Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу . Өз бетінше талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сілтеме
Оқулық, сабақ жоспары,интернет көзі,3-деңгей нұсқаулығы т.б.
Оқу нәтижесі
Ар-ұят туралы білімдерін кеңейтеді, Өлең талдау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, ауызекі сөйлеу тілі дамиды. Бір-бірін тыңдап, әрі еркін сөйлеп үйренеді. Өз ойын, аз сөзбен түйіндеуге, пікір айтуға дағдыланады, шығармашылық қабілеттері мен білімдерін кеңейтеді.Бірін-бірі бағалайды Өлеңді мазмұнын түсіну арқылы сыни көзбен қарау дағдысы қалыптасады, ойлау дағдылары жетіледі.
Негізгі идеялар
Шығарманың көтерген проблемасын айқындап,ұят туралы білімдері кеңейеді.
7 модульдің қолданылуы
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Оқыту әдістері
Теңге алу» «Көрініс» «СКТ» кесте ,бағалау парақтары
Шығыс Қазақстан облысы,Катонқарағай ауданы,Катонқарағай ауылы ,
« Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абенова Сәуле Ерғабылқызы
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Барлық оқушыны ортаға шығарып жартылай шеңбер құрғызамын. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі бойынша шаттыққа бөленеміз. Оқушы : Мен қазақпын... Мұғалім : ... мың өліп мың тірілген- деп ары қарай өлең шумақтарын оқушы санына қарай жатқа айтып, жалғастырады. Жартылай шеңбер жасап мен қазақ деген сөзді мақтанышпен айтып тұрады. Шашу-шашу шашылсын,Күннің нұры ашылсын! Шашу-шашу шашайық, Топта жұмыс жасайық! Топқа бөлдіремін. (ар,намыс,ождан) Кәмиттер арқылы ар,намыс,ождан топқа бөлінеді.
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалу.
Қызығушылық
тарын ояту
Диалог арқылы сұрақ- жауап сәтін өткізу.
Жағдаяттық сұрақтар беру.
-Ұят,ождан,ар деген сөздерді қалай түсінуге ,елестетуге болады?
-Өз бастарыңнан қатты ұялған кездерің болды ма,қандай сезім бойларыңды билейді?
Оқушыларға дараланған тапсырмалар беріледі. Сұрақ : Қазіргі кезде арсыздық,ұятсыздық адамдар арасында жиі көріністауып жүрген жоқ па? Ол неден туындайды деп ойлайсыңдар?
Әр оқушы өз қалаулары бойынша тапсырманы өз топтарында жеке-жеке орындайды. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Тапсырмалар арқылы бар білімдерін топпен талқылап орындайды. бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды