Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет166/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы:
Фарфор табақшада 2,0 г крахмалға 8 мл салқын 
тазартылған су қосып араластырады. Алынған суспензияға 45 мл қайнап 
тұрған су қосады (жазылым бойынша 90 мл су, оның 45 мл натрий бромидін 
ерітеді). Қоспаны араластыра отырып, қоюланғанша қыздырады. Суытып, 
оған 45 мл тазартылған суда ерітілген натрий бромидінің ерітіндісін 
бөлшектеп қосады. Араластырады, босататын құтыға 2 қабат дәке арқылы 
сүзіп, құяды. Ерітінді салмағын 102,0 г дейін сумен жеткізеді. Құтыны 
тығындап, безендіреді. 


232 
Крахмал шырышы сақтау кезінде тез тұнбаға түседі және ол 
микрофлора дамуына өте қолайлы орта, сондықтан құтыны ескерту «Салқын 
жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Қараңғы жерде сақта» деген 
этикеткаларымен 
безендіру 
қажет. 
Крахмал ерітіндісі 
салмақпен 
босатылады. 
Метилцеллюлоза (МЦ) ерітінділері.
МЦ ақ немесе әлсіз сарғыш түсті 
талшықты үлпектер, тек суық суда ериді. Егер МЦ алдын ала ыстық сумен 
өңдесе, еру процесі жылдам жүреді (судың көлемі ерітіндінің көлемінің 0,2-
0,5 бөлігін құрауы керек). Содан соң суық суды қажетті көлемге дейін 
жеткізіп, МЦ толық ерігенше араластырады. Мөлдір ерітінді алу үшін МЦ 
еріту процесінде мұзбен салқындату немесе мұздатқышқа қою қажет. 
Мысалы, 5% МЦ ерітіндісін дайындау үшін, затқа 50 мл тазартылған су 
құйып, 80-90 
0
С температураға дейін қыздырады да бөлме температурасында 
ісінуге қалдырады. 2 сағаттан соң еріткіштің қалған мөлшерін қосып, 
араластырып, 10-12 сағатқа МЦ толық ерігенше мұздатқышқа қояды. 
Түзілген мөлдір ерітіндіні вакуум астында шыны фильтр арқылы сүзеді. 
Натрий-карбоксиметилцеллюлоза (Na-КМЦ) ерітінділері.
Na-КМЦ 
сұр түсті, дәмсіз, иіссіз, аморфты ұнтақ. Суық суда да, ыстық суда да жақсы 
ериді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет