Оқулық, суреттер, сызбалар Әдіс-тәсілдері «Миға шабуыл» әдісі, сарамандық жұмыс, жеке-топтық жұмыстар



Дата26.08.2017
өлшемі45,04 Kb.
#28852
түріОқулық
Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы

Су. Табиғаттағы су айналымы.

Міндеті

Судың қасиеттерін еске түсіру, табиғаттағы су айналымы туралы білімдерін қалыптастыру; Сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік жасау, шығармашылықтарын дамыту;

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже

Табиғаттағы су айналымы туралы түсінік қалыптасады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, сызбалар

Әдіс-тәсілдері

«Миға шабуыл» әдісі, сарамандық жұмыс, жеке-топтық жұмыстар

Сабақ жоспары




Сабақтың жүрісі

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


Ұйымдастыру


2 минут

Амандасу. Психологиялық дайындық

Туған жер – қамқор анамыз,

Біз болашақ панамыз.

Шаттық берген өмірде,

Шамшырақтай жанамыз.





Үй тапсырмасы

5 минут

Өткенді пысықтау





Қызығушылығын ояту


3 минут

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, судан әрең өтіп келе жатқан екінші түйеге қулана қарады. Неге? Қандай жағдай болды?

Тұз суда еріп кетеді


Негізгі бөлім


25 минут

«Аялдама» әдісі

- сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушының қаншалықты білім деңгейінің барын анықтайды,

1. Сенің денеңде қаншалықты су бар?

- Адам ағзасында неше су барын есептеу.



өз салмағын 3-ке бөліп, шыққан санды 2- ге көбейтеді.

- Мысалы: 1 тонна қағаз жасау үшін 250 тонна тұщы су жұмсалады.

- Судың күйі неге байланысты болады?

- Табиғатта судың үш күйде кездесетіндіктерін айттыңдар.



Судың күйі

Түрлі себептер

1. Қатты мұз күйінде

Температура 0 C-тан төмен

2. Cұйық

0 C-тан жоғары

3. Газ тәрізді

0 С- тан жоғары,

100 C қайнайды.



- Судың осы күйлерін қашан және қайдан көруге болады?

І топ. Тақтаны су шүберекпен сүрткен соң не болады?

ІІ топ. Жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?

ІІІ топ. Бұлт қалай пайда болады?

ІV топ. Жуылған су киім біраздан кейін кеуіп қалады. Сонда су қайда кетті?

- Жаздыңгүні таңертең далаға шығып, көгалда жүрсең не байқар едің?



Оқулықпен жұмыс

- Мәтінді оқу



Суретпен жұмыс

Проблемалық сұрақ

Су. Жер бетінен жойылып кетсе, не болар еді?

Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы үшін не істеу керек?

Суға қауіп төніп тұр дегенді қалай түсінесіңдер?


Топпен жұмыс

мәтінді оқиды.

Дәптерге табиғаттағы су айналымын түсіреді.




Рефлексия

Сабақты бекіту

6 минут

  • Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?







Сабақты бағалау

2 минут

Бағалау




Үйге тапсырма

2 минут

Су біздің үйімізге қалай келеді, не арқылы? 

Күнделіктеріне жазады.

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

Боранқұл орта мектебі

Нурекешова Тойган

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет