Оқытудың жобалау технологиясы. Бұл жүйенің негізіне Дьюи,
Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған:
-
бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды;
-
іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;
-
балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу;
-
шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін
мәліметтер де өте маңызды.
Ғ-қосымшада оқытудың жобалау технологиясында оқушы мен мұғалім іс-
әрекетінің жүйесі ашылды.
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден
барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі”
деген кітабында жобалау
әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.