Оқулық шымкент, 2018 жыл


Отпен қызатын стерилдеу-инфундирлік аппараты



Pdf көрінісі
бет218/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Отпен қызатын стерилдеу-инфундирлік аппараты. 
Отпен қызатын 
стерилдеу-инфундирлік аппараты дәрілік өсімдік шикізатынан сулы 
сығынды дайындауға және де дәрілік препаратты ағынды бумен 
стерилдеуге арналған. Аппараттың негізгі бөлігі су моншасы, онда көлемі 
250 және 500 мл инфундирлік стақандарына арналған ұяшықтары бар. 
Моншаның ішкі бөлігінде заттарды стерильдеуге арналған тор орналасқан. 
Су моншасы алюминийден жасалған. Оның қыздырылуын газды плитада, 
токты плитада және т.б. жүргізуге болады.
Өнеркәсіпте тоқпен қызатын стерилдеу-инфундирлік аппараты 
шығарылады. 
Экстракт-концентраттарды 
пайдаланып 
тұнбалар 
мен 
қайнатпаларды дайындау. 
Экстракт-концентраттар – тұнбаларды 
дайындау үшін қолданылатын дәрілік өсімдік шикізатынан алынған 
стандартталған концентрленген сығындылар. Экстракт-концентраттар 
зауытта, фабрикаларда дайындалады. 


288 
ҚР ДСМ 15.12.04 жылғы N 142 бұйрығының 22 тармағына сәйкес: 
сулы сығындылар алу үшін дәрілік өсімдік шикізатының орнына экстракт-
концентраттарды қолдануға болады. Олар сұйық 1:2, құрғақ 1:1, 1:2 болуы 
мүмкін. Бұл жағдайда жазылым құрамындағы дәрілік заттардың концентрлі 
ерітінділерін қолдануға болады. 
Өндірісте шығарылатын экстракт-концентраттар 
Құрғақ экстракт-концентраттар - Extracta sіcca standartіsata 
Жалбызтікен құрғақ экстракт-концентраты 1:1
 
– Extractum Althaeae sіccum
standartіsatum 1:1
 
Термопсис 
(ақмия) 
құрғақ 
экстракт-
концентраты 1:1
 
– Extractum Termopsіdіs
sіccum standartіsatum 1:1
 
Жалынгүл құрғақ экстракт-концентраты 1:1 
– Extractum Adonіdіs vernalіs
sіccum standartіsatum 1:1 
Меруертгүл құрғақ экстракт-концентраты 1:2 
– Extractum Convallarіae
sіccum standartіsatum 1:2 
Дигиталис құрғақ экстракт-концентраты 1:1 
– Extractum Dіgіtalіs sіccum
standartіsatum 1:1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет