Оқулық, слайдтар, Негізгі түйін: Абай -кемеңгер ақын, қазақ жазбаа әдебиетінің басында тұрған ұлы ақын



Дата31.12.2019
өлшемі16,97 Kb.
#53977
түріОқулық

Әдебиет

8-сынып

Тақырыбы: Абай- дана, Абай -дара қазақта

Мақсаты: 1.Абай шығармашылығына шолу жасау, «Қазақтың бас ақыны» мақалачсы бойынша жұмыс, Абайдың балалық шағы туралы әңгімелеу



Ресурстар: оқулық, слайдтар,

Негізгі түйін:Абай –кемеңгер ақын, қазақ жазбаа әдебиетінің басында тұрған ұлы ақын

7 модульдің қолданылуы

АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, жұптық жұмыс

Түрлі деңгейдегі оқушыларға назар аудару

Күтілетін нәтиже: Абай шығармашылығына шолу жасалады,

Сабақты өту кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

1. Сәлемдесу

2.Психологиялық дайындық, топтастыру ( 2мин)



Амандасу, түгендеу.

-үй жұмысын сұрау



-ыстық орындыққа шығады;

Абайдың өмірбаянын айтады, сұрақ- жауап ұйымдастырылады



Үй








Жаңа сабақ. 1. Ғаламтордан видеофильм көреді; ( 2 мин)

2. Слайдтар арқылы Абай өмірімен танысады. (10 мин)


Жаңа сабақты меңгергенін тексеру тапсырмалары. (10 мин)
Топтарға деңгейлік тапсырмалар таратылып беріледі.

1-тапсырма

1-деңгей. Абайдың балалық шағы туралы таныстырылым жасаңыз.

2-деңгей.Абайдың жасы биыл он үшке толған еді... ол өзіне бір ерекше ермек тапты...

Ол қандай ермек? Әжесінен ертекті қалай сұраушы еді? Қандай ертегілер естіді?

Ал анасынан ше?

Үйге келген екі қонақ жайлы айтып беріңіздер.

3-деңгей. «Бала да болса зерек Абай» тақырыбында эссе жазыңыздар.

4–деңгей. Қазақ тілімен байланыстыра отырып, фонетика саласы бойынша сатылай комплексті талдаудың математикалық жолымен белгісіз сөзді тапқызу


2-тапсырма

1-деңгей.Абайдың оқу, білім туралы шығармашылығына тоқтал. 1889 жылға дейін Абай шығармаларын кімнің атынан жариялады? Қалай қайтарып алды?

2-деңгей. Әке мен бала ауыл сыртында отыр. Құнанбай Абайға: «Жайдақ су секілдісің...» дегенде

Абайдың әкеге берген жауабын айтыңыз. Сіз не жауап айтар едіңіз?

3-деңгей. «Елінің қамын ойлаған Абай» тақырыбында эссе жазыңыздар.

4–деңгей. Қазақ тілімен байланыстыра отырып, фонетика саласы бойынша сатылай комплексті талдаудың математикалық жолымен белгісіз сөзді тапқызу



3-тапсырма

1-деңгей.Абайдың аудармалары мен сазгерлігі туралы айтып беріңіз.

2-деңгей.»Қазақтың бас ақыны» мақаласын жазған кім? Онда Абай таралы қандай ой айтылған?

Мақала туралы қысқаша тоқталып өтіңіз.

3-деңгей. «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазыңыздар.

4–деңгей. Қазақ тілімен байланыстыра отырып, фонетика саласы бойынша сатылай комплексті талдаудың математикалық жолымен белгісіз сөзді тапқызу


Оқулықпен жұмыс (3 мин)



А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқыту



«Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, негізгі айтылған ойды табады

Өз бетінше жұмыс (3 мин)



Сергіту ретінде оқушыларға тақырыпқа байланысты сатылай кешенді талдаудың ма тематикалық жолымен «Өлеңдері», «Аудармалары», «Әндері» деген сөздердің шешуін тапқызу

Математикалық жолмен «Өлеңдері», «Аудармалары», «Әндері» деген сөздердің шешуін табады

Сабақты бекіту

(5 мин)

Сабақты қорыту

(1 мин)


Сабақ бойы кездескен сандарды «Құндылықтар спектрі» стратегиясы арқылы еске түсіре отырып, сабақты бекіту. Оқушыларға «Абай кім?» деген тақырыпта тортастыру жасату.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма, Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»-деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай,. әрбір адам Абайды өзінше ашып, өзінше танып білуге міндетті.


Оқушылар көрсетілген сандар арқылы Абай өмірінде болып жатқан оқиғаларды айтады, топтастыру жасайды.

Рефлексия (1 мин)

«Екі тілек, бір жұлдыз» арқылы сабаққа рефлексия жасату

Өздеріне ұнаған жақтары мен тілектерін айтады.

Бағалау

(1 мин)


Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін деңгейлік бағалау парағы беріледі. Оқушылар сабаққа қатысу мүмкіндіктеріне қарай бағаланады.

Топ жетекшісі деңгейлік тапсырма- ны бағалау парағына жауап берген топ мүшелерін белгілеп береді.

Үйге тапсырма (1 мин)

«Өлең - сөздің патшасы» өлеңін жаттау, Елбасының сөзіне «Екі күнделік» жазу, баласы Әбдірахман туралы ғаламтордан мәлімет әкелу.

Күнделіктеріне үй жұмысын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет