрілер беру, ішті тазалау, асқазанды жуу, жансыздандыру, су ішкізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет