Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет48/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 

 
бұл ішкі және сыртқы, 
басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның 
қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты 
түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
 
Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық, шығармашылық, ізгілік, 
көпфункционалдық сипаты
.
Мұғалім мамандығының маңызды ерекшелігі – ол «Адам-Адам» 
жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақ, ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа 
мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана 
ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, 


33 
отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық 
бастау алады. 
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері: гуманистік сипаты; 
ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; шығармашылық сипаты; 
қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты 
және т.б. (9-сурет). 
Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып 
табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-
әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. 
Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды 
шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады.
Мұғалім мамандығы – шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. 
Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық 
педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен оның мазмұнын тиімді 
құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық 
міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды

Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін, 
іскерлігін, құзыреттілігін қажет етеді.
Ал құзыреттілік – тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі 
және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе 
алатын қабілеті, іскерлігі. 
Педагогикалық іскерлік негізінде мұғалімнің кәсіби деңгейі, өз пәнін
жақсы меңгеруі, психологиялық-педагогикалық теорияны жақсы білуі
сондай-ақ жеткілікті дамыған кәсіби тұлғалық қасиет пен сапаның болуы
оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жеткілікті дәрежеде жүзеге асыруға 
мүмкін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет